Пәні: Қазақстан тарихы
Тобы: МДО-141 2-курс
Күні: 03.03.2016ж.
Тақырыбы: Қазақстан қайта құру жылдарында және КСРО-ның ыдырауы.(1985-1991 ж.ж.)
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.
• Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы жауапкершішк сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Түйінді идеясы “Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!” Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивті тақта, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, модульдік оқыту технологиясының әдістері.
Пәнаралық байланыс: география
Көрнекілік: КСРО картасы, тарихи тұлғалардың суреттері және Н. Ә. Назарбаевтың суреті.
I. Дайындық кезеңі. Студенттерді 5-топқа бөлемін. Топқа бөлінген студенттер үйге берілген тапсырма бойынша өз тақырыптарын қорғайды. (слайд, презентация арқылы, 5-топқа берілген уақыт 3-минут)
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Сұрақтары:
1. Әлихан Бөкейханов қай уезде дүниеге келген?
2. Алашорда үкіметінің баспасөз орталығы қай газет болды?
3. 1918-1920 жылдары елде болған соғыс?
4. “Қазақстан бұрын отар еді, әлі де отар болып қалды” кімнің сөзі?
5. 1933 жылы Сталинге ашық хат жазған адам
6. Индустрияландыру жылдары салынған темір жол құрылысының атауы
7. Тұңғыш қазақ академигі?
8. Қазақ топырағынан ұшқан тұңғыш ғарышкер?
9. Кеңес Одағының Батыры, пулеметші қазақ қызы?
III. Жаңа сабақты өту кезеңі.
Модуль құрылымы
|
Модельдің мазмұны
|
Уақыты
|
I. Кіріспе бөлімі
|
Модельге ену
Жаңа сабақты түсіндіру
Жаңа сабақ жоспары:
1. Қайта құру бағыты.КСРО ыдырауы. Қазақстан егемен, тәуелсіз мемлекет болып жариялануы
2.Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті
3.Бұрынғы КСРО картасы мен Қазақстан картасын көрнекі құрал ретінде пайдаланумен қатар, салыстыра отырып сабақты түсіндіру.
|
15-20 мин
|
II.Сөйлесу
бөлімі.
|
1. «Картамен жұмыс» әдістемесі
2. «Мерзімді жатқа жаз» оқыта үйрету ойыны
3. «Қазымыр оқушы» ойыны
|
15-20 мин
|
III. Қорытынды
|
1. Қорытынды
2. Бекіту сұрақтары.
|
10-15 мин
|
I. Кіріспе бөлімі
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.).
Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы .
КСРО құрамындағы барлық одақтас республикаларда 1980 жылдан кейін аса күрделі жағдай басталды. Мұндай жағдай елдің әлеуметтік, экономикалық нышандарының жоқтығынан туып еді.
Дағдарыстың себебі өте көп болды.
Саяси саладағы белгілері:
1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі және дәрменсіздігі.
2. Қоғамдық өмірдің, экономикалық қызметтің, азаматтардың жеке өмірінің бір орталықтан басқарылуы.
3. Партиялық және мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.
4. Заңдылықтың бұзылуы.
5. Жариялылықтың болмауы.
Экономикалық салаларда-дағдарыстың белгілері:
- Шаруашылықтың жүргізудің шығындық тәсілі.
- Ғылыми-техникалық және технологиялық прогресте артта қалушылық.
- Бақылаусыз басқару аппараты.
- Инфляция.
- Товар зәрулігі.
Әлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері:
- Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.
- Теңгермешілдік.
- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция.
Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.
Қайта құру бағыты.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары:жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды.
Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.
Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы .
1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:
1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.
2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.
1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.
Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.
1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конференцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қобылдады:
1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы қүрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар мен кемшіліктер.
80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын туғызды.Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.
Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды.
Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.
Кеңес саяси жүйесіне реформа.
1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының 1 съезі өтті. Бұрынғы жылдардан өзгешілігі съезде саясаттағы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің әлеуметтік-рухани салаларындағы жағдайларға өткір сыни және табанды талдау жасалып, кеңес қоғамына төнген дағдарыстың себептерін іздеу әрекеттері жасалды. Съезд барлық дәрежедегі партиялық және мемлекеттік органдар қызметінің арасын ажырату мәселесіне арнайы тоқталды. Бұл съезден кейін Компартияның билігі өз беделінен айрыла бастады. М.Горбачев бастаған партия басшыларының С.Е. Лихачев, П. Соломенцев т.б. қызметіне сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кәсіподақ қызметтері де үздіксіз сыналды.
КСРО халық депутаттарының 1 съезінде жаңа одақтық келісім шарттары жасау мәселесі көтерілді. Бірқатар одақтас республикаларда егемендік туралы декларация қабылданды (Балтық жағалауы Республикалары, Украина, Қырғызстан).
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жариялады.
КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Россия Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Россия «КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі соққы болды. Соған қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.
Қоғамдық – саяси қозғалыстар.
80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.
1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сүлейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы - О. Сүлейменов пен қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды.
1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.
1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.
1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.
1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.
Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.
1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.
1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғурлым көп саяси күш болды.
Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.
90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.
Оқушылардан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы не білетінін сұраймын.
1. Президенттің басты қызметі қандай?
2. Н.Ә. Назарбаев жайында не білесіңдер?
Бұдан әрі ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жайында қысқаша әңгімелеп беремін.
Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Теміртау қаласында жоғары техниқалық оқу орнын бітірген. Мамандығы инженер-металлург. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастап, басшылық қызметтерге дейін көтерілген.
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш Қазақстанда бүкіл-халықтық Президент сайлауы өтіп, көпшіліктің қолдауымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Респубикасының Президенті сайланды.
Ата Заң бойынша Президент - татулық пен бірліктің кепілі. Халықаралық аренада Қазақстан атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар Президент қарулы күштердід бас қолбасшысы болып саналады.
II.Сөйлесу бөлімі.
1.«Картамен жұмыс» әдістемесі
КСРО картасы
Қазақстан картасы
2. «Мерзімді жатқа жаз» оқыта үйрету ойыны:
1.1985 жыл
2.1986 жыл
3.1990 жыл
4.1991 жыл
5.1922 жыл
3.«Қазымыр оқушы» ойыны
Топ студенттері бір-біріне сұрақ қояды. Тез тапқан топ бағаланады.
III. Қорытынды :
1922 құрылған Еуразиядағы алып мемлекет КСРО-ның құрамында 15 одақтас ел болды. Одақ құрамындағы барлық республиқалардың өз бетімен қандай да бір мәселені шешуге құкығы болмады. Барлық билік тек қана Мәскеудің қолында болды. Әсіресе Қазақстанда жағдай барған сайын қиындай түсті. Қазақтар өз ана тілінен, салт-дәстүрінен айырылды. Көптеген қазақ мектептер жабылды. Сонымен қатар Қазақстан өз байлығына өз ие бола алмады. 1979 жылы Целиноград қаласында жастар шеруі Кеңес үкіметі билігіне қарсы болды. Ал келесі ірі наразылық 1986 жылы желтоқсанда Алматыда алғаш рет жастар отаршыл империяның саясатына қарсы шықты. Олар басшылыққа қазақ азаматының келуін талап етті. Алаңға шыққан жастар қатаң жазаланып таратылды.
1991 жылы КСРО өмір сүруін тоқтатты. Құрамындағы республикалардың барлығы өз тәуелсіздіктерін жариялады.
1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, жеке мемлекет болды. Әлем картасында жаңа Қазақстан Республикасы деген мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасын бүгінде әлемнің 120-дан астам мемлекеті мойындаған. Еліміз көптеген мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнаткан.
Бекіту сұрақтары.
1. КСРО ыдырауының алғы шарттарын ата.
2. Қазақстан тәуелсіздікке қалай жетті деп ойлайсың?
3. Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи маңызы неде?
4. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің алға қойған мақсаты қандай деп ойлайсың?
5. Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі жайлы не білесің?
6. Президент мемлекет үшін кім?
7. Соғыс аяқталғаннаң кейін Қазақстанда жұмысшылар мен маман кадрларының жетіспеу себептері неде?
8. Төртінші бесжылдықта республиканың өнеркесібі қандай табыстарға жетті?
9. 40-жылдардың екінші жартасында еңбекшілерінің өмір сүру жағдайында қандай өзгерістер орын алды?
10. Әкімшіл - әміршіл жүйенің Қазақстанның экономикалық дамуына кері әсерлері қандай болды?
11. 50-жылдардың бас кезінде ауыл шаруашылығының артта қалуының себептері қандай?
12. Н.С. Хрущев жүргізген реформалардың шалағайлығы неде?
13. Еңбекшілердің тұрмыс жағдайын көтеру жөнінде үкімет қандай шаралар жүргізді?
14. 60-жылдардың ортасында Қазақстаның халық шаруашылығын басқаруда қандай өзгерістер болды?
15. 60-жылдары Қазақстаның ауыл шаруашылығында қандай қиындықтар мен шешімін таппаған мәселелер бар еді?
IY.Үйге тапсырма.
-Тақырыпты оқу.
- Датамен жұмыс.
- «Егер мен президент болсам...» тақырыбына шағын әңгіме жазу.
Y.Бағалау.
5-топқа бөлінген студенттерді бағалау.
ПБК төрайымы: Ұ.О.Абзелова
Оқытушы: Ұ.О.Абзелова
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Кеңес одағы / КСРО / КСР одағы
Одақтық мемлекет
|
←
←
←
←
|
30 желтоқсан 1922 — 26 желтоқсан 1991
|
↓
|
|
|
|
|
|
|
КСРО байрағы
|
КСРО елтаңбасы
|
|
|
Ұраны
Пролетарии всех стран, соединяйтесь!
|
Әнұраны
Интернационал (1922—1944)
КСРО Мемлекеттік әнұраны (1944—1991)
|
1945 жылғы КСРО картасы
|
Астанасы
|
Мәскеу
|
Ірі қалалары
|
Алматы, Баку, Горький,Днепропетровск, Донецк, Ереван,Қазан, Киев, Куйбышев,Ленинград, Минск, Мәскеу,Новосибирск, Одесса, Омбы,Пермь, Ростов-на-Дону,Свердловск, Ташкент, Тбилиси,Уфа, Харьков, Челябі
|
Тіл(дер)і
|
орысша (де-факто)
|
Ақша бірлігі
|
Рубль
|
Уақыт белдеулері
|
+2…+12
|
Аумағы
|
22 402 200 км²
|
Халқы
|
293 047 571 чел.
|
Басқару формасы
|
бірпартиялы Кеңестік республика(1922—1936), бірпартиялы (1989 дейін) парламенттік республика (1936—1991)
|
Көсем
|
- 1922—1924
|
Владимир Ильич Ленин
|
- 1924—1953
|
Иосиф Виссарионович Сталин
|
- 1953
|
Георгий Максимилианович Маленков
|
- 1953—1964
|
Никита Сергеевич Хрущёв
|
- 1964—1982
|
Леонид Ильич Брежнев
|
- 1982—1984
|
Юрий Владимирович Андропов
|
- 1984—1985
|
Константин Устинович Черненко
|
- 1985—1991
|
Михаил Сергеевич Горбачёв
|
Негіз салушы-мемлекеттер
|
КСРО-ның ыдырауынан кейінгі
мемлекеттер
|
|
Кеңестік Ресей
|
|
УКСР
|
|
Белорус Советтік Социалистік Республикасы
|
|
ЗСФКР
|
|
Әзірбайжан
|
|
Армения
|
|
Беларусь
|
|
Грузия
|
|
Қазақстан
|
|
Қырғызстан
|
|
Латвия
|
|
Литва
|
|
Молдова
|
|
Ресей
|
|
Тәжікстан
|
|
Түрікменстан
|
|
Өзбекстан
|
|
Украина
|
|
Эстония
|
|
|
|
|
Содружество Независимых Государств
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
|
|
██ Мүшелер██ Ассоцияланған мүшелер
|
Штаб-пәтер
|
Минск, Беларусь
|
Қолданатын тіл
|
Орысша
|
Түрі
|
Достастық
|
Мүшелігі
|
11 ел мүше
1 ассоцияланған мүше
|
Басшылары
|
—
|
Орындаушы хатшы
|
Сергей Лебедев
|
Ұйымдастыруы
|
1991 Желтоқсанның 21
|
Жұрты
|
—
|
2007 сарап.
|
277,983,490
|
Ғаламтор торабы
http://cis.minsk.by
|
Достарыңызбен бөлісу: |