Байланысты: 8-апта тапсырмалары Кл мех және ЭД пәнінен
Кл мех және ЭД пәнінен 8-аптаның жеке тапсырмасы (20 балл) №1. Қозғалтқышының қуаты P = 5 кВт массасы m = 2 т катер максималь vmax= 25 м/с жылдамдыққа дейін үдетілді. Қозғалтқышты сөндіргеннен соң қанша уақыт ішінде оның жылдамдығы vmax жылдамдықтың жартысына дейін төмендейді? Катер қозғалысына кедергі күшті жылдамдықтың квадратына пропорционал өзгереді деп қарастырамыз. (Fкед = k v2)
№2. Зениттік қарудан тік жоғары бастапқы v0 = 800 м/с жылдамдықпен массасы m = 10 кг снаряд жіберілді. Егер ауаның кедергі коэффициенті k = 0,25 кг/с –қа тең, ал кедергі күші жылдамдыққа пропорционал (Fкед = k v) өзгеретін болса, снаряд траекторияның ең жоғарғы нүктесіне дейін қанша уақытта жетеді?
№3. Жер бетінен қандай да бір биіктікте қозғалмай тұрған тікұшақтан массасы m = 10кг жүк тасталды. Ауаның кедергі күші жылдамдыққа пропорционал (Fкед = k v) өзгеретін болса, қанша уақыттан соң жүктің үдеуі еркін түсу үдеуінің жартысына тең болады?
№4. Массасы m = 400кг моторлы қайық көл бетінде қозғалды. Қозғалтқыштың тарту күші Fтар =0,2 кН – ға тең. Егер кедергі коэффициенті k = 20 кг/с –қа тең, ал кедергі күші жылдамдыққа пропорционал (Fкед = k v) өзгеретін болса, қозғалыс басталғаннан кейін 20с уақыттан кейін қайық жылдамдығын тап.
№5. Көл бетіндегі орнынан қозғалған массасы m = 2 т катер 10 сек ішінде жылдамдығын v = 4 м/с-қа жеткізді. Кедергі коэффициенті k = 100 кг/с –қа тең, ал кедергі күші жылдамдыққа пропорционал (Fкед = k v) өзгереді. Қозғалтқыштың тарту күшін тап. (Қозғалтқыштың тарту күшін тұрақты деп қарастыру керек.)
№6. Бастапқы v0 = 800 м/с жылдамдықпен массасы m = 10 г оқ горизонталь бағытта атылды. Егер ауырлық күшін ескермеген жағдайда, 0,8 сек ішінде оның жылдамдығы 4 есе кемісе, ауаның кедергі коэффициенті k неге тең? Кедергі күші жылдамдыққа пропорционал (Fкед = k v) өзгереді деп қарастыру керек.
№7. Массасы m = 80кг парашютист қандай да бір биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз төмен қарай секірді. Егер ауаның кедергі коэффициенті k = 10 кг/с –қа тең, ал кедергі күші жылдамдыққа пропорционал (Fкед = k v) өзгеретін болса, қанша уақыттан соң парашютист жылдамдығы орнығатын жылдамдықтың 0,9 үлесіне (0,9 vорныққан) тең болады?
№8. Қандай да бір дене үлкен биіктіктен құлап келе жатып 11,3 сек кейін орнықты жылдамдықпен қозғала бастады. Ауаның кедергі күші жылдамдыққа пропорционал деп есептеп, дененің орныққан жылдамдығын анықта.
№9. Қандай да бір дене үлкен биіктіктен құлап келе жатқанда 5,66 сек кейін жылдамдығы орнығатын жылдамдықтың жартысына, яғни 40 м/с-қа тең болады. Ауаның кедергі күші жылдамдыққа пропорционал деп есептеп, дененің орныққан жылдамдығын vорн анықта.
№10. Қозғалтқышының қуаты P = 5 кВт массасы m = 2 т катер максималь vmax= 25 м/с жылдамдыққа дейін үдетілді. Қозғалтқышты сөндіргеннен соң қанша уақыт ішінде оның жылдамдығы vmax жылдамдықтың жартысына дейін төмендейді? Катер қозғалысына кедергі күшті жылдамдықтың квадратына пропорционал өзгереді деп қарастырамыз. (Fкед = k v2)
№11. Зениттік қарудан тік жоғары бастапқы v0 = 800 м/с жылдамдықпен массасы m = 10 кг снаряд жіберілді. Егер ауаның кедергі коэффициенті k = 0,25 кг/с –қа тең, ал кедергі күші жылдамдыққа пропорционал (Fкед = k v) өзгеретін болса, снаряд траекторияның ең жоғарғы нүктесіне дейін қанша уақытта жетеді?
№12. Жер бетінен қандай да бір биіктікте қозғалмай тұрған тікұшақтан массасы m = 10кг жүк тасталды. Ауаның кедергі күші жылдамдыққа пропорционал (Fкед = k v) өзгеретін болса, қанша уақыттан соң жүктің үдеуі еркін түсу үдеуінің жартысына тең болады?
№13. Массасы m = 400кг моторлы қайық көл бетінде қозғалды. Қозғалтқыштың тарту күші Fтар =0,2 кН – ға тең. Егер кедергі коэффициенті k = 20 кг/с –қа тең, ал кедергі күші жылдамдыққа пропорционал (Fкед = k v) өзгеретін болса, қозғалыс басталғаннан кейін 20с уақыттан кейін қайық жылдамдығын тап.
№14. Көл бетіндегі орнынан қозғалған массасы m = 2 т катер 10 сек ішінде жылдамдығын v = 4 м/с-қа жеткізді. Кедергі коэффициенті k = 100 кг/с –қа тең, ал кедергі күші жылдамдыққа пропорционал (Fкед = k v) өзгереді. Қозғалтқыштың тарту күшін тап. (Қозғалтқыштың тарту күшін тұрақты деп қарастыру керек.)
№15. Бастапқы v0 = 800 м/с жылдамдықпен массасы m = 10 г оқ горизонталь бағытта атылды. Егер ауырлық күшін ескермеген жағдайда, 0,8 сек ішінде оның жылдамдығы 4 есе кемісе, ауаның кедергі коэффициенті k неге тең? Кедергі күші жылдамдыққа пропорционал (Fкед = k v) өзгереді деп қарастыру керек.
№16. Массасы m = 80кг парашютист қандай да бір биіктіктен бастапқы жылдамдықсыз төмен қарай секірді. Егер ауаның кедергі коэффициенті k = 10 кг/с –қа тең, ал кедергі күші жылдамдыққа пропорционал (Fкед = k v) өзгеретін болса, қанша уақыттан соң парашютист жылдамдығы орнығатын жылдамдықтың 0,9 үлесіне (0,9 vорныққан) тең болады?
№17. Қандай да бір дене үлкен биіктіктен құлап келе жатып 11,3 сек кейін орнықты жылдамдықпен қозғала бастады. Ауаның кедергі күші жылдамдыққа пропорционал деп есептеп, дененің орныққан жылдамдығын анықта.
№18. Қандай да бір дене үлкен биіктіктен құлап келе жатқанда 5,66 сек кейін жылдамдығы орнығатын жылдамдықтың жартысына, яғни 40 м/с-қа тең болады. Ауаның кедергі күші жылдамдыққа пропорционал деп есептеп, дененің орныққан жылдамдығын vорн анықта.