Конференция барысында аймақ елдерінің ірі капитал ағындарына қатысты тәжірибелеріне арналған отырыс шеңберінде Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің Аға Кеңесшісі аймаққа соңғы жылдары әкелінген шетел валютасы ағындарының динамикасын және



Дата26.06.2018
өлшемі27,5 Kb.
#45113
2007 жылғы 25 сәуірде Алматы қаласында «Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі шетел валютасының ірі ағындарын басқару» Аймақтық Конференциясы өтті.

Конференция ұйымдастырушылары – Халықаралық Валюта Қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

Конференцияның жұмысына Халықаралық Валюта Қорының, Оңтүстік Кавказ, Орталық Азия елдерінің, Швейцария, Пәкістан ұлттық (орталық) банктерінің және мемлекеттік органдарының, халықаралық қаржы институттарының (Дүниежүзілік Банк, Азия Даму Банкі, Еуразия даму банкі), Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының басшылары қатысты.

Конференцияның ашылуында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов және ХВҚ Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің директоры Мохсин С. Канн мырза құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияда қатысушылар шетел валютасының ірі ағындарын басқару жөніндегі стратегияның және экономикалық саясаттың неғұрлым өзекті мәселелерін белсенді талқылады.

Конференция барысында аймақ елдерінің ірі капитал ағындарына қатысты тәжірибелеріне арналған отырыс шеңберінде Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің Аға Кеңесшісі аймаққа соңғы жылдары әкелінген шетел валютасы ағындарының динамикасын және ауқымын, сондай-ақ билік қабылдаған қарсы шаралар мен олардың салдарын сипаттады. Инфляцияға және айырбас бағамына ерекше назар аударылды.

Экономикалық саясаттың ағындарға қарсы шараларына және аймақтан тысқары елдердің тәжірибесіне қатысты отырыс шеңберінде ХВҚ-ның Грузия бойынша миссиясының жетекшісі Джон Уейкманн-Линн мырза және ХВҚ директорлар аппаратының атқарушы директоры Вилли Кикенс мырза орталық банктердің шетел валютасының тұрақты ағындары кезінде тап болған проблемалары туралы, олардың ақша-кредит және бағамдық саясатты жүргізудегі тәжірибелері, сондай-ақ шетел валютасының ағындарына байланысты тәуекелдерді төмендету туралы айтты.

Конференцияда «Мұнай өндіруші елдің үлгісі (мақсатты зерттеу: Қазақстан)» отырысының барысында ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының жетекшісі Аасим Хусайн мырза баяндама жасады. Хусайн мырза өз сөзінде Қазақстанға шетел валютасының ағындарына талдау, сондай-ақ экономикалық саясаттың жақын перспективаға арналған шараларына, олардың сапасына және Қазақстан экономикасына әсер етуіне қатысты тұжырымдар жасады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Әнуар Сәйденов және Әзірбайжан Ұлттық Банкі Зерттеу және статистика департаментінің директоры Эмин Гусейнов қосымша баяндама жасады. Әнуар Сәйденов шетел валютасы ағындарының айырбас бағамына және инфляция динамикасына әсер етуін, капитал ағындарына әсер ететін факторларды атап көрсетті. ҚРҰБ-ның осы бағытта қабылдаған шаралары туралы айтылды. Таныстыру барысында Қазақстан экономикасын ырықтандырудың рөлі туралы және капитал ағындарына байланысты жаңа міндеттер туралы да айтылды.

Сонымен қатар, «Ақша аударымдарының үлкен көлеміне байланысты проблемаларды шешу (мақсатты зерттеу: Армения)» отырысының шеңберінде ХВҚ-ның Армениядағы тұрақты өкілі Ниенке Оомес ханым, Армения Орталық Банкінің Төрағасы Тигран Саркисян мырза және Қырғызстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Абдыбалы тегин Суеркул мырза сөз сөйледі.

Конференцияда едәуір экспорттық түсімдер, ақша аударымдары түріндегі ағындардың энергия тасымалдағыштардың жоғары бағасымен және ауқымды қаржы нарықтарындағы қолайлы жағдайлармен толығатындығы атап өтілді. Олар өтімділіктің молаюына, инфляция деңгейінің артуына және айырбас бағамының нығаюы бағытындағы қысымға алып келді, бұл ақша-кредит және бағамдық саясатты жүргізуді қиындата түседі.



Тұтастай алғанда, Конференцияға қатысушылар аймақтың орта мерзімді перспективадағы дамуына оң баға берді, сондай-ақ аймақ елдері экономикасының капитал ағындарына сай екенін атап өтті.
Каталог: cont -> import -> word
cont -> Ғылыми-Әдістемелік Кеңес мәжілісінде бекітілді
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2016 ж
cont -> «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов
cont -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
cont -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)
word -> Серияның, монетаның атауы Соғу сапасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет