«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
С-5 санаты үшін:жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-3
|
154 072
|
208 205
|
С-4
|
138 248
|
186 551
|
C-5
|
104 102
|
140 746
|
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, 277 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-13-88, электрондық адрес k.konkurs@qogam.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Басқарма қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады. Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік ақпараттық агенттіктер, интернет-ресурстар, желілік басылымдардың қызметін үйлестіреді, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың сапасын бақылау. Мемлекеттік емес БАҚ-пен, отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер, интернет-ресурстар, желілік басылымдар, қоғамдық журналистік ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. «Казконтент» АҚ, «Қазақпарат» ХАА» ЖШС-мен нақты қызмет бағыттары бойынша ынтымақтастықты үйлестіреді. Мемлекеттің әлеуметтік желілерде жұмыс бойынша ақпараттық стратегиялардың әзірлеуін үйлестіреді. Ақпараттық агенттікер, интернет-ресурстар, желілік басылымдармен ақпраттық стратегия жұмыстарын әзірлеуін үйлестіреді. Басқарма құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, басқа орталық атқарушы органдарға Елбасының тапсырмаларын, үкімет қаулылары мен шешімдері мәселелері бойынша есеп, ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бекітілген тәртіп бойынша Басқарма құзыреті шеңберінде Комитеттің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарма құзыреті шеңберінде Басқарма қызметкерлеріне міндеттер қойып, тиісті тапсырмалар беріп, Министрлік пен Комитет басшыларының бұйрықтары мен нұсқауларын, коллегия шешімдерін орындауын тексереді. Басқарманың ағымдық және ұзақ мерзімдік жұмыс жоспарын әзірлейді. БАҚ даму мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеуінде қатысады. Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, БАҚ-ын дамытудағы мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалары қызметін үйлестіреді. Басқарма құзыреті шеңберінде БАҚ және әлеуметік желілер қызметіне мониторинг өткізуді үйлестіреді. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырманың орындалуын тексеруді қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғаммен байланыс, саясаттану, әлеуметтану, қоғаммен байланыс, каржы, экономика және кәсіпорында басқару, жобаларды басқару, мемлекеттік және жергілікті басқару), гуманитарлық ғылымдар (философия, аударма ісі, халықаралық қатынастар, тарих, филология), білім (тарих, құқық және экономика негіздері, шет тілі: екі шет тілі, қазақ тілі және әдебиет), құқық (юриспруденция). «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.
2. Ақпарат комитеті БАҚ саласындағы бақылау басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Басқарма жұмысына жалпы басшылық етуді жүзеге асыру. Басқармаға міндеттелген функциялық қызметтердің дер уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігімен, ҚР Парламентімен, орталық және жергілікті мемелекеттік органдармен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру. Бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу және теле-, радиоарналардың, мерзімді баспа басылымдарының, ақпараттық агенттіктердың, желілік басылымдардың, интернет-ресурстардың және олардың өнімдерінде, сонымен қатар, телерадио хабарларын тарату операторларының Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы», «Телерадио хабар тарату туралы» заң талаптарын сақтауын бақылау. Телерадиохабар тарату және бұқаралық ақпарат құралдары салаларында анықталған заң бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру: өз өкілеттігі шегінде бұқаралық ақпарат құралдары мен телеарадиохабар тарату салаларында орын алған заң бұзушылықтар дерегі бойынша сотқа талап арыз дайындау; Комитеттің сот процесіне талап арызын, сонымен қатар, материалдарын ( жазба хатын қайтару, аппеляциялық, бақылау арыздарына қарсылық, өтінішхат және т.б.) дайындау. Басқарма құзыреті шегінде талапарыз беруді жүзеге асыру, сонымен қатар, басқарма құзыретіне жататын мәселелер қаралатын сот отырыстарына қатысу. Басқарманың салалық қызметіне қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы және телерадиохабар тарату туралы заңнамалық талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, ескерту, ұйғарым беру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заң жобаларын, нормативтік құқықтық актілерді, БАҚ-қа бақылау жүргізу саласындағы тұжырымдамалық құжаттар, арнайы жобаларды, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Әзірлеуші Басқарма болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін актілердің құқықтық мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілердің үйлесімсіздігін анықтаған жағдайда өзгертулер мен толықтырулар енгізу немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен олардың күші жойылған деп тану бойынша шаралар қабылдау. Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадиохабар тарату саласында шетелдермен серіктестікті жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабар тарату саласында әрекеттестікті реттеу жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың арыздарының дер уақытылы қаралуын бақылауды жүзеге асыру. Басқарма құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе журналистика, немесе халықаралық қатынастар.
3. Ақпарат комитеті Қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, , С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Мемлекеттік органдар және мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілерінің баспасөз қызметтерінің жұмысын үйлестіреді. Бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу ережелерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік емес бұқаралық құралдарымен, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарымен, журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен әріптестікті дамытады. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімішілігіне, Қазақстан Республикасы Үкіметіне, басқа да орталық мемлекеттік органдарға Елбасы бұйрықарын, үкімет қаулыларын орындау және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шеңберінде есептер мен ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Басқарманың ағымдағы және болашақ жоспарларын әзірлеуге қатысады. БАҚ дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер шеңберінде сараптамалық, ақпараттық және статистикалық мәліметтер дайындайды. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырма мен тапсырыстардың орындалуын тексеруді қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, (журналистика, қоғаммен байланыс, саясаттану, әлеуметтану, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, құқық), құқық (халықаралық құқық, юриспруденция, құқықтану, тарих, құқық), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқарма), білім (шет тілі: екі шетел тілі). «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және бұл лауазымның бағытына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
4. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті Архитектураны және цифрландыруды енгізу басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: 1. Министрлікте және жетекшілік ететін салаларда бизнес-процестерді цифрландыру бойынша жұмыстарды жүргізу;
2. Министрліктің архитектурасын әзірлеу, іске асыруды сүйемелдеу және дамыту жөніндегі жұмысты жүргізу;
3. Жиынтық және талдамалық жұмысты жүргізу, сондай-ақ Министрлік қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде орындалуын бақылау;
4. Басқарма құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
5. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл;
6. Басқарма және Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: гуманитарлық ғылымдар, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе құқық, немесе білім, немесе жаратылыстану ғылымдары, немесе техникалық ғылымдар және технологиялар.
5. Жастар және отбасы істері комитеті Мониторинг және талдау басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы кезеңіне 08.08.2020 жылға дейін), С-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Басқарманың құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерге және құқықтық актілерге мониторинг жүргізу және ұсыныстар енгізу; жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру; Басқарманың іс қағаздарын жүргізу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жиналыстарына материалдар әзірлеу; Комитет жұмысы туралы талдамалық баяндамалар, анықтамалар, шолулар, жинақ ақпараттар әзірлеу; «Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске асыру барысына талдау және мониторинг жүргізу; Министрліктің коллегиясына және Министрдің халық алдындағы есебіне материалдар әзірлеу; «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС жұмысын үйлестіру, соның ішінде мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға, іске асыруға және мониторингке қатысу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; құзыреті бойынша бюджетті қалыптастыру және атқару; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, Министрліктің басшылығының актілерінде көзделген және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасына сәйкес бекітілген лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (математика, физика, информатика, химия, биология, тарих, құқық жəне экономика негіздері, мектепке дейінгі оқыту жəне тəрбиелеу, география, қазақ тілі және əдебиеті, орыс тілі және əдебиеті, шет тілі: екі шетел тілі, әлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану, педагогика жəне психология), немесе гуманитарлық ғылымдар (философия, халықаралық қатынастар, тарих, мəдениеттану, филология, дінтану, аударма ісі, шығыстану, шетел филологиясы, теология), немесе жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика, физика, химия, биология, география), немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық, кеден ісі), немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, журналистика, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп жəне аудит, қаржы, мемлекеттік жəне жергілікті басқару, статистика, қоғаммен байланыс), қызмет көрсету (туризм) мамандықтары бойынша.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1)Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2)3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3)бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4)еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6)Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:
А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, C-R-1 санаттары үшін:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.
Бірінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (145 сұрақ) кем дегенде 102 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Бірінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 115 минутті құрайды.
B-5, B-6, C-4, C-5, C-O-4 санаттары үшін:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА
НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |