Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын



Дата27.12.2016
өлшемі39,06 Kb.
#5677
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

№8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай - балабақшасы, Атырау қаласы.

Бірінші санатты тәрбиеші Джумаханова Куляш Юсупбекқызы.

Жас ерекшелік топтардың тілдік – коммуникативтік құзыреттілігін дамыту.



Тіл қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы. «Тіл халық қазынасы» дегендей балалардың сөздік қорын байыту, ой-өрісін жетілдіруде тіл дамыту сабағының рөлі ерекше. Баланың мектепке дейінгі кезеңі – оның жеке қасиеттерінің қалыптасып дамитын кезеңі, олардың жағымды мінез-құлық әрекеттері физиологиялық, психологиялық дамуы 3-4 жасқа дейін ақ қалыптасып, тұрақтана бастайды. Баланың түрлі әрекеттері күрделеніп, күнделікті өмірде қажетті заттарды білуге деген ынтасы артады. Баланың сөздік қорының молайып жетілуі, физиологиялық, психологиялық(сезім,қабылдау,зейін,қиял,еліктеу) дамуына әсер етеді. 1,5 – 2 жастағы бала естіген – білген сөзді сол күйінде қайталап айтуға талаптанады. Өз ойын жеткізудің алғашқы қадамы басталады. Өйткені күнделікті ойын,тамақтану, киіну-шешіну, қимыл әрекеттер кезінде ол да қажетті жайттарды сөзбен ұғындыруға мәжбүр болады.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлау барысында балалардың білім деңгейі, сөйлеу дәрежесі ескеріледі. Тәрбиеші балалармен жекелей сөйлесе жүріп олардың білім деңгейін анықтайды, аты-жөні, әке-шешесінің аты, әжесі, атасы, аға-інісі, ойыншықтары жайлы сұрап әңгімелесе отырып,бағдарлама мазмұны кезінде күнтізбелік жоспар жасайды. Үш жастағы балаларға сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөйлем мүшелерін жетілдіру, «сөз», «дыбыс» деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын әрі қарай дамыту балабақшаның негізгі міндеттерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 4 негізгі мақсат қарастырылады. 1. Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту, - айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, - заттың атын, ажырап айтатын сөздерді үйрету, - заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді меңгерту(жүрді,жүгірді,келді) - заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. - үстеу сөздерін (қасында-үстінде, жоғарда-төменде) қосып айтуға үйрету. 2. Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету. 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрастыру. 3. Грамматикалық категорияларды үйрету. Зат есім іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді қосып сөйлем құрастыру. Сөздерді жіктеп, септеп, жекеше, көпше айтуға уйрету. 4. Байланыстырып сөйлеуді дамыту. Күнделікті сабақта естіген білгенін, серуен кезінде білген түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтар жайында ауызша сұрақ қоя отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету. Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері. - баламен әңгімелесу - күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату - заттың өзін немесе суретін көрсете отырып сөйлесу - көрген-білген туралы әңгімелеп беруді үйретіп отыру. - сөздік тапсырмаларын орындату - әңгімелегеннен соң балаға сол оқиғаға байланысты әдеби шығармалар оқып беріп тыңдату. – түсінгені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.

Баланың тілін дамыту, сөйлесе білуге дамыту негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады. 1. Затты бақылауға дағдыландыру. 2. Балалардың түсінігін бақылау, сұраққа дұрыс беруін қадағалау. 3. Бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген – білгенін тереңдете тиянақтап отыру. Мектеп жасына дейінгі бала заттардың елеусіз ерекшелігіне дейін бірден байқап, тез қабылдайды. Баланың тілін дамытуда мынандай жұмыс түрлерін жүргізіп отыруға болады. Айналадағы күнделікті пайдаланып жүрген заттарды (киім-кешек, ыдыс-аяқ, тағам, үй мүліктері) көрсету, баланың қолына беріп, атын сұрап айтқызу. Баланы белгілі заттардың атына байланысты сөздерден сөйлем құрап айтуға үйрету. Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйрене бастаған соң шағын әңгіме құрастыруға дағдыландыру керек. Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы жетекші сұрақ қойып әңгімелесу. Ойыншықтары , жақсы көретін кітабы жайында әңгіме айтқызу.Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай айта білуге үйрету. Сюжетті көркем картиналарда (суреттерді) көрсетіп, оның мазмұнын әңгімелеп беруге баулу. Грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге үйрету. Ауызша байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001жылғы уақытында №550 жарлығында бекітілген Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылғы арналған тілдерді дамыту жөнінде мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, мектеп жасына дейінгі балаларға өз тілдерін үйрету тәсілдерін жаңартуда тұжырымдамалық ойлары. Мектеп жасына дейінгі балаларға тілдік және коммуникациялық қатынастарын тиімді үрдістерін ұйымдастыру. Оқыту үрдістерін ұйымдастыру: Ойын – ерте жастағы бала әрекеттерінің табиғи түрі: ересектер оқыту үрдісін интерактивті ойындар түрінде ұйымдастырады. Ортаны ұйымдастыру: мектепке дейінгі ұйымдармен үйде сапалы оқыту ортасын құру. - пәндік дамыту ортасы - тілдік ортасы мектеп жасына дейінгі балаларды тілге үйретуде күтілген нәтижелер: мектеп жасына дейінгі балалардың тіл арқылы коммуникативті құзыреттілігі. Айналадағы алған әсері , таныс тақырыптары туралы әңгіме құрастырып айтуын дамыту. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білім машық-тарын, үйренген көркем сөздерін күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету. Оқыған ертегілерді , әңгімелерді, өлең, тақпақтарды күнделікті ойын, серуен, экскурсия кезінде қайталап айтуға орынды қолдана білуге үйрету. Тәрбиешілер мектепке дейінгі жаста қалыптасқан ұлттық сана негізінде тілдік дұрыс әрі тез оқытылуына және білім берудің сапалы нәтижесінде жоғарда аталған жағдайларда орындау арқылы қол жеткізуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет