Көлемде жан-жақты хабардар етедi. Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан



Дата15.03.2022
өлшемі13,24 Mb.
#135510
Байланысты:
Ғылыми жоба оқушы


Ұлттық киiм – бай тарихи-мәдени мұра, оны зерттеу бiздi өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал-ахуалынан кең


көлемде жан-жақты хабардар етедi. Қазақ халқының киiмi басқа ұлттардан
өзгеше өзiндiк қасиетке толы. Мұның басты себебi: қазақ халқының
табиғат төсiнде өсiп, еркiн ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың
ұлттық киiмдерi негiзiнен ертедегi көшпендiлер киiмдерiн еске түсiредi.
Қазiр өзiмiз күнделiктi киiп жүрген бiрқатар киiм үлгiлерi сақ дәуiрінен
бастау алады. Қазақтардың киiмдi солға қаусыратыны сақ киiмдерiнде,
орта ғасырларда түрiктерде кездеседi. Көшпендiлердiң киiм үлгiлерiнiң
тiгiлу мен пiшiлу тәсiлiнде сабақтастық сақталған. Көшпендiлер адамзат
тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшiн ойлап тапқан кең шалбар мен
екi өңiрi ашық, қаусырылатын кеуде киiмi – шапанды адамзат өркениетiне
қосқан. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген
қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра
зерттеген С.И. Руденко, күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде
бұдан екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеген.
Киiмдердiң етек-жеңiне рәмiздiк ұғымды тұспалдайтын ою-өрнек элементтерiн салу, үкi тағу, жын- перiлерден, пәле-жаладан, ауру-сырқаудан
қорғайды, магиялық күш әсер етедi деген сенімнен туған. Кейiннен үкiнi
тақия, сәукеленiң төбелерiне, домбыраға, бесiкке қадаған. Үкiнiң қара
қасқасын ерлер, балақ жүнiнiң ұлпасын әйелдер қолданған. Үкi құсын
қазақ қасиеттi деп бiлген. Ежелгi бақсылар, батырлар, сал-серiлер де
үкi тағып жүрген. Көшпелiлер бұлардан басқа да зергерлiк бұйымдар,
қорғаушы қызметiн атқаратын құстар мен жануарлардың дене мүшелерiн
ʳð³ñïå
Қазақ халқының ұлттық киімдері
10
әшекей ретiнде таққан. Осындай сақтар дәуiрiнен қалған киiмдер қазiр
стилизацияланған түрiнде бүгiнгi күнге дейiн қолданылып жүр.
Бертiн келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердiң бiразы жаңа
әдiс тауып, жаңа түрге ие болды, дегенмен сол тамыры терең ұлттық сән
өнерi үлгiлерiнiң кейбiреулерi әлi де қолданыста бар дәстүрлi түр-формасын, қасиетiн жоғалтқан жоқ.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында товарлық өндірістің дамуы, көрші халықтармен экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың нығаюы, орыстардың, украиндықтардың, немістер мен татарлардың,
тағы басқа халықтардың көптеген қоныс аударуына байланысты қазақ
тұрмысына ене бастаған өзгерістер, сол сияқты қалалық сәннің әсері
ұлттық киімге де ықпалын тигізбей қойған жоқ.
ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары Еуропаның киім кию дәстүріне
еліктей бастады. Олар костюм-шалбар, қайырмалы жағалы ақ жейде, галстук тағуды әдетке айналдырды. Шапанды тастап, пальтоға көшті, атқа
мініп жүрмей, күймеге отырды. Ұлттық киімдер олар үшін, яғни өздерін
ақсүйектер деп атай бастағандар үшін ада болды. Оқығандар жаңа мизамша киінуі мен қысқа кигендерді «шолақ етектер» деп күлетін жағдайға
келді.
Ұлттық киiм қашанда тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың назарында болды. Суретшiлер, әдебиетшiлер, театр және кино
қайраткерлерi, сәнгерлер дәуiрлер бойы сақталған ұлттық киiмдер арқылы
өздері жасаған бейнелерін қорландырып отырды.
Қазақ киiмдерiн зерттеу Қазан революциясынан кейiн ғана кеңiнен
қолға алына бастады. 1922 – 1926 жылдары Қазақ республикасының астанасы Орынбор қаласының музейi Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Орал,
Атырау, Семей, Павлодар аймақтарын аралап, көптеген ұлт киiмдерi мен
өрнектердiң, алтын-күмiстен жасалған бұйымдардың экспонаттарын жинап, әр облыстағы әртүрлi киiм үлгiлерiн зерттеп қағаз бетiне түсiрген.
Көптеген киiм үлгiлерi Абай атындағы Опера және балет театры мен
М. Әуезов атындағы Қазақ Академиялық драма театрларының эпостық,
тарихи шығармаларды сахнаға шығарудағы iзденiстерi, архив материалдарымен жұмыс iстеу нәтижесiнде қалпына келтiрiлдi.
1930 жылдары Қазақ ССР Орталық музейi қызметкерлерi С. Омаров
пен В. Куж Алматы қаласынан және Алматы облысы, Еңбекшiқазақ ауданынан қазақтың ұлттық киiмдерiн жинаған. Қазақстан суретшiсi Е. Клодт
қазақ киiмдерiнiң, ұлттық киiм киiп тұрған қазақтардың бейнелерiн суретке түсiрген. Осы саланы зерттеген Ә. Марғұлан, Т. Басенов, Х. Арғынбаев
т.б. еңбектерiн айтуға болады.
Ескі қорымдар мен қоныстардан табылған археологиялық олжалар баға
жетпес дереккөздері негізінде халықтардың «жоғалған» киім үлгілерін
қалпына келтірген суретші М.В. Басттың суреттері мен замандастарымыз
М. Жұмағалиев, Қ. Ахметжан, Қ. Алтынбеков, Ә. Малаевтар («Шежіре»
галереясы) қалпына келтірген костюм реконстукциялары арқылы ежелгі
бабаларымыздың киімі туралы жан-жақты мағлұматқа көз жеткізе аламыз.
Көшпелі халықтардың киімдерін зерттеушілердің ішінде М.В. Гореликтің
еңбегі зор. Ол өз еңбектерінде ертедегі Қазақстан территориясын мекен
еткен сақ, түркі, қыпшақ, қимақтардың киімдерін зерттеп, сызбаларын
жасаған. Осы зерттеулер қазақ киімінің дамуын, эволюциясын анықтаудың
ғылыми негізін салды. Қазақстан жерін мекендеген көшпелі тайпалар мен
халықтардың барлығы біздің ұлттық киімдеріміздің қалыптасуына өз
үлестерін қосты. Қазақ киімдерінің көшпелі халықтарға ғана тән сипаты
болды.Олар өздері баққан мал өнімдерін көбірек пайдаланған. Төрт түлiк
малдың жүнi қазақ халқының өмiр тiршiлiгiнде үлкен рөл атқарған және
оны ұқсатуды мыңдаған жылдар бұрын бiлген. Қазақ халқы киiм тiгуге
мал жүнiнiң ең асылы түйе, қой жүндерiн, ешкi түбiтiн пайдаланған. Түйе
11
жабағысынан әртүрлi жеңiл де жылы күпi тiгiлген. Иiрiлген түйе жүнiнен
шекпен тоқыған. Шудасынан жамау-жасқаулық жiп иiрiп, осы шуда жiппен тон-шалбар тiккен.
Қойдың жабағы жүнiнен шидем шапан, күпi күскен, жеңiл байпақ тiккен. Киiмнiң арасына салып және киiм тоқуға да пайдаланған. Ал күзем
жүннен, қозы жүнiнен қалпақ, кебенек, киiз етiк, пима сияқты киiм-кешектер жасалған.
Ешкiнiң түбiт жүнiн иiрiп мойын орауыш, шәлi, шұлық, қолғап сияқты
жылы әрi жеңiл киiмдер тоқыған. Қазақ талғамында ешкi түбiтi түйе
жүнiнен де қымбат, жiбекпен теңдес саналған.
Қазақ шеберлерi мал жүнiнен басқа қоянның жүнiн, құстың қауырсынын
iске жаратқан. Қоянның жүнiнен жылы мойын орауыш, қолғап, шұлық,
бөкебай тоқыған.
Қазақтың ұлттық киімдерінде оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын
көне дәстүрлері сақталған.
Олар адамның дене мүшелеріне сәйкес баскиім, иықтық киім, белдік
киім, аяқкиім деп жіктеледі.
Пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне байланысты күнделікті, сәндік
киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық, маусым аралық және
жаздық киімдер болып бөлінеді.
Жас және жыныс ерекшелігіне қарай: сәби киімі (ит көйлек, сылау
тақия), бала киiмi (кепеш, малақай, құлақшын, жейде, дамбал, шалбар,
етік, бешпент, шапан), бозбала киiмi (тақия, етік, жейде, шалбар),
бойжеткен киiмi (желбіршекті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі
(сәукеле, желек), келiншек, бәйбiше киімі (көйлек, кимешек, жаулық,
қамзол, кебiс-мәсi, көкiрекше), күйеу, жас жiгiт, ақсақал киімдері (шапан,
ішік, бешпент,сырма шалбар, ақ жейде, дамбал, саптама етік, кебіс-мәсі)
деп түрлерге жіктелінеді.
Бала туғанда ит көйлек пен басына сылау тақия кигізіп, қырқынан
шыққан соң адал жейде, содан өсе келе, кішкентай бешпент, шапан, шалбар тігіп кигізген. Тұмар үкі қадайды және бала шапаны бешпентінің
иығына, әсіресе адам көзіне оңай түсе бермейтін киім бөліктеріне жейденің
жағасына, бешпенттің ішкі қолтығына тұмар тігіп қояды деп жазады этнограф Х. Арғынбаев. Бұл көз сұқтан сақтандыру рәсімі. Балалардың кепештеріне үкі тағып сәндеген. Аяқтарына жұмсақ былғарыдан кішкентай
мәсі, бопыш, бөйтік (теріден тігілген аяқкиім) кигізген. Балалардың киімдерін жас ерекшелігіне сай сәндеген. Әртүрлі ою-өрнек, әшекей маржандар таққан.
Қазақтың киімінің тәуірін ежелден қыз-келіншектер киген, әшекейдің
де ең асылын осылар таққан. Жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпент, қамзол, қынама бел киімдер, бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі,
оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар бастарына кәмшат бөрік, сәндеп
өрнектеген ақ шыт орамал тартқан.
Әсіресе ұзатылатын қызды үлдемен-бүлдеге ораған. Гр. Андреев өзінің
1915 жылдары жазған «Киргизский той» деген еңбегінде былайша суреттеген: «Киімнің ең жақсысы қалыңдықтың үстінде. Желбіршекті жібек көйлекпен, барқыт қамзолдың сыртынан кигені жібек көк бешпент,
иығына жамылғаны парша шапан. Қос бұрымында сылдыраған күміс шашбау, басына майда күміс теңгелермен әшекейленіп, төбесіне үлбіреген үкі
қадалған «қыз қалпақ». Қыздың ұзатыларда киетін киімі қымбат маталардан тігілді. Асыл тастармен, моншақталған желегі бар сәукеле – қыздың
оң жақта отырғандағы баскиімі. Күйеуінің ауылына жеткен соң басына
жаулық салынады». (Туркестанские ведомости. 1915. № 251).
Тұрмысқа шыққан қыздар алғашқы жылы сәукеле, күнделікті өмірде
желек киген. Жас келін үлкен кісілерді көрген кезде бетін желегімен
ʳð³ñïå
Қазақ халқының ұлттық киімдері
12
көлегейлеп, яғни иба көрсеткен. Бірнеше балалы болып, әлеуметтік статусы бекіп болған соң кимешек, шылауыш киген. Кимешекті қызыл жіппен
шым кестелеп кисе, күйеуі барлығын, ал ақ жіппен жай ғана су тартып
кисе жесір әйел екендігін көрсеткен. Шылауышты кимешектің үстінен
тартқан. Әйелдер тері бұлғары мәсі, кебіс киеді. Қыста әйелдер ішік киген.
Қазақ әйелі ұзын жең, кең етек көйлек кигенімен бет-жүзін тұмшаламаған.
Әйел киiмдерiн әшекейі мен ажары жағынан қыз киiмдерi, келiншек киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбiшелердiң киiмдерi деген төрт
топқа арнап тiккен.
Жігіт, боз балалар кестелі тақия киген. Кейде ақ шытты бір шекесіне түйе
салып, тоқалдай тартатын болған. Аяқтарына көксауырмен оймышталған,
өкшесі құймаланған етік киген. Барқыттан шапан, құймаланған алтынмен
аптап, күміспен күптелген белбеу буынған. Қарттар шаштарын қырып
алып тастайтын болғандықтан сырмалы баран өңді кепеш үстінен пұшпақ,
елтірі, түлкі тымақтар киген. Қазақ халқы баскиімді қастерлеп, оны аяққа
баспай, биік жерге іліп қояды.

Қазақ қыздар үшін бас киім кию міндетті болмаған, бірақ XIX ғасырдың ортасынан бастап мұндай бас киімді кигендері байқалады.


Зерттеушілердің мәліметтері бойынша қыздардың "скуфьясы" үшкір болған және ер адамдардың тақияларынан көп ерекшелігі болмаған. Қыздардың тақиялары қыздық дәуреннің белгісі іспетті асқан ұқыптылықпен, зерлі тігістен басқа да әртүрлі моншақтармен, күміс теңгелер, маржан тастармен әшекейленетін болған. Төбелеріне жіп шашақтар, ұсақ моншақтар немесе тұмар ретінде үкі тағылған.


Қыздардың тақиясын қызыл, күлгін, жасыл, тағы басқа бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабаттап сырып тіккен. Тақия төбесі, әлбетте, төрт сай немесе дөңгелек келеді. "Таңдай", "ирек", "қабырға" тігістермен сырылып, жібек, алтын, күміс,, зер жіптермен кестеленіп, моншақ асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын әсемдік үшін және тұмар ретінде тақияның төбесіне қадайды. Үкі қадалған тақия қазақ қыздарының ерекше ұнатып киетін баскиімі болған.



Қыздардың киетін тақияларын Маңғыстауда "телпек", шығыс Қазақстанда "кепеш" деп атайды.па, жақ алқа тәрізді тізіліп, баскиімнің етегін шашақтап тұрады.


Қыздар кепеші - Қыздар кепешінің қабырғасы (керегесі) биік, төбесі дөңгелек формада жасалған. Ою-өрнектердің қай түрімен де әшекейлеуге, жылтырақ таналар, моншақ түйреуіш, маржан, меруерт тізбелермен көркемдігін арттырады. Төбесіне торғын жібек шашақ төгіліп немесе, үлпілдек үкі қадалады.(Халел. Н.Ұлттық мирас).





Сораба - қыздар киетін тақия тәріздес баскиім. Кәдімгі тақиядан айырмашылығы артында салпыншағы бар, қабырғасының айналасына шашақ тағылады, бақсылардың баскиіміне, күләпараға, сәукелеге ұқсас солардың элементтерін қамтыған баскиім. Қыздарға көз сұқтан сақтану үшін "ырымдап" кигізеді. Содан да: "Қыздар киер сораба, салбыратып шашағын, жаман жігіт бүлдірер өз отбасын, ошағын", - деген халық өлеңінде үзінділер кездеседі.

Жырға - әйелдердің сәнді баскиімі, асыл тастармен, ақық моншақтармен әшекейленіп тігіледі. Ол, әдетте, көп салпыншақты, түсті меруерт тастардың жарқырауық сәулесімен құбылып, адамның бет-бейнесін ажарландырып, бет моншақ, шұбырт



Бөрік - аң терісінен тігіліп, жиегіне жұрын жүргізіліп, жұқа жүн не жібек материалмен тысталған құлақсыз келген, ерлер де қыздар да киетін баскиім. Оның жазғы қысқы түрлері болады. Жаздық бөрік, аң терісінен жұқа әрі жеңіл етіп тігіледі. Қыстық бөрік астарына жүн, мақта сырып салып, барқыт, пүліш, атлас сияқты маталармен тысталады.


Қазақта бөріктің әр руға тән өзіндік үлгілері болған. Қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр, орыс т.б. халықтар да бөрік киген. Ол халықтарда тебетей //төбетей аталатын бас киімі туралы сөздіктерде Даль "татарская ермолка" десе, Дмитриев "шығыс қалпағы", Қ.Жұбанов " төбе-верх, голова+тей-суффикс" дейді. В.В. Радлов : "Татар: түбәтәй, түбә-верхушка" деп дәлелдейді.(Опыт словаря тюркских наречии.) Бұл турасында тілші Ә.Алмауытова: "Уәждділік негізінен туынды сөздерге тән болғандықтан, тебетей туынды сөзінің уәжі адамның бұл киімді төбесіне киетін қызметімен байланысты сияқты", - дейді.[1]

Қазақтың жар-жар, сыңсыма айту, т.б. ғұрыптарында айтатын:


Бөркім, бөркім, бөркім-ай!


Басыма киген көркім-ай!
Ерте жатып, кеш тұрған,
Үйдегі менің еркім-ай! - деген
жолдардан бөрікті тұрмыс құрмаған қыздар да кигендігін байқатады.

Қыздарға арналған бөрік сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қалыңдау, қымбат бағалы матамен тысталып, тігіледі. Жиегін қымбат бағалы аң және мал терілерімен көмкереді. Соған сай ерекше бағаланатын ерекше кәмшат бөрік, құндыз бөрік, жанат бөрік, қарсақ бөрік, сусар бөрік, түлкі бөрік, күзен бөрік және оқалы бөрік, деп аталатын түрлері ертеректе әркімнің ұнатып киетін баскиімі болғанға ұқсайды.


Бөріктің жұрындалған терісіне қарай сан алуан түрге бөліп атайды: алтай қызыл бөрік, қамқа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құрайыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік, оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б. түрлері бар.


Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Баскиім қыста аязда, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата - аналарымыз баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған. Бас киімді екі түрге бөлген. Ер бала және қыз бала, әйелдер сәлде, картоз, тақия киеді. Қыз балалар – кәмшат бөрік, тақия. Әйелдер бас киімі – сәукеле, кәмшат бөрік, қасаба, кимешек, шылауыш. Ұлтты бас киімдердің түрлері: бас киімдер XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жасаған И. В. Захарова мен Р. Р. Ходжаева ер адамның бас киімдерін 6 түрге бөлген. 1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім – тақия. 2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім – төбетей. 3. Киізден тігілген бас киім - қалпақ. 4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара). 5. Тері қапталған жылы бас киім бөрік. 6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім. Ерлердің бас киімдері – башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күләпара, қалпақ, құлақшын, малақай, мұрық, тақия, тымақ, шалма.
бөрік тақия сәукеле
калпақ жаулық
тымақ кимешек
шылауыш
Баскиімге байланысты қалыптасқан дәстүрлер де бар, мысалы, тымақ айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі. Әйелдердің бас киім түрлері. Жаңа түскен келінге тамағы, мойыны, шашы үлкен аталарына көрінбесін деген салтпен, ізеттілік жолмен кигізгені. Күнделікті үй шаруасында кедергі келтірмес үшін кимешектің артқы басын екі бұрымды қосып тұратын шашбауға өткізіп қояды. Кимешектің – «албан кимешек», «суан кимешек», «маңдайлы кимешек», «қытай», «итаяқ кимешек» деген түрлері болады. 1. «Албан кимешектің» артқы бойындағы етегі дөңгелек болып келеді. 2. «Суан кимешектің» артқы бойы үшкір болып келеді. 3. «Қытай кимешектің» омырауы түгел кестеленген болып келеді. 4. «Маңдайсыз кимешектің» кестесі екі жағында, маңдайы ашық болады. 5. «Маңдайлы кимешектің» маңдай жағы жабық, кестеленген болады. 6. «Итаяқ кимешектің» алдыңғы ойындысы кең ойылады. Оны байдың келіндері мойындарындағы күміс, алтын сырғаларын, алқаларын көрсету үшін киген. Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар бас киімдер киген. Олардың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі. Кимешекті тігу үшін ұзындығы 140см, ені 70 см мата керек. Матаны екі бүктейміз. Матаның тұйығы алдына қарайды. Алдыңғы жоғарғы нүктесінен (төмен қарай) артқы бойға қарай 4 см өлшеп нүкте белгілейміз. Бұл - бет келбеті нүктесі, енді осы нүктеден ары қарай 8 см өлшеп белгілейміз, ол – төбе нүктесі. Алдыңғы бойдың жоғарғы нүктесінен төмен қарай маңдайдан иек астына дейінгі өлшемді алып, бет келбетінің төменгі нүктесін белгілейміз. белгіленген нүктеден артқы бойға қарай 4см жылжып белгілейміз, бұл алқым нүктесі деп аталады. Алдыңғы бойдың жоғарғы нүктесінен бет келбеті нүктесіне дейінгі аралықты қырқамыз, оны алқым кеңдігі нүктесімен қосамыз. Артқы бойдың дәл орта нүктесі мен төбе нүктесінің арасын түзу сызықпен қосып сызамыз да, кесіп алып, артқы бойдың етегіне тігеміз. Бұл - кимешектің етегі болады. Кимешек тігіліп болған соң, екі жағын кестелеп, өрнектейді. Әдетте, кимешек – ақ жібектен молдау етіліп пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жауырын жауып тұрады. Кимешек тек бас киім ғана емес, әйелдің «мінездемесінің» де орнына жүреді. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс - жайын, тіпті жүріс - тұрысына дейін анық ажыратын алуға да болады екен. Әйел адамдарының ұқыптылығы мен салақтылығы да кимешегінен көрінетін.

Тымақ – екі бөліктен тұрады, төбесі 4 сай, шеті бағалы аң, түлкі терісімен жұрындалған. Жылы, әр сәнді, аязда киеді. Қалпақ - айырқалпақ, дөңгелек қалпақ киізден немесе драптан тігіледі. Ол – киіз бас киімдердің ішіндегі ең көнесі. Қазіргі өндіріс мүмкіндігі молайып, материалдар көбейген заманда оны қалың драптан да тіге береді. Қазақта қалпақтың екі түрі бар. Олар ақ қалпақ және айыр қалпақ деп аталады. Ақ қалпақтың айналасы тұтас дөңгеленіп тұрады. Оны ақ киізден тігілуіне байланысты «ақ қалпақ» деп атаса керек. Айыр қалпақтың аты айтып тұрғандай, оның етегі екі айыр болып келеді. Соңғы уақытта айыр қалпаққа айрықша мән беріліп жүр. Бөрікті балаң жігіттер, орта жастағы адамдар киген. Екі бөліктен тұрады. Төбесі бағалы матамен, шеті құндызбен жұрындылған. Бөрік үшін міндетті түрде қымбат терілер қажет.


Қазақта бөріктің атауларын қандай да аң терісінен тігілгеніне қарай атау дәстүрі бар. «Сусар бөрік», «құндыз бөрік», «кәмшат бөрік» деген атаулар содан қалған.


Әйелдер бас киімі мен қыз бала баскиімі арасында айырма бар. Сәукелені қалыңдықтар, жас келіншектер киген. Екі бөліктен тұрады. Төбесі 2, 5см биік конус тәрізді, жиегі бағалы аң терісімен жұрындалған. Қасаба тақия тәрізді желкелігі ұзын қасабаны қас сұлулар киген.Кимешекті егде жастағы әйелдер киген., бет жақтау кестеленеді, тазалыққа, жылылыққа жақсы. Сәукеле екі бөліктен тұрады: басқа киетін бөлігі астар салынып, сырылған, биіктігі 25 сантиметрдей конус тәрізді, кейде оған маңдайлық және желкелік тігіледі. Сыртқа қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл маталармен қапталады. Сәукеленің басты құрамды бөлігі – жеңіл матадан жасалған желек. Ол сәукеленің ұшар басына бекітіледі. Ертеректе оны ақ желектен жасап, кестемен өрнектеген. Сәукеле ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп, ол әйелдерден гөрі қалыңдықтың тойға киетін бас киіміне айналды. Тақия екі бөліктен тұрады, төбесі және басқа тиіп тұратын бөлігі, жиегі. Тақия 4, 6, 8 сай болып тігіледі. Үстіңгі және астары жеке - жеке пішіліп тігіледі де, біріктіреді. Астарлық мата саржа, атлас, шытты пайдаланады.


Киімдерге байланысты ырымдар. 1. Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара - қайғының белгісі. 2. Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады. 3. Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. 4. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды. 5. Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді. 6. Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді. 7. Киім сатып алғанда: «Киімің күйрек, жаның берік болсын» деген тілек айтады. 8. Ақ жаулықты ортаға тастау. 9. Сәукеле – «сау келеді» деген мағына беріп, оны тек қалыңдық киген. 10. Бас киімді теріс киюге болмайды. Ұлттық киімге айрықша мән берген ата - анамыз асыл сөздің кестесімен ұрпақ жүрегін тербеп, ой санасын игі адамгершілікке жетелеген.


Ерлердің бас киімдері – тақия, бөрік, қалпақ, күлпара, тымақ , мұрақ.




Тақия – ер адамдардың жаздық бас киімі. Кейде бөрік, тымақ ішінен де киіледі.



• Бөрік – күз, қыс мезгілінде киетін шағын жылы бас киім. Шеті аң, жануар терісімен көмкеріледі.


Басында түлкі бөрік түбіттелген,


Болар ма сенен артық жігіт деген.



• Тымақ – көбіне түлкі терісінен тігілетін қыстық бас киім.





• Күлпара – жаңбырдан, желден қорғану үшін тымақтың сыртынан киетін матадан немесе жұқа киізден тігілген бас киім.


Күлпара бастырған пұшық тымақ,


Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.


• Мұрақ – лауазымды адамдар киетін екі жағы қошқармүйізденіп келетін салтанатты бас киім.



• Қалпақ – ақ киізден немесе қалың матадан тігілген, биік төбелі бас киім.


Әйелдердің бас киімдері – тақия, бөрік, қасаба, кимешек, қарқара, сәукеле.


• Тақия – қыздарға арналған, зерленген, моншақ тағылған жаздық бас киім.





• Бөрік – аң терісінен тігілген, матамен қапталған жылы бас киім.





Бөркім, бөркім, бөркім – ай,

Басыма киген көркім ай!





Қасаба – зерленген, оқаланған әйелдерге арналған бас киім.

• Кимешек – ақ матадан тігілген, кеуде, иық, жонды жауып тұратын әйелдерге арналған бас киім түрі.



• Қарқара Қарқара – биік төбелі, бағалы аң терісі тұтылған, төбесіне қарқара (үкі) құстың қауырсынын таққан бағалы бас киім.

Жарасқан келбетіне қарқарасы,

Сұлуға әркімнің ақ бар таласы.


• Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін аса қымбат, бағалы әрі кәделі бас киім.


Келесі кезекті түрлі сәукелелерге назар аударыңыздар.


Сәукеленің құрылысы – тәж, төбе, құлақбау, артқыбау.


Сәукеле туралы:


• Қалыңдыққа арналған кәделі бас киім.


• Биіктігі 70 см- ге дейін.


• Төбе жағына қарай жіңішкере береді.


• Киізден тігіліп, сыртқы қызыл барқытпен тысталады. Өн бойына алтын, күміс әшекейлер мен маржан моншақтар тағылады. Жиегіне бағалы аң терісінен жұрын салады.


• Сәукеленің өзі – «Көк төбені», үкісі – «Өмір ағашын» бейнелейді.


• Аса қымбат баскиім. Қалыңдықтың тектілігі осы сәукелесіне қарап бағаланған.


• Дәстүр бойынша сәукелені тек ұзатылған қызға кигізеді. Қалыңдықтың тек өзіне ғана тиеселі меншігі болғандықтан оны айырбастамайды, кие тұруға да бермейді. Әйел өмірден озып кетсе, сәукеле төркініне қайтарылады немесе балаларына ғана мұраға қалдырылады.


• Әдет бойынша оң жақтағы құда түспеген қызға сәукеле кигізбейді.


• Қыз ұзатылар кезде сәукелеге үкі мен кестелі желек қадайды. Желек беташардан кейін ғана ашылып, қалыңдыққа көрімдік береді.


• Жас түскен келін бір жылға дейін желек жамылып жүреді. Ойын , тойға барғанда сәукелесін киіп барады.





IV.
Сарамандық жұмыс. Бас киімді үлгілеу. Бөрік ертеден келе жатқан көрікті ұлттық бас киім. Оны ерлер де, әйелдер де киеді. Бөрікті бағалы аң терісінен тігеді. Аң терісіне қарай – «кәмшат бөрік», «елтірі бөрік», «түлкі бөрік» деп аталады. бөріктің төбесі төрт сай және алты сай болып тігіледі. Оның төбесі үшбұрыш тәрізді, ал етек жағы тік төртбұрышқа ұқсайды. Бүгін сабақта баскиімнің қолданыста бар түрі алты сайлы бөрікті үлгілеу әдісімен танысамыз. Алты сай баскиімнің үлгілеу өлшемін аламыз. Ең алдымен, бастың айналдыра өлшемі 54 см деп алып, 6 бөлікке бөлеміз. Сонда 1 қиық өлшемі 9 см болады. Маңдайының биіктігі 5 см, төбесінің жалпақтығы 20 см болады. Өлшемі – 54 см. Дәптерге сыздырып жазамыз. а) Дайын шаблон бойынша үлгіні бастыру, маңдайы және жаны. б) Сызық бойынша қию. в) Маңдайы және жан бөліктерін қосып тігу. г) Төбесінің жиегін біріктіру. Дұрыс істемеген оқушыларға көмектесу, кемшіліктерін түзеу, түсінік беру. Жұмысты дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау, тиісті бағаларын қою. Алты сай бас киімді үлгілеудің жұмыс тәртібі: 1. Картон бетіне үлгі сызбасын түсіру. Бас орамын өлшеу: 54: 6=9 см. Маңдайының биіктігі 22 см. 2. Бөлшектерді жеке - жеке қию, матаға көшіру, 1см тігіске қалдыру (жаны және артқы бөлігі). 3. Маңдайынан бастап, етегінен жоғары қарай біріктіру. Алдыңғы бір - біріне қосып, көктеп тігу. 4. Артқы бөлігін бір - біріне көктеп тігу. Астарлау. 5. Бөлшектерді біріктіріп, бөрікті аяқтау.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет