Жеңіл атлеттердің жылдамдық-күш қасиеттерін дамыту
Әмит Зайыр Абытұлы
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі. Бүгінгі таңдағы қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да алаңдаушылығын туғызуда. Бүгінгі таңда ҚР-ның Елбасы Н.Назарбаевтің «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауындағы мыналарды мақсаттайды:
Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс.
Туризм және спорт министрлігі әкімдерімен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек.
2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30%-ға азайтып, туберкулезбен ауруды 20%-ға қысқартуы тиіс.Бұл ретте өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 72 жасқа дейін ұлғаяды.
Мемлекет тарапынын бірқатар заңдар мен бағдарламалар бекітілуде Олар:
- «Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
- «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары»
- «Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары»
Бұл заңдар мен бағдарламалардың негізгі мақсаты дене шынықтыру мен спортты дамыту, халықтың салауатты өмір сүруіне үлес қосу және жоғары спорт резервтерін даярлау.
Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбиесі мен спорт саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыда анықтап, жеке тұлғаны дамытуды жаңаша көзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім мен тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтан өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-құлқы қалыптасқан іскер, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат тәрбиелеу. Сол себепті дене тәрбиесі мен жеке спорт түрі бойынша жан-жақты қабілетті болуы бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз қажет. [1].
С онымен жоғарыда дене тәрбиесі мен спорт түрлеріне машықтанудың әдістемелік жолдарын өз еңбектерінде ғалымдарымыз өз ой пікірлерін тұжырымдай алды. Жүргізілген зерттеу негізінен оқушылардың дене тәрбиесінің тәжірибесі мен әдістемесінің жекелеген мәселелерін ашуға, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай психологиялық, физиологиялық өзгерістерін ескере отырып, қимыл-қозғалыс дағдыларының жан-жақты тәрбиеленуіне, жеке спорт түрі оның ішінде гимнастика спорт түрі бойынша дененің жалпы мүмкіндіктерін дамытуға арналған. Бірақ, жалпы орта білім беру жүйесінде оқушыларға дене тәрбиесін оқытуда жүргізіліп жүрген педагогикалық зерттеулерде спорттық ойын түрлерімен айналысушылардың жас ерекшеліктеріне және психологиялық, физиологиялық әсерін анықтау негізгі мәселеге айналып отыр. Себебі Қазақстандағы мектеп оқушыларының жекелей денсаулық көрсеткіштері мен дене дайындығының нақты тенденцияларының төмендеуі аталған мәселенің қазіргі уақыт талабына сай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінің әдістемелік негізделген ғылыми тұрғыда шешім шығаруды қажет етеді.
Аталған мәселенің бүгінгі күн талабына сай келуі, оның әдістемелік тұрғыдан зерттеліп, өңделуі мен тәжірибелік қажеттілігінің жеткіліксіздігі зерттеу тақырыбын таңдауға мүмкіндік жасады. Осыған орай, дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Спорт ойындары жаттығу сабақтарында спортшының физиологиялық қалпын анықтау» деп аталады.