Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: с-r-4 санаты үшін



Дата11.01.2017
өлшемі129,39 Kb.
#7216
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-R-4 санаты үшін: Жоғары білім, орта білімнен кейін немесе техникалық және кәсіби білімі бар бір жылдан кем кем емес мемлекеттік қызмет өтілі немесе осы санат бойынша нақты лауазымда сәйкес функционалдық бағыттағы салада екі жылдан кем емес еңбек өтілі;

Келесідей біліктілігі болу керек: бастамашылық, бейімділік, талдағыштық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаны бағдарлау, тұтынушыны бағдарлау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білімі бар болғанда, еңбек тәжірибесі талап етілмейді.


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

73 288

99 105


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, индекс 050016, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы д. 2, анықтама үшін телефон: 8(727)279-33-34, факс 8(727)279-42-24, e-mail: nach_kadry_6005@taxgalmaty.mgd.kz және a.sagindikova@kgd.gov.kz

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс:


  1. Заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы

С-R-4 санаты ( 1 бірлік), (№4-1-5).

Қызметтік міндеттері: Бөлімнің экономикалық жұмыс жоспарын құруға қатысады;

Салықтық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысады;

Мемлекеттік кіріс органдарындағы өзара салық есептерінің деректерін, өзге де мемлекеттік органдардың салық салынатын нысандар және (немесе) салық салуға байланысты нысандар туралы мәліметтерін, сондай-ақ, салық төлеушінің қызметі жөнінде әртүрлі мекемелерден алынған деректемелерді салыстыру арқылы камералды бақылауды іске асырады;

Берілген жауаптарға үздіксіз камералдық бақылау жүргізу, жауаптар жоқ болған жағдайда аудит бөліміне тексеру жүргізуге береді;

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік материалдарды дайындайды;

ҚР ҚМ СК және Алматы қаласы Мемлекеттік кіріс департаментінің ақпараттары мен тапсырмаларын белгіленген мерзімінде орындауды іске асырады.;

Салық төлеушілердің сұрауларына заңнамаға сәйкес негізделген жауап береді;

Салық төлеушілерге жүргізілетін семинарларға, техникалық сабақтарға қатысуға шақырады;

Техникалық мәселелер пайда болған жағдайда басқармаға техниканың жағдай жөнінде уақытылы жазбаша түрде хабарлайды;

Хабарлама беру және одан кейін толық аяқталғанға дейін өңдеу жүргізу арқылы ҚҚС, КТС, ЖТС және ӘС бойынша камералды бақылауды іске асырады;

Қосымша құн салығы БАҚ (Бірыңғай ақпараттар қоры) бойынша автоматтандырылған камералдық бақылау нәтижелеріне сәйкес жұмыстар атқарады;

Жалған кәсіпорындар мен мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылған мекемелердің контрагенттеріне қолданылатын іс-шаралар бойынша жұмыстарды жүзеге асырады

Камералдық бақылаудың нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны, белгіленген мерзім ішінде орындамаған жағдайда, заңнамаға сәйкес шығыс операцияларын тоқтатып, әкімшілік жауапкершілікке тартады;

Камералдық бақылау ақпараттарын орындайды;

Хаттамалық тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындайды;

Залал-шығын алған мекемелерге камералдық бақылау жүргізеді;

Негізгі салықтарды әкімшілдендіруді жақсарту мен күшейту жұмысын жүзеге асырады (МИА, скриптер, т.б);

Қалалық мемлекеттік кіріс департаментімен жеткізілген тапсырмаларды орындайды, күнделікті салық төлеушілермен әңгіме жүргізеді;

Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдарымен қабылданған лауазымдық міндеттемелерді және ведомство ішілік құқықтық актілермен және Басқарма Басшысының құқықтық актілерімен қарастырылған өзге міндеттемелерді жүзеге асырады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономика және бизнес немесе құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Осы санаттағы лауазымдар бойынша Қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де міндетті білімі болуы.



  1. Жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы.

С-R-4 санаты ( 1 бірлік), №5-1-4.

Қызметтік міндеттері: ҚР ҚМ МКД тапсырмаларын, сондай-ақ басшылықтың тапсырмаларын өз уақытында және сапалы орындайды;

өз құзіретінің шегінде, сондай-ақ, басшылықпен міндетті түрде келісе отырып БАҚ арқылы салық заңнамасы мәселелері жөнінде салық төлеушілерге ауызша және/немесе жазбаша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

салық төлеушілердің салық заңнамасын және мемлекеттік қызметтер регламенттерін сақтауына бақылау жасайды (жетекші бағыттар бойынша);

жеке кәсіпкерлердің арнайы салық режимдерін қолдану шарттарын қадағалауына бақылау жасайды (әріқарай ЖК мәтіні бойынша);

басқарма қызметкерлерін салық заңнамасын қолдану мәселелері жөнінде оқытып-үйрету жұмыстарын жүргізеді;

хаттарға, арыздарға берілетін жауаптарды дер мезгілінде және сапалы дайындайды, сондай-ақ салық төлеушілерден және мемлекеттік мекемелерден түскен шағымдарды қарайды;

салық заңнамасының сақталуы бойынша хронометражды зерттеулер, сондай-ақ тақырыптық тексерулер жүргізуге қатысады;

салық заңнамасын түсіндіру жұмыстары бойынша кеңестер мен басқа да іс-шаралар өткізуге қатысады, Бөлім құзырына кіретін мәселелер жөнінде мақалалар жариялау үшін материалдар даярлайды;

Бөлім жұмысын ұйымдастыру мен жетекші бағыттар бойынша салықтық әкімшілік ету сапасын жетілдіру және жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

салық төлеуші (салықтық агент) ұсынған салықтық есептілікті, өкілетті органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерттеу және талдау негізінде жүйеленген бақылауды жүзеге асырады;

салық қызметінің органдары жүйеленген бақылау нәтижелері бойынша анықтаған бұзушылықтарды жою жөніндегі жеке қол қойылған немесе өзге тәсілмен жөнелту және алу дәйегі расталатын ескертпе-хабарламаның тапсырылуын қамтамасыз етеді;

Іздестірудің стандартты емес әдістерін қолдану арқылы ЖК іздестіру жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ жұмысты Қаржы полициясы органдарымен бірігіп және ҚР «Әкімшіліктік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 625 бабымен сәйкестендіру жолымен ұйымдастырады, әкімшіліктік өндірістік іс қозғаумен мерзімінде орындалмаған ҚР салық міндеттемесінің ҚР ӘҚ Кодексінің 219 бабына сай атқарылуын қамтамасыз етеді;Салық заңнамасын бұзушылықты анықтау, сондай-ақ салық салу жасырылған және/немесе төмендетілген нысандарды анықтау бойынша талдау жасау үшін скриптер мен басқа да есептерді даярлайды; салық төлеушілермен салық заңнамасының нормаларын түсіндіру мәселесі бойынша, нақты алынатын кірісті, жалдамалы жұмыскерлердің пайдаланылатын санын сенімді көрсету мәселесі бойынша, сондай-ақ касса тәртібін сақтау мәселесі бойынша әңгіме жүргізеді;

салық төлеушілердің салықтық есептілік түрлерінде ұсынған мәліметтерін сенімді көрсетуге қатысты ақпараттық жүйелерді пайдаланумен бақылау жасайды;

салық төлеушілер туралы құпияны қатаң сақтайды;

жұмыста салық салу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді қатаң басшылыққа алады. Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдарымен қабылданған лауазымдық міндеттемелерді және ведомство ішілік құқықтық актілермен және Басқарма Басшысының құқықтық актілерімен қарастырылған өзге міндеттемелерді жүзеге асырады;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік экономика және бизнес немесе құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Осы санаттағы лауазымдар бойынша Қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де міндетті білімі болуы.


  1. Заң бөлімінің бас маманы. Санаты С-R-4

(1 бірлік) (№ 11-1-1).

С-R-4 санаты ( 1 бірлік), №5-1-4.

Қызметтік міндеттері: Мемлекеттік кіріс басқармасының хаттамалары мен қаулыларының дұрыстығын қадағалау; сот процестеріне қатысу.

2-Н әкімшілік айыппұлдар бойынша есеп және талдау жасау

Заңды және

лерді заңдық консултациялау.

Басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынас.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің тапсырмаларын орындау.

сот істері жәнжеке тұлғалардың арыздарын қарау.

Салық төлеушіе Мемлекеттік баж бойынша ақпаратты дайындау, жоғары тұрған салық органына жолдау

Салық қатынастары бойынша сот істері туралы ақпаратты дайындау.

Салықтық тексеру қорытындысы бойынша хабарламаларға шағым.

Салық органдарының әрекеттеріне шағым.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қаулыларға шағым.

Сот істерін уақытында САЭБ АЖға (ИС ЭКНА) еңгізу.

Жұмысының жоспарын жасап оның атқаруы бойынша есеп.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мұрағатқа өткізу, сондай-ақ іс номенклатурасы бойынша жұмыс жасау.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік құқық саласындағы білімі барларға рұқсат етіледі Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Осы санаттағы лауазымдар бойынша Қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де міндетті білімі болуы.

  1. Талдау және есептеу бөлімінің бөлім басшысы (Уақытша, негізгі қызметкердің балаға күтім жасау демалысы мерзіміне, 25.08.2019 жылға дейін

Санаты С- R -3 (№7-1-0)
Қызметтік міндеттері: Жалпы басқару және экономикалық – бақылау жұмыстарын жоспар бойынша орындалуына қадағалау:

Қызметкерлердің атқаратын жұмыстарын және міндеттерін анықтайды;

Бөлім жөнінде ережелерді әзірлеу, басқарма басшысына структурасын бекітуге дайындайды;

Басқарма басшысына қызметкерлерді тағайындауға немесе босату жөнінде ұсыныстарды дайындау және табыс етуге, сонымен қатар оларды мадақтау немесе тәртіп бұзушылықтары үшін өнідіріп алу;

Бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша ұсыныстарды қарастыруға басшылыққа береді;

Бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша қалалық Департаменті мен аудандық басқармасының жиналыстарына қатысады;

Бөлім қызметкерлері арасында өзара алмасылымдылықты анықтайды;

Салықтық тексерулеріне қатысты жұмыс жүргізу жоспарларын құрады; мемлекет қорына артық немес қате түскен қаржының қорытындысын басшылықпен келісе отырып шешім қабылдайды.Мемлекетке түскен қаржының есептілігін уақытылы және сапасына жауапты.

Тапсырылған жұмыстардың толық және уақытында орындалуын ұйымдастырады;

Ақпараттардың уақытында және сапалы орындалуына жауапты;

Жұмыс жүргізу барысында барлық нормативтік – құқықтық актілер мен заңдарды басшылыққа ала отырып орындайды;

Салық Кодексіне сәйкес салық төлеушілер жайында мәліметтерді қатаң түрде жасырын сақтайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес немесе құқық саласында жоғары білім. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Осы санаттағы лауазымдар бойынша Қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де міндетті білімі болуы.


Құжаттарды қабылдау соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, Алматы қаласы Абылай хан даңғылы 2 үй 101 бөлмеде қабылданады.

Байқаушы мен сарапшының конкурстық комиссия отырысына қатысуы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген nach_kadry_6005@taxgalmaty.mgd.kz электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.



Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір күн бұрын кешіктірілмей береді.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беріліуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша

___________________________


(мемлекеттік орган)
Өтініш

Мені ___________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
   Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу
және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi
талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме
аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар: ________________________________________________________________


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                       _______________________________


   (қолы)                            (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____» _______________ 20__ ж.



Әңгімелесуді өткізу тілі ________________________
байланыс телефоны ___________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет