Көркем негізгі мектебінің 2015-2016 оқу жылында тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша өткізілген жұмыстарға аналитикалық есеп



Дата27.12.2016
өлшемі66,03 Kb.
#6150
Көркем негізгі мектебінің 2015-2016 оқу жылында тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша өткізілген жұмыстарға аналитикалық есеп.

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында нақтыланған 12 бағыты бойынша жұмыстар жүргізілді.

Міндеті:

1.Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор,рухани дүниесі бай,адамгершілікті, тәуелсіз және жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.

2.Оқушылардыазаматылыққа,отансүйгіштікке,зиялылыққа,адам құқықтары мен бостандықтарын,мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.

3.Жастарды қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыдан үздіксіз пісіп жетілуіне ықпал жасау,қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу.


1 Азаматтық, патриоттық, құқықтық және полимәдениеттілік тәрбие беру

2.Рухани адамгершілік тәрбие ;

3. Эстетикалық тәрбие

4 Экологиялық тәрбиесі

5. Отбасы тәрбиесі

6. Дене тәрбиесі салауаттылық

7. Еңбек және экономикалық тәрбие

8 .Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру;

9. Өзін - өзі тану мен өзін - өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру;

10. Кәсіби шығармашылығын қалыптастыру;

11.   Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру.

Ұлттық тәрбие/ елжандылық/

12. Интеллектуалды мәдениетін қалыптастыру;

Қыркүйек айында патриоттық сананы қалыптастыру бағытында – Отанымыздың тағдыры үшін, елді бейбіт және әскери жағдайда қорғауға жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын тәрбиелеу.



Білім күні мерекесіне орай «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттары өтті . «Елбасы таңдаған әнұран» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында іс-шара өтті. «Менің ауылымның тарихы» жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тұсаукесері өтті.» Мемлекеттік рәміздер» сауалнама жүргізілді. «Ауғанстан-жүректегі жара» Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті «Бұл –біздің ту,Бұл біздің елтаңба,Бұл біздің әнұран» іс-шарасы «Абай оқулары» мектепішілк сайысы өтті. 1 мамыр «Бірлігіміз жарасқан» Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мереке өткізілді. Құқықтық тәрбие беру тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігін, мінез – құлқын қалыптастыруға, заңға мойынұсынатын, заңды білетін ғана емес, сонымен қатар, оларды саналы түрде орындайтын азамат тәрбиелеу. барысында жоғары сыныптар арасында «Жасөспірім және заң» дөңгелек үстел «Мен өз құқығымды білемін» тақырыбында әңгіме-сұхбат жүргізілді.Жасөспірімдер арасында «түнгі көшеде» рейдтер «Өз жолымызды өзіміз таңдаймыз» атты әңгіме «Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу» жұмыстары ұйымдастырылды.Сабақты босатқан оқушыларда қадағалау барысында сынып жетекшілер түрліше жұмыстар атқарды дегенмен себепсіз сабақ босатқан оқушылар болған жоқ. Рухани адамгершілік бағытында төмендегі тақырыптар бойынша көптеген іс-шаралар «мектепке жол» акциясы «Отан отбасынан басталады», «Ұстаз –ұлы тұлға» «Дін және дәстүр» Діни экстремизм мен терроризм «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» халықаралық аналар күніне арналған ертеңгіліктер мен кештер өтті. «Көктемгі мейірімділік апталығы» өткізіліп көктем кереметін оқушыларға жете тсінік беру мақсатында өтізілді «Сыңғырла соңғы қоңырау» 31 мамыр күні Репрессия құрбандарын еске алу күніне арналып кең ауқымды іс-шара өтті. Ауыл ақсақалдарымен бірлесіп кітапханашы әзірлеген , бейнебаян көрсетілді. Мектебіміздің төменгі сынып оқушылары мектеп мұражайына саяхат жасап, мұражайдан көптеген көне заттарды көрді. Отбасы тәрбиесі бағытында да мектебімізде аталған оқу жылында көптеген іс-шаралар жүргізілді. Саналы ұрпақ тәрбиелеуде жанұя мен мектептің тығыз байланыста болуы- игі істерге әкелер жол екенін бәрімізге беймәлім. Жалпымектептік ата-аналар жиналысы ата-аналар комитетін сайлау. 1 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған психологиялық көмек конференциясы өтті. Мектебіміздің психолог маманы ата-аналар үшін сауалнамал әзірлеп , көкейлерінде жүрген сауалдарғ,а жауап берді. Әр сынып жетекшісі ата-аналармен ұдайы кездесулер жасап,барлық мерекелерге щақырып бірлдесе жұмыс жасады. «Патриоттық тәрбие отбюасында және мектепте» атты баяндама оқылып дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Отбасы неке,отбасындағы қыз бала тәрбиесі» тақырыбында аналар мен кездесу күнрі болды. «Спорт және мен» «Анам ,әкем және мен» спорттық сайысы өтті жеңімпаз отбасы марапатталды. Мектебімізде болып жатқан жаңалықтар ,мерекелер, сайыстар түрліше шараларға ата-аналар белсене қатысады. Әр тоқсан сайын ата-аналар қауымдастығы жиналысына да жаппай қатысады. Жазғы демалыста отбасымен бірге саяхаттау жоспарланып отыр. Экологиялық тәрбие бағытында табиғатты қорғаудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, табиғатпен араласуды, табиғатқа теңдессіз құндылық ретінде және туған ел табиғатына Отанға деген қатынасты тәрбиелеу таза бейсенбіліктер,экологиялық сенбіліктер ұдайы жоспар бойынша жүргізіліп отырды. Тимур тобының жұмысы. «Туған жердің табиғаты тамаша! Метебіміздің еріктілер тобыныан құрылған «Жасыл ел» ауыл ішін гүлдендіру мақсатында жоба жүргізілуде Ауылымызда орналасқа ескерткіш маңын ,мектеп алдын гүлдендіру,көгалдандыру,абаттандыру сияқты көптеген істер ұйымдастырылды. «Құстар біздің досымыз» сынып сағаттары Қазіргі уақытта оқушылардың жазғы еңбек практикасы басталып көгалдандыру жұмыстары өткізілуде. Дене тәрбиесі және салауаттылық бағытында– дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салуатты өмір салтын дамыту.

Қыркүйек айында Денсаулық фестивалі «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» дәрумендер күні, «Өмірімізді жақсартуға не бөгет жасайды» денсаулық сабағы өтті «Темекнінің зияны» дөңгелек үстел. СПИД ғасыр дерті СӨС туралы сынып сағаттарыөткізіліп презентациялар әзірленді. Спорттық ойындардан сайыстар ұдайы жүргізіліп отрыды. Мектебімізде аталған бағытта іс-шаралар тартымды және кең көлемді өткізіледі. «Абайлаңыз! ЖРВИ мен тұмау сауалнамалар алынды. Қысқы мезгілде шана ,шаңғы тебу ойындары үнемі болып отырады. Эстетикалық тәрбие беру эстетикалық сана, талғам, сезім  және көркем – эстетикалық қабілет тәрбиесі.

«Сабын бізге не үшін қажет?»бастауыш сыныптарда ойын түрінде сұрақ-жауап сайсы өтті «Дұрыс киіне білу де әдептілік». Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білу.«Жағымсыз қылықтар» жоғары сыныптарда дөңгелек үстел. Дәрумендер сенің досың» сап әндерін үйрену Мектеп медбикесімен әртүрлі тақырыптарда кездесулер мен кештер өтті. Еңбек және экономикалық тәрбие бағытында еңбекке деген жауапкершілік қатынасты қалыптастырып, шығармашылық еңбекке деген қажеттілікті дамытып, еңбек мәдениетін тәрбиелеу. «Қазақстанның даму сатысы» тарих сабақтарында әңгімелеу. Қазақстан-2050 бағдарламасының экономикалық сатысы» «Отбасы бюджеті» «Менің болашақ мамандығым» тақырыптарында жұмыстар жүргізілді.

Өзін - өзі тану мен өзін - өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыр «Мен-көшбасшымын!» өзін-өзі басқару «Мектеп Президенті», «Жас ұлан», «ЖЖИ», «Жас полиция», қыздар ұйымы, «Ұландар», «Еріктілер» «Мен және менің достарым» «Менің сыныбым, менің ұжымым» «Төзім мен табандылық қажет пе?» дөңгелек үстел ,сурет сайысы сияқты аталған тақырыптарда жұмыстар жүргізілді. 

Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру тәртіп қағидасын анықтайды, құндылықтар жүйесін, идеалдарды, нормаларды айшықтайды және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсетуде қарым қатынасты ұйымдастыруға, байланысты орнатуға, оларды дамытуға, келісуге, тәртіпке келтіруге және түзетуге көмек береді. «Шешендік сөздер» «Жас ақындар» сайысы «Адам өміріндегі қарым-қатынастың маңызы»

Кәсіби шығармашылығын қалыптастыру;

«Мамандықты таңдау жолдары» 9 сынып оқушыларымен сұхбат «Менің ата-анамның мамандығы» «Арман керек адамға» тәрбие сағаты жоғары сыныптарда Өз кәсібін сүйген адамдармен, мектеп түлектерімен кездесу.



Әлеуметтік –мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру. «Жақсы мен жаман қасиеттерді білу» «Аталы сөз баталы сөз» «Ең үздік оқушы»

Ұлттық тәрбие /елжандылық/ өз ұлтының лайықты өкілі, өз тілін, тарихын тасымалдаушы,  басқа ұлттардың мәдениетін білетін және  құрметтейтін, басқа ұлт өкілдерімен диалог жүргізуге және өзара әрекет етуге даяр адамды, туған жеріне сүйіспеншілік рухында, үлкендерді сыйлауға, табиғатқа құндылық ретінде қарауға тәрбиелеу. «Тілім менің тірегім» тілдер мерекесі қарсаңында 10 күндік өтті. Өлең айту сайысытары «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» шығарма сайысы.

Интеллектуалды мәдениетін қалыптастыру; тұлғаның интеллектуалды әлеуетін дамыту, көптілді, функционалды және ақпараттық  сауаттылыққа тәрбиелеу қасиеттерін қалыптастыру «21ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны «Не? Қайда? Қашан?» «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» сайыстары «ҚР мемлекеттік рәміздері» 5-8 сыныптар арасында «Жұлдызды сәт» 1-4 сыныптар арасында үздіктер сайысы өткізілді

Жазғы сауықтыру жұмиысының жоспары құрылып бірінші ауысым жұмысы жүргізілуде. Жоспар барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне -25 жыл толуына орай көптеген іс-шаралар жоспарлануда. Дұрыс ұйымдастырылған және жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар ғана оң нәтижесін берері сөзсіз . 2015-2016 оқу жылында жүргізілген барлық тәрбие жұмыстары оң нәтижесін таба білді деп сенеміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет