Көшбасшылық



Дата05.05.2020
өлшемі12,06 Kb.
#66019
Байланысты:
Нұрбике, эссе


Көшбасшылық.
Менің ойымша, тек өзін-өзі басқара білген адам ғана өзгелерді басқара алады. Себебі өзіне мақсат қойып, өзінің уақытын жоспарлы түрде, яғни тиімді пайдалана білген адам мықты. Былайша айтқанда, ол өзінің барлық әрекеттеріне, сезімдеріне, айтқан сөздеріне, кеңірек алғанда: өз өміріне қожайын. Ол өзін-өзі басқара отыра алдыңа биік мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында өзіңді-өзің шектей алу, міндеттей алу, мәжбүрлей алу, қышап, қинай алу, әрекеттену мен жұмысқа салу. Бұндай адамдарға көшбасшылық тән деп есептеймін. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі  әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.

Сонымен қатар мен үшін көшбасшылықтағы маңызды қасиеттердің бірі – жауапкершілік пен адамгершілік . Жалпы бұл қасиеттер әрбір жеке тұлғада кездеседі деп айта алмаймын. Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Яғни, көшбасшы – жол таба білетін, басқаларға жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін тұлға.



Біз көшбасшылық, харизма - бұл сананың тереңінен алып, дамуды қажет ететін ұшқын екендігі туралы білеміз. Көшбасшылық - бұл эмоциялар, мотивацияның ғарыштық деңгейі және адам факторы. «Көшбасшылық - бұл жеке тарих», дегенге мен сенемін. Себебі адамда туа біткен көшбасшылық қасиеттері болады және жүре қалыптасқан көшбасшылық қасиеттері болады. Бұның бәрі адамның жеке тарихы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет