Көпшілік алдында сөйлегенде қай-қайсымыз болсақ та уайымдап, қорқыныштың бойымызды
билеп алуына жол береміз.
Бонапарт былай деген екен: «Кімде кім дұрыс сөйлей алмаса, соның мансап жолы да дамымайды».
Рас қой? Бірақ мына заманда техника бұл олқылықтың да орнын толтырып жүр: түрлі слайд-
шоулар, кестелер, суреттер…
Дегенмен осы құралдарға сеніп алсаңыз – ешқашан да шешен бола алмайсыз!
Америкалық белгілі коуч бір сөзінде: «Спикер өз сөзін түрлі слайдтар мен кестелер арқылы
түсіндіре беретін болса, тыңдарман оны түсіне бермейді»,- дейді. Себебі адам екі бірдей іс-
әрекетті тыңғылықты атқара алмайды. Нәтижесінде ой тыңдаушысына толықтай жетпейді.
Абыройы асқақтап тұрған тағы бір оратор Скотт Беркун де осы ойды құптайды: «Тарихтағы ең
керемет сөйленген сөздерді еске түсіріп көрейікші. Олардың ешқайсысында да слайдтар мен басқа
да реквизиттер болмаған».
Шешен сөйлеуге арналған 5 көмек:
Бірінші көмек: тыңдармандардың проблемасын шешіңіз.
Аудиторияңызды мазалаған сұрақтарға жауап беріңіз. Өз сөзіңізді де осы проблеманы сипаттаудан
бастаңыз. Осы арқылы өзіңіздің біліміңізді көрсетіп, тыңдармандардың назарын өзіңізге
аударасыз. Осыдан кейін сол мәселелердің шешу жолдарын айта бастаңыз.