КІРІСПЕ
1.«Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» деп кім айтқан?
А. Стронг,Вард,Грант/2011/ 6 бет
2. «Оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді» деп кім айтқан? 6 бет
А.Варвер мен Моучад/2007/
3. «Конструктивті» қандай мағынада қолданылады? А.Сындарлы 6 бет
4. Сындарлы теорияны оқытуға негізделген кең тараған тәсіл деген кім? 6 бет А. Һати/2009/
5. Сындарлы оқытудың мақсаты не А. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін кез – келген жерде тиімді пайдалана алуын қамтамасыз ету. 6 бет
6. Оқыту туралы сындарлы түсінік нені талап етеді? А.Мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. 6 бет
7. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние не? А. Жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында лоармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін түсінуі. 7 бет
8.Психологтар «сенім» ұғымын немен байланыстырады?
А. Адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. 7 бет
9. Социологтар немен байланыс-тырады? А. Негізгі құндылық есебінде көрсетеді. 7 бет
10. «Білім беру сызбалары» неден құралады? 7 бет
А.Сенім,көзқарас,шешім,іс-әрекет
11. Мұғалімнің сенімі туралы айтқан кім? А.Пажарес/1992/ 7 бет
12. Пажарес: мұғалімнің білім беру стильін таңдауында ненің ықпалы күштірек деп сендіреді?
А.Мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді. 7 бет
13.Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне не әсер етеді?
А.Оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар 7 бет
14.Мұғалім жұмысының тиімділігін анықтау өлшемдері қандай?
А.Жетістіктері, біліктілігі, оқыту үдерісі/оқыту әдістері/,оқыту нәтижесі/оқушының білім алуына ықпал етуі немесе барлық факторлардың жиынтығы. 8 бет.
15.Оқытуда қарастырылатын неше көзқарас бар А.2 8 бет
16.Екі көзқарас қалай сипатталады?
А.Бірінші:оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі
Екінші:білім берудің оқушы мен мұғалім арасындағы қарым –қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. 8 бет
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
17.Құзырлы оқытудың маңызды факторы не?
А.Мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. 8 бет.
18. Шульманның «үш көмекші» деп атағаны не А.бас,қол,жүрек 8-9 бет
19.Шульман/2007/ мұғалімге тән қандай қасиеттерді көрсетеді?
А.Кәсіби түсінік,оқытудың тәжірибелік дағдылары,кәсіби тұтастық. 9 бет
20. Кәсіби түсінік немен байланысты? А.Бас 8 бет
21. Қол немен байланысты айтылады? А. Оқытудың тәжірибелік дағдылары 9 бет
22. Жүрек немен байланысты қаралады? А.Кәсіби тұтастық 9 бет
23. Кәсіби түсінікте не талап етіледі А.Тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді. /тәжірибені түсіну,дамыту, жетілдіру,зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді. 8 бет
24. Оқытудың тәжірибелік дағдыларына не жатады?
А.Ынталандыру,көтермелеу,шектеу,сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау 9 бет
25. Оқытудың тәжірибелік дағдыларында мұғалімге тән қандай белгілер талап етіледі?
А.Жұмыс жүргізу,демонстрациялау, түзету және оқытуды бағалау тәсілдері арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық ,тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. 9бет
26.Шульман ілімінде кәсіби тұтастықта мұғалімге тән қандай белгілер сипат алады?
А. Шыншыл,әділ,батыл,төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін адамдар. 9 бет
27.Құзырлы мұғалім нені реттеп отырады? А. Оқушыларға,ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін. 9-бет
28. Сапалы білім беру дегеніміз не?
А.Мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс. Оқушылардың, қоршаған орта және білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі. 9 бет
29.Оқытудың сапасын неше тәсіл арқылы анықтауға болады?
А.Екі 9 бет
30.Оқытудың сапасын анықтаудағы бірінші тәсіл қалай сипатталады?
А. Бағалау мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігінанықтау мақсатында жүргізіледі. 9 бет
31.Екінші тәсіл қалай сипатталады?
А.Кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты білім беруге ерекше көңіл бөледі. 9 бет
32.Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан білім беруді түсіну «Білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері» негізінде жатыр деп айтқан кімдер? 12 бет
А.Выготский, 1978 және Вуд,1998
33. «Диалог негізінде оқыту және оқу» кімдермен байланысты ?12 бет
А.Мерсер,1995 және Александр,2008
34. «Қалай оқу керектігін үйрету» кімдермен байланысты қаралады?
А.Флавел,1976 және Выготский,1978
35. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана қалай сипатта-лады?
А.Оқушыларды оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкешілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға көмектесу. 12-13 бет
36. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? 13 бет ойлау туралы ойлау
37.АКТ-ны білу дағдыларының негізінде не жатыр?
А. АКТ туралы білім, ақпаратты алу, бағалау,сақтау, өндіру, ұсыну,алмасу үшін қолдану және Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жеткізе білу. 13 бет
38. Инклюзивті тәсіл дегеніміз не? 13 бет дарын
39. «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу» қай модульмен тығыз байланысты?
А. Талантты және дарынды балаларды оқыту модульі 14 бет
40. Әртүрлі жас шамасында өз-өзін бағалауға жауапкершілікті зерделеу-ді жүзеге асыратын модуль?
А. «Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау» 14 бет.
41. «Білім беруді басқару және көшбасшылық» қай модульмен тығыз байланысты?
А. «Сыни тұрғыдан оқыту» модулімен байланысты 14 бет
42. Білім алу дегеніміз не?
А. Қол жеткен нәтижелер және пайдалы тәжірибе 15 бет
43. Нұсқаулықта оқу нәтижелерінің неше санаты қарастырылады?
А. Бес 15 бет
44. Білім алу-білімнің сандық ұлғаюы ретінде қалай сипатталады? 15 бет А.Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады. Негізгі міндет- «көп білу».
45. Білім алу есте сақтау ретінде қалай сипатталады? 15 бет
А. Нәтиже-қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.
46. Білім алу ақпарат жинақтау ретінде қалай сипатталады?
А.Нәтиже-есте сақталып,қажет болған жағдайда қолдануға да болатын факті, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы. 15 бет
47. Білім алу-мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде қалай сипатталады? 15 бет
А.Нәтиже-оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы.
48.Білім алу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде қалай көрінеді? 15 бет
А.Нәтижесі-әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.
49. «Дүкенге саяхат жасап қайтуға» ұқсайтын оқыту үдерісінің тұжырымдамалары? 15 бет
А. Білім алу-білімнің сандық ұлғаюы. Білім алу есте сақтау. Білім алу ақпа-рат жинақтау ретінде тұжырымдама
50.Психология саласында білім алу үдерісін зерттеушілердің неше тобы анықталды? А.Үш 16 бет
51. «Қалай білім алатынымызды» психология саласында зерттеуші-лер кімдер? А.Әлеуметтік психолог-тар,мотивациялық, афективті теоре-тиктер және когнитивті психологтар.
52.Осы зерттеуші топтарды бейнелеу аналогиясы қалай аталады?А. Тауға көтерілу 16 бет
53. Біздің қалай оқитынымызды түсінуге бағытталған «теориялық экспедициялардың» негізгі бағыттары?А.1.Неврология,аффективтік теориялар, әлеуметтік психология және когнитивті психология 16 б сурет
54.Когнитивті теоретиктер нені зерттейді? А. Белгілі бір материалды қабылдауға қатысты адамдардың санасында болып жатқан үдеріс мәселелерін зерттейді. 16 бет
55.Когнитивті үдерістерге не жатады? А.Есте сақтау, қабылдау және зияткерлік пен оның даму кезеңдері 16-17 бет
56.1960 жылдары когнитивті психология әлемінде кімнің теорисы басымдыққа ие болды?
А.Жан Пиаженің ойлауды дамыту теориясы 17 бет
57.Пиаже нені анықтады?
А.Кеңістік,уақыт және сандық аспектілерді қамтитын дамудың жалпы кезеңдерін анықтады. 17 бет
58.Пиаже «жалпы қабілет»деп нені айтты? А. Жеке тұлғаларда бірдей дамитын зияткерлік қабілеттер. 17 бет
59.Пиаже нені зерттеді? 17 бет А.Эпистемиялық субъектіні
60.Пиаже жаңа туған нәрестелердің білім алудың қандай үдерістеріне ие екені туралы болжады? 17 бет
А. Ассимиляция және бейімделу
61.Пиаже когнитивті тетіктердің көріністері ретінде нені қарастырады? А.Тіл және графикалық, музыкалық бейнелер сияқты таңбалардың жүйесі. 17 бет
62.Гарднердің зияткерлік қырлары туралы зерттеулерінде нені болжайды?
А.Әр жүйенің өзіне тән шығу тегі болатындығын және олардың мәдени,уақыттық мәнмәтіндер жүйесінде қолданылуы елеулі ықпал ететінін болжайды. 17 бет
63.Зияткерліктің өзара байланысын басып көрсету мүмкін емес деп ондай дәлелдемелердің басым бөлігін жоққа шығарған кім?
А.Говард Гарднер/2006/ 17 бет
64.Говард Гарднер зияткерліктің қырлары туралы не айтады?
А.субъектілер көп қырлы зияткерлікке ие деп есептеген. 18 бет
65.Зиатқа қатысты Роберт Стернберг ұсынған теория қалай аталады? А. «Үштік модель» 18 бет
66.Стернбергтің айтуынша,адами зияткерлік дегеніміз не? 18 бет
А.Адами зияткерлік-бұл «жеке тұлға өміріне қатысты шынайы ортаны бейімдеуге, іріктеуге және құруға бағытталған ой-әрекеті»/1985/
67. Зияткерлік дегеніміз не?
А. Зияткерлік жалғыз да тұрақты ішкі қасиет болып табылмайды, керісінше ол қоршаған орта ықпалына бейім түрлі компоненттерден тұрады. 19 бет
68.Ридли/2004/ ген туралы не айтады?
А.Ген біздің мінез-құлқымызды бақыламайды,алайда біздің тәжірибеміздің әсерінен өзгеріп отырады деп пайымдайды. 18 бет
69. «Тәрбиелеу болжамдары» кітабының авторы кім?
А.Джудит Харрис 18 бет
70.Нейровизуалдандыру әдістемелері нешеу?
А.үш 19 бет сурет
71.Ми қыртысы неше бөліктен тұрады? А.Бес: маңдай, төбе, самай, желке, мишық, жұлын. 20 бет сурет
72. Жүйке талшықтары қандай қызмет атқарады? А.Маңдай бөліктерінің осы ми орталықтарының әрқайсысында естелік түрінде сақталатын ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 20 бет
73.Маңдай бөліктерінің маңызды бақылау қызметтерінің бірі?
А.Ақпаратты сұрыптайтын /фокустік/зейін/Goswami,2006/ 20 бет
74.Ғылымда жадының неше түрі қарастырылады? А. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жады 20 бет
75. Ұзақ мерзімді жады қалай сипатталады? А.қажет кезінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат ретінде сипатталады. 20 бет
76.Loci әдісі деген не?
А. Орын әдісі 22 бет
77. Ол қандай әдіс? 22 бет
А. Есте сақталатын ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып, елестетуге негізделген ең белгілі мнемоникалық әдіс.
78.Lосi әдісін ойлап тапқан кім?
А. Джошуа фоер 22 бет
79. Мнемониканың маңызы не?
А. Өте жарқын визуалды образдарды құру. 22 бет
80. «Алып шығу тәжірибесі» тәсілін кім зерттеген?
А. Эндель Тулвинг 23 бет
81. шетел тілдерін оқудың ең тиімді тәсілін зерттеген американдық психологтар? А. Джефф Карпике және Роди Редигер 23 бет
82. Стандартты жаттау, қайта жаттау, қайта тестілеу стратегилары есте сақтаудың қай тәсіліне жатады?
А. Алып шығу тәжірибесі. 23 бет
83. Есте сақтау әдістеріне зерттеу жүргізген кім?А. Джон Саймонс/2012/
84. «құз жиектерін жалғастыратын көпір тұрғызушы» зерттеушілер кімдер? А. Госвами және Саймонс
85. Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген танымал ғалым?
А. Авраам Маслоу/1968/ 23 бет
86. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы неше сатыдан тұрады?
А. Бес 24 бет сурет
87. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясында бірінші қажеттілік қалай аталады? 24 бет
А. Биологиялық және физиологиялық
88. «Мен тұжырымдамасы» кім дамытты?А. Карл Роджерс 25 бет
89. мен тұжырымдамасының компоненттері қандай? 25 бет
А. Когнитивті, афективті және әлеуметтік
90. «Мен» тұжырымдамасы қалай сипатталады? 25 бет
А. Әртүрлі жеке сипаттамалары бар барлық аффективті және когнитивті компоненттердің үйлесуі
91. «Мен» тұжырымдамасын қорғап,қолдап тұратын неше мотив бар? А. Екі 25 бет
92. Олар қалай аталады?
А. Өзін-өзі сыйлау және өзін-өзі бақылау 25 бет
93. Өзін –өзі сыйлау «мен» тұжырымдамасының қандай параметрлеріне жатады?
А. Бағалау және эмоциялық 26 бет
94. өзін –өзі сыйлау мотиві неше компоненттен тұрады? 26 бет
А. Екі. Құндылық және тиімділік
95. Құндылық компоненті нені анықтайды?А. Жеке тұлғаның пікірінше оның қаншалықты қабылданғанын және бағаланғанын анықтайды. 26 бет
96. Тиімділік компоненті нені анықтайды?А. Жеке тұлға өзін нақты рөлде қабілетті және құзырлымын деп санайтындығын анықтайды. 26 бет
97. Бандура өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін неше факторды ерекшелейді?
А. 4 фактор: тәжірибе, пішіндеу, әлеуметтік сенім,физиологиялық факторлар 26 бет
98. Тәжірибе деген не?
А. Қол жеткізілген нәтиже. Игеру тәжірибесі 26 бет
99. «игеру тәжірибесі» қандай фактор?А. Жеке тұлғаның өзіндік тиімділігін анықтайтын маңызды фактор. 26 бет
100. Бандураның қай дакторында «қол жеткізілген жетістік өзіндік тиімділікті арттырады, ал сәтсіздік төмендетеді» деп айтылады?
А. Бірінші, тәжірибе 26 бет
101. пішіндеу деген не?
А. «Жанама тәжірибе»
102. «Жанама тәжірибе» негізі қандай? А. «Олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді» деу- өзін басқа біреумен салыстыру үдерісінің негізі 26бе
103. Әлеуметтік сенім немен байланысты? А. Ынталандырумен/ құптамаумен 26 бет
104. Әлеуметтік сенім қалай сипатталады? 26 бет
А. Өзге адамдардың жағымды пікірлері т/б
105. Өзін-өзі бақылау немен дәлелденеді? А. Басқа адамдар қандай пікір білдіретініне жорамал жасау арқылы реттілікті орнату қажеттілігімен 27 бет
106. Атрибуция теориясының негізі? А. Индивидтердің табысқа қол жеткізуі не сәтсіздіктерден қашуы ,олардың өз жетістіктерін түсіндіруіне байланысты. 27 бет
107. Әлеуметтік – мәдени теориялар нені қарастырады? 27 бет
А. Жеке тұлғаның дамуына қоғамның қоса алатын үлесінің маңызын қарастырады.
108. әлеуметтік - мәдени терияның негізін салған психолог?
А. Лев Выготский 27 бет
109. Выготский баланың мәдени дамуы туралы не айтады?
А. Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі түрлі келбетте болады, бірі-әлеуметтік, интерпсихи-калық және екінші-психологиялық, интрапсихикалық. 27 бет
110. Әлеуметтік – мәдени теориядағы маңызды ұғым не?28 б
А. Жақын арадағы даму аймағы.
111. Жақын арадағы даму аумағы деген не?А. Өзекті даму аймағы мен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. 28бет
112. ЖАДА нені қамтиды?
А. Адам өз бетімен игер не көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды. 28 бет
113. Выготскийдің пікірінше, оқушылар көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде қандай дағдыларды дамытады?
А. Ойлау және сөйлеу 28 бет
114. ЖАДА-ға қарама –қарсы ұғым қандай?А. Өз бетінше орындай алатын «өзі реттейтін әрекеттер» аумағына қарсы ұғым. 28 бет
115. Көпіршелер деген не? 28-29 бет
А. Көпіршелер-оқушыға мұғалімдер ұсынатын интерактивті мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын метафора.
116. Көпіршелер қандай қасиетке ие?А. Білім-дағды, өз бетінше әрекет ету мүмкіндігін дамытуға орай нығайып не бөлшектеніп жойыла алу мүмкіндігіне ие. 29 бет.
117. /Мерсер мен Фишер/1993/ айтуынша , көпіршелердің басты мақсаты не? А. ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға беру қасиеті. 29 бет
118. Көпірше деп саналу үшін білім беру мен білім алуда қандай жағдайлар қажет? А.өз бетімен орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру,құзірет-тілікке жеткізуді мақсат ету, құзірет-тіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудыру. 29 бет
119. Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады деген кім?А.Мерсер/2005/ 120 Александр/2008/ диалог түрінде білім беру туралы не айтады?
А. Диалог түрінде білім беру оқушы-ларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. 29 бет
121. Ассоциативті оқыту деген не?
А. Нақты мәліметті жаңғырту не есте сақтауға жол ашу. 29бет
122. Адамдар білім алатын белсенді зерттеулер?А. зерделеу,эксперимент, тапсырмаларды орындау,ойлау а/ы түсінік пен дағдыларды құру. 30 бет
123. Зияттың үштік теорисы туралы айтқан кім?А. Стернберг 18 бет
Білім алу мен білім берудегі жаңа тәсілдер 7 модуль
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛ
1 МОДУЛЬ
124. Метатану деген не?
А. «Білім алудың қозғаушы күші». Индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау,бағалау,бақылау және өзгерту қабілеті. 32 бет
125. білім алудың қозғаушы күші не? А. Метатану 32 бет
126. білім алуды үйрету негізі не?
А. Өз бетімен оқуды ойластыру, кейінгі оқу үдерісінде ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі. 32 бет
127. Оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын неше фактор бар?
А. Төрт 32 бет
128. бұл қалай аталады?
А. Білім алу қағидаттары 33 бет сурет
129.Оқу пирамидасы неше бөліктен тұрады? А. Жеті 34 бет сурет
130. оқушыларда «өзіндік мақсатты» қалыптастыру туралы кім айтқан?А. Чиксентмихан 34 бет
131.Раян мен Деки оқушы бойында қандай қасиеттерді айтты? А. Ішкі уәж
132. «Мұзтаудың су бетіндегі бөлігіндей» ғана мәнге ие оқу ?
А. Тактикалық оқу қалай оқу керектігін үйретуде салыстырмалы түрде осындай мәнге ие. 35 бет
133. «тұйыққа тірелу» қандай мағына береді? А. Жаңаны білу жолындағы кезекті қадам. 35 бет
134. «Оқыту үшін бағалау» қандай үдеріс? 36 бет
А. Оқушылар уақыт кезеңінің ішінде өз білімдеінің деңгейін өзі бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдар-ын айқындайтын үдеріс. 36 бет
135. «Оқу қоғамдасты» қандай ұғым? А. Оқушы да , мұғалім де білім алушылар. 36 бет
136. Жеке тұлғаға бағдарланған білім берудің басты идеясы не?
А. Оқушының қалай ойлайтынын әрі оқитынын қадағалау, бағалау , бақылау және өзгерту қабілетін дамыту. 37 бет.
137. оқуды даралаудың шешуші критерийі не?
А. Білімде тәуелсіздікті қамтамасыз ету. 37 б.
138. «Білім берудегі әңгімелесуді- қарым –қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес,керсінше, идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды» деп тұжырым жасаған кім?
А. Александр /2004/ 40 бет.
139. «Оқушылар білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасуда» тең құқылы серіктестер болып табыла-ды» деген кім?А. Мерсер/2000/ 40б
140. Әңгімелесудің қай түрінде «Ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады?»А. Әңгіме-дебат 40 бет.
141. Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысының механикалық түрде келісе беруі әңгімелесудің қай түрінде байқалады?А. Топтық әңгіме 40 бет
142. «Қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінеді» әңгімелесудің қай түрі?
А. Зерттеушілік әңгіме 40 бет.
143. Орта бірлесуден гөрі, көп жағдайда бәсекелестікке бағытталған әңгімелесу түрі?
А. Әңгіме –дебат 40 бет.
144. Әңгімелесудің қай түрінде қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай» не «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады?
А. Әңгіме-дебат 40 бет
145. Әңгіме білім алу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылар-дың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы әңгімелесудің қай түрінде байқалады?А.топтық әңгіме 40 бет
146. әңгімелесудің қай түрінде қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды?А. Зерттеушілік әңгіме 40 бет
147. әңгімелесудің қай түрінде қатысушылардың келісімге ұмты-луы байқалады?Зерттеушілік әңгіме
148. ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалатын әңгіме түрі?
А. Әңгіме-дебат 40 бет.
149.Қай әңгімелесу үстінде әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады?А. Зерттеушілік әңгіме 40
150. әңгімелесудің қай түрінде әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанмен, мұқият бағалау жүргізіледі?А. Зерттеушілік әңгіме 40
151. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету асында табысты талқылауларда әңгімелесудің қай түрі басымдыққа ие?
А. Зерттеушілік түрі
152. Барнс пен Мерсердің айтуын-ша, мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатн әңгіменің түрі?
А. Зерттеушілік әңгіме 40 бет.
153. «БЖӘ моделі әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді» деген кім?А. Мерсер 1995 41 бет.
154. Сұрақ қоюдың «Түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау» техникалары не үшін пайдаланылады?А. Оқушының білім алуын қолдау үшін 41 бет
155. Түрткі болу сұрақтары не үшін қажет?А. Жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. 41 бет.
156. Сынақтан өткізу сұрақтары қалай қойылады?А. Оқушыларға толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет.
157. Қайта бағыттау сұрағы қалай құрылады? А. Мысалы, сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау. «Көмектесе алатындар бар ма?» 41 б
158. Мұғалім сұрақ қойғаннан кейін оны қайталап немесе сол сұрақты өзге оқушыға басқаша қоймас бұрын 2 сек. Кідіретіні туралы анықтаған ғалымдар?
А. Харгривс және Гелтон 42 бет.
159. «Қалай оқу керектігін үйрету» модулі қандай үдеріске жатады?
А. Өзін –өзі реттеу үдерісі
160. Бұл үдерісте оқушылар нені дамытады?
А. Метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылу және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады.
161. Балалардың саналы оқушы болып шығуының кілті неде?
А. Өзін-өзі реттеу мен метатану дағдыларын дамыту 44 бет.
162. Метатану дегеніміз не?
А. Когнитивтік үдерістерді білу,түсіну және реттеу не олар туралы ойлау, қатесін танып-білу және ойлауды реттеу. 44 б
163. «Метатану» термині оқушылар-дың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады деген тұжырымды айтқан кім?А. Флейвелл/1976/ 44бет
164. «Өнімділік тапшылығы» туралы кім айтқан?А. Флейвелл 44б
165. Флейвелл «өнім тапшылығы» деп нені айтады?
А. Нұсқау берілмеген жағдайда оқушының уақытты өнімсіз пайдалануы, қабілеті жетіп тұрса да, тәсілдерді пайдаланбау. 44 бет.
166. Өз жұмыстарының нәтижесінде Флейвелл /1976/ метатануды өлшеу-дің неше құрылымын сипаттады?
А. Үш: 1.өзін оқушы деп білу 2.мақсаттар мен тапсырмаларды білу, түсіну және бағалау 3.тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды білу. 44 бет.
167. Метатануды өлшеудің үш құрылымын сипаттай отырып, балалар метатануының монитор-ингі мен талдауының негізін анықтаған кім?А. Флейвелл 44 бет
168. Флейвеллдің бірінші өлшемі неге қатысты?А. Жеке білімге 44 бет
169. Екінші өлшемі неге бағыттал-ған?А. Тапсырмаға бағытталған 44 б
170. Үшінші құрылымды қалай анықтады? А. Тапсырмана орындауға қажетті білім мен тәсілдер мониторингі ретінде анықтады. 45 бет
171. Метатануды өлшеудің бірінші құрылымында Флейвелл нені анықтады?А. Оқушылардың өзінің оқуын саналы түрде сезінуі дамыған сайын басқа оқушылардың да өз оқуына қатысты таңдауы, күшті және әлсіз жақтары бар екендігі туралы метакогнитивті түсінігінің кеңейетіндігін анықтады.
172. Екінші өлшемі нені қамтиды?
А. Екінші өлшем тапсырмаға бағытталған болып табылады және оқушының мақсаты мен тапсырмаларын білу, түсіну және бағалауды қамтиды. 44 бет
173.Метатану ұғымын бір оқушыға қатысты қалай қарастыруға болады?А. Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдану арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, «қалай оқу керектігін үйрету» деп қарастыруға болады. 45б
174. Шанк пен Циммерман /1994/ таныған Метатанудың маңызды аспектісі не?А. Балалардың өз бетін-ше жұмыс істеу және даму ниеті. 45 б
175.Выготский дамытуға үлес қосқан білім беру теориясы?
А. Әлеуметтік – мәдени теория 45б
176. Жером Брунер «орман өсіру» деп атаған үдіріс?А. Оқудың дамуы барысында жетекшінің қолдау көрсетуінің түрі мен деңгейінің өзгеріп отыруы, сонымен бірге түрткі түрткі болу,бағытталушылық, дамудың тұжырымдамалық негіздерінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында түрленуі.45 бет.
177. «рефлективті агент» деген не?
А. Қолдау көрсететін ересек адамның оқушының әрекетіне жауап беруі және оның оқуының дамуын қамтамасыз етуі. 45б.
178. «Орман өсіру» ұғымының астары?А. Жетекшінің оқушыларды біртіндеп тапсырманы орындауды аяқтауға «итермелеуінде» көрініс беретін, үнемі ұлғайып артып отыратын қолдауы деген түсінік. 45 б
179. өздігінен реттелетін білім алудың үш элементі туралы айтқан кім?А. Перри 46 бет.
180. Өздігінен реттелетін білім алудың бірінші элементі?
А. Тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағыттаушылығы.
181. Екінші элемент?
А. Оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы. 46
182. Өздігінен реттелетін білім алудың үшінші элементі?
А. Проблеманы шешу мен мақсатқа жеті үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы. 46 бет
183. «Жағдаяттық тану» негізі?
А. Балалардың тәжірибесінің мәдениеті мен құндылығы оқу үдерісінің тиімділігін айқындайтын маңызды мәнмәтін деп қабылдануында. 46 бет.
184. «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы?
А. Джин Раддок 46 бет.
185. «Оқушы үні» негізі?
А. Оқушылардың білім беру мен білім алу туралы пікірлері 46 бет
186. Оқушылармен пікірлесудің мақсаты не? А. Қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту.
СТО 2 МОДУЛЬ
187. Релеванттық ақпараттар жинауды қамтитын мдуль?
А. Сыни тұрғыдан ойлау 49 бет.
188. кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар қай модульде көрінеді?
А. Сыни тұрғыдан ойлау 49 бет
189. Ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауд қамтылатын модуль?
А. Сыни тұрғыдан ойлау 49 бет.
190. сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылары?
А.бақылау,талдау,қорытынды,интерпретация 49 бет.
191.Диалогтің бес үлгісін анықтаған кім? А. Александр 50 бет.
192. Дәлеледеме қалай сипаттала-ды?А. Идея мен мүмкіндіктерді алға жылжыту және келісу 51 б
193. Диалогтік педагогика деген не?
А. Балалар мен мұғалімдердің жаңалық ашу мен білім алуда өзара қарым-қатынас орнатуы. 51 бет.
194.Пікірталастық әңгіменің сипа-ты?А. Оқушылар бәсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды. 52 бет
195.Кумулятивтік әңгіменің сипаты?
А. Мұнда оқушылар бір-бірінің үлесін сынамайды және сындарлыққа негізделеді. 52 бет.
196.Зерттеушілік әңгіменің сипаты?
А. Ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады. 52 бет
197. Диалогтік оқытудың ұжымдық сипаты қандай? А. Мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды.
198. Өзара білім алмасуға жағдай туғызу сипаты? 52 бет
А. Мұғалімдер мен оқушылар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады.
199. диалогтік оқытудағы қолдаушы сипаты?А. Балалар қате жауап бергені үшін қорықпай өз идеяларын еркін жеткізіп,бір-біріне өзара түсініс-тікке жетулеріне көмектеседі. 52 бет
200. «Рефлективтік практик» ұғымы кімдердің жұмысынан шыққан?
А. Джон Дьюи және Дональд Шон 52 б
201. Рефлективтік ойлау туралы «Біз қалай ойлаймыз?» кітабының авторы?А. Джон Дьюи/1910/ 52 бет.
202. Шонның еңбектерінде «рефлек-тивті тәжірибе» қалай сипаттала-ды?А. Педагогтердің проблеманы анықтау және өз іс-әрекеттерінде эксперимент үргізе отырып шешу әдісі ретінде 53бет
203. «Рефлективті практик:кәсіби іс-әрекетке қалайша ойланады» кітабының авторы кім?
А. Дональд Шон 53 бет.
204. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінің ерекшеліктері қандай? А. Ұтқырлық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана-сезім. 53-54 бет.
205. Ұтқырлықтың сипаты?
А.ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу,үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою, дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға емес, себепке негізделу. 53 бет
206. Сыңжарлықтың болмауы сипаты? А. Барлық қорытындыларды бағалау; болжамды көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру: баламалы интерпретацияларға ашық болуға ұмтылу. 54 бет
207. Пайым деген не?
А. Дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау. 54
208. Тәртіп қалай сипатталады?
А. Тиянақты, нақты және жан-жақты болу 54 бет
209. Өзіндік сана- сезім деген не?
А. Өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымызды, сеніміміз бен болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну. 54 бет.
210. Сыни тұрғыдан ойлайтын оқушыларға тән қасиеттер?
А. Белсенді болады, ештеңеге сенбейді, жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. 54 бет.
БАҒАЛАУ 3 МОДУЛЬ
211. формативтік және жиынтық мақсат арасындағы айырмашылық қай жылдардан бастап белгіленген?
А. 1960жыл 56 бет.
212. формативті бағалау дегеніміз не?А. Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға арналған бағалау. 56 бет
213. жиынтық бағалау деген не?
А. Оқыту қорытындысын шығару,баға қою және сертификаттау мақсатында қойылатын бағалау. 56 бет
214. Бағалаудың басты мақсаттары қандай?А. Оқытудың қиындықтарын анықтау, кері байланыс, уәж, болжау мен сұрыптау, стандарттарды бақылау мен орындау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау. 56-57 бет.
215. Бақылау деген не?
А. Бағалайтын тұлғаның алынған мәліметтердің мәнін анықтауы. 58 бет.
216. Интерпретация деген не?
А. Логикалық қорытынды. 58 бет.
217. қорытынды қалай сипаттала-ды?А. Мәліметтерді интерпретация-лау негізінде бағалауды қамту.58 бет.
218. ОүБ –дың анықтамасы қандай?
А. Білім алушылар өздерінің білімнің қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керектігін және қажетті деңгейге қалай жету керектігін анықтау үшін мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. 58 бет.
219. мұндай анықтаманы Бағалау Реформасының Тобы қай жылы берді?А. 2002жылы 58 бет.
220. Оқытуды бағалаудың мақсаты не?А. Оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау.58 бет
221. «Мәліметтер» деген не?
А. Оқушылар тобынан жүйелі түрде жиналатын балдар мен деңгейлер. 59
222. Үлгілік қателер талдауы қай кезде қолданылады?
А. Мұғалімдерде балалар мен деңгейлеуге негіз болған мәліметтерді алуға мүмкіндік бола бермейді, осы кезде сыртқы тестілеуде үлгілік қателер талдауын қолданады. 59б
223. «қара жәшік» ұғымы бағалау-дың қай түрімен байланысты?
А. Оқыту үшін бағалау 60 бет.
224. Оқытуды жақсартудың бес факторы?
1. оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы
3.Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді. 60б
225. Оқушының өзін-өзі бағалауын дамыту құрылымы? А. Сұрақтың дұыс қойылуы,оқушымен бірге критерийлерді талдау. Сыныптасын және өзіе-өзі бағалау және кері байланысты қамтамасыз ету. 60 бет
ТАЛАНТЫ 5 МОДУЛЬ
226. Ең үздік оқушыларды анықтайтын өлшемдер?
А. Есте сақтау және білім, өз білімін жетілдіру, ойлау қабілетінің жылдамдығы, мәселені шешу, икемділік, күрделіге деген сүйіспеншілік, шоғырлану, ерте символдық белсенділік.73 бет
227. Осы өлшемдер туралы айтқан кім?А. Фриман /1998/ 73 бет
228. Акселерация деген не?
А. Оқушылардың оқу бағдарламасына сай тез дамуының бір түрі. 75 бет
229. Күрделендіру және акселера-ция модельдерін қолданған кім?
А.Эйр 75 бет
230. Эйр қолданған үш тармақ?
А. Мазмұнына өзгерістер енгізу, әдісті өзгерту, білім берудегі өзгерістер. 75
231. «Өзгертілген оқу жоспарының» әдістемесінің негізі?
А. Сыныпта ерекше қасиеттермен ерекшеленетін шағын топтарда орындалатын тапсырмалар дайындауға болады, бірақ топ құру кезінде оқушылар үшін тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыру. 75 бет
ЖАС ЕРЕКШЕЛІК 6 МОДУЛЬ
232. когнитивтік даму дегеніміз не ?
А. Баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.77 бет
233. Бихевиористикалық бағыт нені қарастырады?А. Ортамен өзара байланыстағы мінез-құлықты зерделеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырады. 77 бет
234. Бихевиоризмнің негізін салған кім? А. Джон Уотсон. 77 бет.
235. «Түрткі-реакция» моделінде нені қарастырды?
А. Орта оған орай тұлға әрекет ететін түрткілерді өндіруші ретінде қарастырылады. 77 бет
236. Т-Р «түрткі – реакция» оқу теориясынын әзірлеген кім?
А. Эдвард Трондайк 77 бет
237. Джин Пиагет нені зерттеді? 77
А. Балалар дамуына ортаның әсерін мойындады және ішкі когнитивтік құрылымдағы өзгерістерді зерттеді.
238. Джером Брунер нені зерттеген?
А. Оқу маңыздылығын атап көрсетіп, ақыл-ой үдерісінің оқытумен өзара байланысу мүмкіндіктерін зерттеген.
239. Оқытудағы гуманистік тәсілдің негізін қалаушылар?
А. Маслоу мен Роджерс 78 бет.
240. Бұл тәсілде не қарастырыла-ды?А. Адамның өсуіне ерекше назар аударылады.78 бет.
241. Гуманистик психологияға негізделген ересектерге білім беру жөніндегі теориялық еңбектер қай жылдары жазылды?
А. 1970-1980жж. 78 бет.
242. «Гуманистік психологияның негізгі белгісі» не?
А. Өзіне деген қарым-қатынас. 78 бет.
243. Ынталандыру пирамидасы кімге байланысты?
А. Абрахам Маслоу 78б
244. Гуманистік тәсілде кімнің зерттеуі логикалық және интуитивті, зият пен сезім үйлесім тапқан, барлық тәжірибесімен, біліммен қоса алғанда жеке тұлғаны толық қамтиды?А. Карл Роджерс 78 бет
245. «Осындай тәсілмен оқығанда, біз бүтінбіз, біз еркекке және әйелге тән қабілеттерімізді толық жүзеге асырамыз» деген кім?
А. К.Роджерс 78 бет
246. Білім алушылар әлемді түсіну үшін құрылымдар мен моделдерді игеріп қана қоймай, өз құрылымы бар ортаға қатысады. Оқу сан алуан тәжірибе
Бұл қай тәсіл? 78 бет
оқудағы әлеуметтік-жағдаяттық тәсіл.
247. психологияда адамдар бақылау арқылы қалай оқитынын бірінші зерттеген кімдер?
А. Бихевиористер.78 бет
248. Бақылауға негізделген оқудың негізгі аспектілері не?
А. Мінез-құлыққа қатысу, оны ықтимал модель не парадигма ретінде есте сақтап, түрлі жағдайларда оның қалай көрініс табуы мүмкін екенін болжау /репетиция/.78б
249. 5-6 жасар балаларды бірнеше ашық хаттағы суреттерді есте сақтауды сұрау арқылы селективті зейіннің дамуын көрсеткен кім? А.Хаген мен Хейл 78 бет
250. Қысқа мерзімді есте сақтауды «жұмыс жадысы»деп атаған кім?
А. Баддели мен Хитч/1974/ 79 бет.
251. Рәсімдік жады деген не?
А. Процедуралық жады- әрекеттерді қалай орындау керектігі туралы біздің білімімізді сақтайтын қойма.79б
252. Эпизодтық жады деген не?
А. Біздің тәжірибеміздің толық тізімі алғашқы болып сақталатын жүйе. 79
253. Эпизодтық жадыға не кіреді?
А. Сезім мүшелерінен келетін ақпараттар кіреді. 79 бет
254. Семантикалық жады деген не?
А. Семантикалық жады- ұзақ мерзімді жадының ең соңғы және теңмәнді емес аспектісі, себебі біздің дамуымызда және сөйлеуімізде аса жиі көрінетін символдар жасау қабілетімен байланысты. 79 бет
255. Төрт жасар балалардың сөздік қоры неше сөзден тұрады?
А. 1500сөз 80 бет
256. бес жасар балалар неше сөз қолданады?А.5000сөз 80 бет
257. бірінші сынып оқушылары неше сөз?А. 6000 80 бет
258. ересектер неше сөз пайдалана-ды?А. 25000 сөз пайдаланады және 50000 сөз біледі. 80 бет
259. Метасана терминінің сипаттамасы?
А. « Тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен стратегиясын қарастыру» 80 бет
260. Бұл терминді кім енгізді?
А. Флавелл /1979/ 80 бет
261. Метасана қандай қабілетке жатады?А. «адамдардың қалай ойлайтынын, не білетінін қарастыра отырып, өзіндік рефлексия жасау мүмкіндіктерін зерделеу қабілетіне жатады. 80 бет
262. Интроспетивті бақылаудың маңыздылығын атап көрсеткен кім?
А. Уильям Джеймс/1890/ 80 бет
263. Саналы рефлективтік бақылау және білімді кемелдендіре игеру мектепте оқытудың аса маңызды факторлары болып табылатынын түсіндірген кім?А.Выготский/1962/ 80
264. Выготский білімді дамытудың неше факторын айтады? Екі 80бет
265. Бірінші факторда не айтылады?
А. Білімді автоматты түрде, ұғынбай алу 80 бет.
266. Екінші факторда не туралы айтылады?А. Алынған білімді саналы түрде ұғынып бақылаудың біртіндеп өсуі. Бұл қызметтің когнитивті және метакогнитивті аспектілерінің арасындағы айырмашылыққа қызмет етеді. 80 бет.
267. «Егер оқыту үдерісін ұғыну деңгейіне ауыстыра алатын болса, онда біз балаларға өзіндік ойлау үдерісін жақсы түсінуге, өзінің оқуын бақылауы мен ұйымдасты-руын игеруге көмек бере алар едік» деген пікірді кім айтты? 80 бет
А. Флавелл және басқалар/1995/
268. «Метасана қабілеті жасқа байланысты өзгереді және жасы үлкенірек балалар метакогнитивтік ақпаратты көптеген мөлшерде игерегендіктен олардың үлгерімі жоғарырақ» деп тұжырымдаған кімдер?А. Флавелл мен әріптестері
269. «Өте қабілетті және дарынды балалардың ерекшеліктерінің бірі – қабілетті шамалы құрдастарымен салыстырғанда олардың метакогнитивтік хабардарлығының жоғары болуы» деген кім?
А. Стернберг,1983 80 бет.
270. «Метасана оқыту жолдарының бірі» не? А. Ойлау тілін анық етіп жасау, оны сабақ жоспарына және сыныпта талқылауға қосу болып табылады. 81
271. Ой жүгіртудің неше түрі бар?
А. Үш:ұқсастық бойынша ой жүгірту, моральдік пайымдау және зерде теориясы 81 бет.
272. Ұқсастық бойынша ой жүгірту деген не? А. Ой жүгіртудің жоғары деңгейдегі дағдылары, оларға проблемалармен табысты жұмыс істеуге мүмкіндік береді, әртүрлі мәнмәтіннен алынған түрлі ақпаратты пайдалану арқылы оқыту мен білімді жаңа жағдайларға орайластыру қабілеті. 81 бет.
273. Адамның санасы мен білім алуы үшін маңызды қабілет? 81 б
Ұқсастық бойынша ой жүгірт қабілеті
274. формальді оперативтік кезе-ңіне дейін балалардың когнитивтік қабілеттері жоқ деп есептеген кім? Пиагет/1958/ 81бет
275. Формальді оперативтік сатысы деп Пиагет неше жас кезеңін қарастырды?А. 11 жас 81 бет.
276. Өнегелі даму не?
А. Психология мен білім берудің негізгі тақырыптарының бірі. 81 бет.
277. Өнегелі даму-бұл өмір бойы жүретін тұрақты үдеріс деп болжам жасаған кім?А.Кохлберг 81 бет.
278. Пиагеттің моральдік пайымдау теориясын дамытқан кім?
А.Кохлберг 81 бет
279. Кохлбергтің балаларға ұсынған мысалы?А. «Ганс дилеммасы» 82 б
280. Өнегелі даму теориясы неше сатыдан тұрады?А. 3 деңгей, 6 кезең
281. Нормативтікке дейінгі мораль-дік пайымдау қандай кезеңдерден тұрады?А. Тілалғыштық және жазалау, тұлғалық ерекшелену және өзара әрекеттесу. 82 бет.
282. Тұлғаралық қатынастар және әлеуметтік тәртіпті қолдау қандай моральдік пайымдауға жатады?
А. Дәстүрлі моральдік пайымдау82 бет
283. Нормативтіктен кейінгі моральді пайымдаудың екі кезеңі?
А. Әлеуметтік шарт және жеке құқықтар, әмбебап қағидаттар. 82 бет
284.Зерде теориясы не? 83 бет
А. Санаңның және басқа адамдар санасының мазмұнына ой жүгірте білу.
285. Ақыл ой күйінің кең спектрі?
А. Сенім, тілек,ниет, елестету, эмоциялар. 83 бет
286. Зерде теориясының 3-4 жасқа дейін толық дамымайды деп кім айтты?
А. Виммер және Пернер 83 бет
287. Жалған көзқарас міндетіне не жатады?
А. Көз тігу бағыты, назар аудару, талаптану. 83 бет
288. Шығармашылық үдеріс қалай деп сипатталады? А. Тұлғаралық және тұлғаішілік/Баррон 2002жылы/ 83
289. Шығармашылық неге байланысты қарастырылады?
А. Үдеріс, өнім не жеке тұлға 83 бет
290. Конвергентті және диавергентті ойлау арасындағы айырмашылық-ты шектеу туралы түсінік
Гильфорд 1956ж. 83 б
291. Конвергентті ойлау деген не?
А. Проблемалардың көбіне бір дұрыс шешім болатынын айтпмыз. 83 бет
292. диавертентті ойлау не?
А.проблеманы шешетін субъектілердің кейбірі жаңа жоғары сапалы жұмыстарға негізделген креативті шешімдердің бастауы. 83 бет
293. Зияткерлік қабілет пен шығар-машылық бір-біріне тәуелсіз және шығармашылығы жоғары балада жоғары зияткерлік қабілет болуы да, болмауы да мүмкін деп есептеген кім?А. Валлах/1970/ 83-84б
294. Шығармашылық үдерістің аса маңызды сипаттамасы не?
А. Мазмұнын жылдам түсіну 84 бет
295. Балаларға көп идеялар өндіруге және өзін-өзі бағалаудың келесі езеңіне ауысуына не себеп?
А. Ересектердің көптеген идеяларды бағалай алмауы.84 бет
КӨШБАСШЫЛЫҚ 7 МОДУЛЬ
296.кәсіби біліктілікті түсіну тәсіл-дері?А. Ұжымдық және кешендік 87б
297. Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс нені қамтиды?
А. Басқаларды серіктестікке тарту, рефлексия және өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмалар. 88 бет
298. Дамыту жұмыстарындағы алғашқы қадам?
А. Әрбір маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау 88 бет
299. Келесі қадам?
А. Өзгерістер бағдарламасы жөнінде әріптестерінің кеңестері. 88 бет
300. Дамыту жұмыстарының кезеңдері:
1-кезең. Құндылықтарды анықтау
2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау
3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер
4-кезең.Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.
5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.
6-кезең. Зерттеуге негізделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс.
7-кезең. Кәсіби білімдердің дамуына жәрдемдесуге ықпал ететін желілік қоғамдастықтағы жұмыс. 88 бет
301. Сапалы даму жұмсына не жатады?
А. Жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. 88 бет 82. Даму жұмысының практикалық нәтижелері?
А. Тәжірибедегі өзгерістер, жақсартулар, оқыту мен білім берудің жақсартылған әдістері. 88 бет
302. Мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры не?
А. Оптимизмге ынталандыру. 89 бет
303. Кәсібилік ұғымның діңгегі?
А. Зерттеу жүргізе білу қабілеті, яғни басқалар солай болуы тиіс деп қабылдаған ерекше жағжайларда да сұрақ қоя білу.
304. Зерттеу жүргізу үдерісіндегі бірінші қадам?
А. Саналы түрде жауапкершілік алу.
305. Зерттеудің екінші қадамы?
А. Сұрақтар мен жауаптар.
306. Үшінші қадам?
А. Тәжірибенің мәнін түсіну. Деректер мен талдау.
307. Төртінші қадам?
А. Жаңа жетілдірілген сұрақтар.
308. Бесінші қадам?
А. Тәжірибе негізіндегі сабақтар