Кп тк ut 4302 – Ұйымдар тілі



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата08.11.2023
өлшемі185,67 Kb.
#190239
түріЛекция
  1   2
Байланысты:
ҰЙЫМДАР ТІЛІ №7 дәріс



Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Теориялық жəне қолданбалы тіл білімі кафедрасы
 
 
 
КП ТК UT 4302 – ҰЙЫМДАР ТІЛІ
күндізгі оқу түрі бойынша
6В02304 - Филология: қазақ филологиясы
Мамандығы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтөбе қ. 
2023-2024 оқу жылы 


№7 лекция
Тақырыбы:
Ұйым түрлері. Халықаралық ұйымдар бағыты, 
ерекшеліктері 
Қарастырылатын сұрақтар:
Нəтижелі келіссөз. Алғышарттар мен 
амалдар. 
Лекция тезисі

Халықаралық ұйымдар - мемлекеттердің немесе олардың 


құрылымдарының, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, ұлттық қоғамдардың, 
үкіметтік емес сипаттағы қауымдастықтардың, əртүрлі мемлекеттердің 
атынан жүретін жеке мүшелердің бірлесуі; қоғамдық өмірдің əртүрлі (саяси, 
экономикалық, əлеуметтік, мəдени, ғылыми-техникалық жəне т.б.) 
салаларында ортақ мақсаттарға жету үшін құрылады жəне халықаралық 
əріптестіктің аса маңызды түрі болып табылады. 
Халықаралық ұйымдар XIX ғ. екінші жартысында пайда болды, ол 
ұлттық мемлекет шеңберінен шыққан дамыған экономикалық жəне 
əлеуметтік-саяси қатынастардың түбегейлі жаңа мəселелердің, трансұлттық 
міндеттердің шешімін табуда бірлесудің, халықарaлық күшті жұмылдырудың 
объективті қажеттілігінен туды. Алғашқы бұқаралық халықаралық ұйымдар - 
1863 ж. швейцарлық Анри Дюнан негізін қалаған Қызыл Крест жəне Бірінші 
интернационал - 1864 ж. Лондонда К. Маркс пен Ф. Энгельс негізін қалаған 
Халықаралық жұмысшылар жолдастығы. Алғашқы Халықаралық 
үкіметаралық ұйым -1874 жылы қүрылған Жалпы пошталық одақ. 
Халықаралық ұйымдардың құрылуына түрткі болған I жəне II 
дүниежүзілік соғыстар. Олар аяқталғаннан кейін əлем оның зардабын 
талқылап, енді болдырмау үшін тиімді, оңтайлы халықаралық 
қауіпсіздік жүйесін қүруға талпыныс жасады. Осылайша, 1919 жылы Ұлттар 
Лигасы қүрылды. 1945 жылы Сан-Францискода Біріккен Ұлттар 
Ұйымының Жарғысы қабылданды. XX ғасырдың екінші жартысында күрт 
күшейген жаһандану процестері, оған сəйкес əртүрлі елдер мен халықтардың 
өзара қарым-қатынасының дамуы жаңа халықаралық ұйымдардың 
қүрылуына септігін тигізді. XXI ғ. басында əлемде қызметі, мақсат-
міндеттері, бірлесу түрі, қатысушылар саны, өкілеттігі алуан түрлі ондаған 
мың халықаралық ұйым бар. Бірлесу түріне байланысты халықаралық 
ұйымдар үкіметаралық жəне үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық 
халықаралық ұйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың 
негізінде құрылып, қызмет етеді. 
Белгілі бір мақсаттарды орындау үшін халықаралық шарттар негізінде 
құрылған тұрақты қызмет ететін органдары бар, халықаралық құқық 
субъектілікке ие жəне халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттары 
негізінде құрылған мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.Халықаралық 
ұйымдардың белгілеріне: 
1. халықаралық жарғылық шарттың болуы; 
2. белгілі бір мақсаттардың болуы; 


3. сəйкесінше ұйымдық құрылымы: тұрақты органдар жүйесі жəне штаб – 
пəтері; 
4. мүше мемлекеттер құқығы мен міндеттерінен ажыратылатын өзіндік 
құқықтары мен міндеттері; 
5. халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сəйкес құрылуы; 
6. үш жəне одан да көп мемлекеттер мүшелігі жатады. 
Халықаралық ұйымдардың белгілері Ежелгі Грекияда пайда бола 
бастады жəне онда қалалар мен қауымдастықтар одақтары – Пелоппонестік 
жəне Афиналық симмахиялар болды. Бұл екі ежелгі грек одақтарының 
арасындағы қатынастар жауластық сипатта болды жəне аяғы Пелопоннес 
соғысымен аяқталып, нəтижесінде грек əлемінде Спарта гегемониясы 
орнықты. Афиналық симмахия таратылып жіберілді. Халықаралық ұйымның 
басқа нысаны ретінде көне халықаралық бірлестіктер – көне грекиялық 
амфиктиондар тайпалар мен қалалардың ортақ қазынасы, соғыс жүргізу 
ережелері бар діни саяси одағы болды. Амфиктионияға нақты ішкі құрылым 
тəн болған.
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарға тəн белгілердің бірі – 
мемлекетаралық ұйымдардың тез дамуы мен ұлғаюы болып табылады. ХХ ғ. 
басында саяси бағыттағы халықаралық ұйымдардың көптеген жоспарлары 
пайда бола бастайды жəне олардың мақсты – соғысты болдырмау болды. 
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде осындай жоспарлаудың жүзден астам 
түрі құрылған еді. Осындай жоспарлаудың бірі Ұлттар Лигасының негізін 
қалады.
1919 жылы 28 сəуірде қабылданған Ұлттар Лигасының Жарғысына 44 
мемлекет қол қойды, оның ішінде 31 мемлекет бірінші дүниежүзілік соғыста 
Антанта жағында болғандар еді. Бұл ұйымның алғашқы мүшесі АҚШ болды. 
Мемлекеттердің екінші тобы – «шақырылғандар» болды. Олар бірінші 
дүниежүзілік соғыста бейтарап саясат ұстанған 13 мемлекет болды. Ұлттар 
Лигасының көптеген кемшіліктері болды: негізгі органдар – Жиналыс пен 
Кеңестің арасындағы құзыреттері нақты реттелмеген, Жарғысында 
агрессияшыл соғыстың жүргізілуіне нақты қарсылық болмаған, Ұлттар 
Лигасының Жарғысы басқа мемлекеттер алдында өз міндеттерін атқару үшін 
қажетті қаруды минимум мөлшеріне дейін азайту идеясын қолдаған.Сол 
себепті Ұлттар Лигасының 1931 жылы Солтүстік – Шығыс Қытайдағы 
жапондық агрессияға қарсы ешқандай тиімді əрекеттер жасай алмауы бұл 
халықаралық ұйымның беделін халықаралық аренада төмендетіп жіберді. 
1933 жылы Ұлттар лигасы қатарынан фашистік Германия мен милитаристік 
Жапония шығып кетті.
Ұлттар Лигасы өзінің қызметі барысында бірде – бір маңызды 
дауды реттей алмады, нəтижесінде жаңа дүниежүзілік соғыстың алдын ала 
алмады. Сонымен, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 
құрылған бірінші халықаралық үкіметаралық ұйым тəжірибесі сəтсіздікпен 
аяқталды. Соғыстан кейінгі тарихта, 1945 жылы 26 маусымында қабылданған 
Біріккен ұлттар ұйымының Жарғысы сияқты терең мағыналы, ерекше 
ұжымдық халықаралық құжат болған жоқ. 


БҰҰ Жарғысын жасау бойынша конференция Сан – Франциско 
қаласында өтті. Онда фашистік Германия мен милитаристік Жапонияға соғыс 
жариялаған 50 мемлекет өкілдері жиналды жəне Біріккен Ұлттар 
Декларациясына қол қойды. Кейін оларға Польша қосылды. Бұл мемлекеттер 
– БҰҰ –ның алғашқы мүшелері. 1945 жылы 24 қазанда бекіткеннен кейін, ірі 
бес держава – КСРО, АҚШ, Англия, Франция жəне Қытайға сақтауға 
бекітілген грамоталарды тапсырып, басқа мүше мемлекеттер 
парламенттерінің келісім беруінен кейін БҰҰ Жарғысы күшіне енді. БҰҰ – 
ның құрылуы – бейбітшіл күштердің соғысқа қарсы, халықтар арасында 
достық қарым – қатынсатардың дамуы үшін күресте маңызды қолдау болды. 
Ұйым жалпы əлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, 
экономикалық жəне əлеуметтік үрдісті ынталандыру үшін халықаралық 
ынтымақтастық органы ретінде ойластырылып құрылған болатын.
Əлем сенімі БҰҰ – ның Жарғысында қамтылды. Жарғы БҰҰ 
қызметінің саяси – құқықтық негізі болды. Оны жасау үстінде бейбітшілік 
сүйгіш күштер барлық елдер тендігі мəселесінде де бейбітшілікті қамтамасыз 
ету мəселесінде де, принципиалды жаңа қойылымына қол жеткізді. Соның 
арқасында БҰҰ халықтар прогресі мен əлемнің нақты құралына 
айналды. БҰҰ Жарғысы кіріспеден жəне 111 баптан құралған 19 тараудан 
тұрады. Оның ерекшелігі: БҰҰ негізгі органдары өзінің тəжірибесі кезінде 
Жарғының жағдайларын түсіндіре алып, өз қызметтерінің барысына қарай 
түсіндіруінде.
Бірінші бабында көрсетілген мақсаттар: 
1. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 
2. Халықтар теңдігі мен өз тағдырын өзі шешу қағидаттарын құрметтеу 
негізінде ұлттар арасында достық қатынастарды дамыту; 
3. Экономикалық, əлеуметтік, мəдени, гуманитарлық сипаттағы 
халықаралық мəселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты 
жүзеге асыру; 
4. Ортақ мақсатқа жетуде ұлттар істерін келістіру үшін орталық болу. 
Сонымен, БҰҰ Жарғысында тең құқылық, прогресс пен еркіндік идеялары 
кеңінен халықаралық – құқықтық жағынан танылып бекітілді. Ол, əрине, 
бейбітшілк пен демократия күштерінің ірі саяси жетістігі болды. Сондықтан 
БҰҰ Жарғысы қазіргі кезеңдегі халықаралық құжаттардың ең əйгілісі болып 
танылады. Ең жақсы сынақ – уақыт сынағы, БҰҰ Жарғысы уақыт сынауынан 
өтті. 
БҰҰ бас пəтері Нью – Йоркте Манхэттен аралында 39 қабатты ыңғайлы 
ғимаратта орналасқан. БҰҰ – ның негізгі органдарына Жарғының 7 – ші 
бабында көрсетілгендей, Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық 
жəне Əлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық бойынша кеңес, 
Секретариат жатқызылған. 
Бас Ассамблея барлық мүше елдер өкіл ететін жалғыз орган болып 
табылады. Бас Ассамблеяда маңызды мəселелер бойынша шешімдер қатысып 
отырған жəне дауыс беріп отырған мүшелердің үштен екісінің көпшілік 


дауысымен қабылданады. Бас Ассамблея кезекті жыл сайынғы 
отырыстарына қыркүйектің үшінші сейсенбісінде жиналады.
Бас Ассамблеяның БҰҰ ішкі өміріне қатысты бірнеше өкілеттіктері бар: 
Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес 10 мүшесін сайлайды, сонымен қатар 
Экономикалық жəне əлеуметтік кеңестің 54 мүшесін, Халықаралық соттың 
15 мүшесін сайлайды, бірқатар басқа органдар, комиссиялар, комитеттер 
құрады. Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен жаңа мүшелерді қабылдайды 
жəне БҰҰ – ның Бас хатшысын тағайындайды.
Қауіпсіздік кеңесі. БҰҰ мұшелері Қауіпсіздік Кеңесіне «халықаралық 
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөнінде басты жауапкершілікті» 
жүктеді. Ол БҰҰ барлық мүшелерінің атынан жұмыс істейді. Ұйымның 
мүшелері Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне бағынуға жəне Жарғыға сəйкес 
міндеттерді орындауға міндетті.
Қауіпсіздік Кеңесі Ұйымның 15 мүшесінен тұрады: 5 тұрақты жəне 10 
тұрақсыз. Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелеріне: Қытай Халық 
Республикасы, Ресей, Франция, Англия жəне АҚШ жатады.
Экономикалық жəне əлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС) – 1946 жылы 
құрылған БҰҰ – ның органы. Ол 54 мүшеден тұрады жəне олардың үштен 
бірі жыл сайын Бас Ассамблеяда сайланып отырады. Кеңестің көмекші 
органдарына 5 аумақтық комиссия жатады: Еуропалық экономикалық 
комиссия, Азия мен Тынық мұхит ұшін экономикалық комиссия, Африка 
үшін экономикалық комиссия, Батыс Азия үшін Экономикалық жəне 
əлеуметтік комиссия, Латын Америка мен Кариб үшін экономикалық 
комиссия. ЭКОСОС – тың жоғары органы – жылына үш рет шақырылатын 
сессия. 
Қамқорлық бойынша Кеңес – БҰҰ Бас Ассамблеясы басқармасымен жұмыс 
істейтін БҰҰ – ның органы. Ол 1946 жылы құрылған жəне оның мақсаты – 
қамқорындағы аймақтар басқарылуы үшін жауап беретін үкіметтер олардың 
өзін - өзі басқару мен тəуелсіздігіне дайындау үшін тиісті шараларды 
қабылдауын қамтамасыз ету.
Халықаралық сот Бұұ –ның негізгі сот органы болып келеді. 1945 жылы 
құрылған. Ол БҰҰ Бас Ассамблея сайлайтын 15 судьядан тұрады. БҰҰ 
Халықаралық сот тек халықаралық құқықтық келіспеушіліктерді 
қарастырады.
Секретариат Бас хатшы басшылығымен жұмыс істейді. Ол ағымдағы 
жұмыстардың орындалуына жауап береді, БҰҰ түрлі органдардың 
жұмыстарын істеп, олар жасаған бағдарламалар мен саясатты жүзеге 
асырады. Бас хатшы – БҰҰ – дағы негізгі əкімшілік лауазымды тұлға – ол 
Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынысымен Бас Ассамлеямен тағайындалады. Бас 
хатшы Бас Ассамблеяға БҰҰ жұмысы туралы жылдық есеп беріп отырады, 
БА, Қауіпсіздік Кеңесі, ЭКОСОС; Қамқорлық бойынша комитет 
отырыстарына қатысады жəне бұл органдар тапсырған басқа да міндеттерді 
орындайды.
Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ – ның мүшесі болып кірді. 
БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің 46 –шы сессиясында біздің елімізді аталмыш 


аса маңызды əмбебап халықаралық ұйымның мүшесі ретінде бекіткен 
болатын.Қазақстан БҰҰ–ның мамандырылған мекемелерімен 
ынтымақтастығын ерекше айтуға болады. Ең алдымен, ЭСКАТО (Азия мен 
Тынық мұхит үшін экономикалық жəне əлеуметтік комиссия) жəне ЕЭК – 
пен (Еуропалық экономикалық комиссия) байланысы. Қазақстан ЭСКАТО 
мен Азия аймағында жер бетіндегі көлік пен инфрақұрылымын дамыту 
жобасы бойынша, ауыл шаруашылығы саласында, қоршаған орта, сауда, 
статистика салаларында қызмет істейді. ЕЭК Қазақстанға еуропалық 
қаржылық экономикалық институттарға бірігуі жəне қаржылық, техникалық 
құралдар тарту, сараптамалық болжамдар мен ұсыныстарға қатысты көмек 
көрсетіп отыр.
1997 жылдың қазанында ЕЭК атқарушы хатшысы Ива Бертело мен 
ЭСКАТО атқарушы хатшысы Адриануса Муи Қазақстанға келеді. Олар 
Н.Назарбаевтың СПЕКА деп аталатын бағдарламаның жобасын жоғары 
бағалап, бұл бағдарламаны жүзеге асыру кезінде БҰҰ жағынан ғана емес, 
сонымен қатар қаржылық ұйымдар, жеке меншік сектор жағынан да көмек 
алатындығын айтты. 
Қазақстанда БҰҰ – ның мамандырылған мекемелері өз офистерін 
құрды: 
ЮНЕСКО (Білім, ғылым жəне мəдениет мəселелері бойынша БҰҰ); 
ЮНИСЕФ (БҰҰ – ның Балалар қоры); 
ПРООН (БҰҰ – ны дамыту бағдарламасы); 
ВОЗ (бүкілəлемдік денсаулық сақтау ұйымы); 
ЮНИДО (Өнеркəсіптік даму бойынша БҰҰ); 
УВКБ (Босқындар бойынша БҰҰ Жоғары Комиссарының Басшылығы); 
ЮНСПИД (СПИД – пен күрес бойынша Ғаламдық денсаулық сақтау 
бағдарламасы); 
ЮНФПА (Халық саны бойынша БҰҰ – ның қоры). 
Юнеско – білі, ғылым жəне мəдениет мəселелері бойынша БҰҰ ұйымы өз 
офисін Қазақстанда 1994 жылы қалап, білімді одан əрі дамыту үшін Азиялық 
Даму Банкінен 1995 – 1996 жж. несие алу қажеттігін дəлелдеу үшін білім 
жүйесіне жан – жақты талдау жүргізді. Сонымен қатар Арал мен Каспий 
теңізі, бұрынғы Семей ядролық плигонының моноторингі жобасы жүзеге 
асырылды. 
Қазақстан ЮНИСЕФ – пен ынтымақтастыққа көп көңіл бөліп отыр. 
1995 жылы Қазақстан үкіметі «Бөбек» қорымен бірлесіп, ЮНИСЕФ 
АСПЕРА бағдарламасын бастады. Бұл бағдарламаның негізгі міндеттері – 
кеңейтілген иммунитеттеу, тамақтану, су сапасы мен қоршаған орта 
жағдайының, оқу – білімнің мониторингі, əлеуметтік жұмылдыру мен 
ұсыныстар. Қазіргі кездегі БҰҰ мен Қазақстан арасындағы қарым – 
қатынасқа келсек, Біріккен Ұлттар Ұйымындағы мүшелік – Қазақстан 
егемендігінің жарқын нышандарының бірі жəне оның бейбітшілік, даму жəне 
өркендеу мұраттарына қалтқысыз адал екендігінің айғағы.
Қазақстанның халықаралық аренадағы алғашқы қадамдарынан бастап 
Біріккен Ұлттар Ұйымымен өзара ықпалдасу басымдығы əрдайым аталады. 


Өзіне алған халықаралық міндеттемелерді мүлтіксіз орындау біздің елімізді 
жауапты əріптес ретінде танытты. Қазақстан Алматыда 2003 жылғы тамызда 
теңізге шығу арнасы жоқ дамушы елдердің проблемалары жөніндегі БҰҰ – 
ның Бірінші халықаралық министрлік конференциясын өткізуге қатысты 
бастама көтерді. Халықаралық лаңкестікпен күресте күш – жігерді біріктіру 
мақсатында 2005 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік 
Кеңесі лаңкестікке қарсы комитетінің көшпелі мəжілісін өткізді. БҰҰ 
қызметінде Қазақстанның сындарлы рөлінің танылуы ретінде еліміз 
Ұйымның басты органдарының бірі – Экономикалық жəне əлеуметтік 
кеңесіне сайланды. 2006 жылғы 2 қарашада Бас Ассамблеяның пленарлық 
мəжілісінде Қазақстан 192 мемлекеттің 187-нен қолдау тауып, Орталық 
Азияда алғаш болып ЭКОСОС – қа мүше 54 мемлекет қатарына сайланды. 
Жалпы, өткен он бес жылдың қорытындыларын шығара келе, Біріккен 
Ұлттар Ұйымының бай тарихы үшін де, тарихи ауқымдағы оқиғаларды 
сыйғызатын мазмұнды кезең болғанын атап өту қажет. Қазақстан өзінің 
белсенді жəне салмақты ұстанымы арқасында, бейбітшілік, қауіпсіздік пен 
даму ісіне, сондай – ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының функционалдық жəне 
құрылымдық жаңартылуына өз үлесін қосты жəне қосып келеді. 
ЕҚЫҰ 1975 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі 
кеңес (ЕҚЫК) болып Хельсинкідегі қорытынды актінің негізінде құрылған. 
«Қырғи – қабақ соғысы» жылдарында бұл ұйым Батыс пен Шығыс 
арасындағы көпжақты үнқатысулар мен келіссөздердің орталығы болды. 
1990 жылдың қараша айында ЕҚЫК шеңберіндегі келіссөздердің 
нəтижесіндегі Еуропадағы кəдімгі қарулы күштерге бақылау жасау туралы 
келісім – шарт (ЕҚКБК) атты қару – жараққа шектеу қою жөніндегі аса 
маңызды келісімге қол қойылды. Берлин қабырғасының құлауы, КСРО – ның 
тарауымен ЕҚЫК – ның мүшелері ұйымның өз жұмысын одан əрі 
жандандырып, тарих алға тартқан жаңа сыбағаларды меңгеруге шақырды. 
Сөйтіп, Ұйымның тұрақты жұмыс істейтін Хатшылық, институттар мен 
жергілікті жерлердегі миссиялары секілді құрылымдары пайда болды. 1994 
жылы Будапештегі кездесуге қатысушы мемлекеттер Ұйымға «ЕҚЫҰ» деген 
жаңа атау берді. 
ЕҚЫҰ – Еуропадағы ғана емес, бүкіл əлемдегі беделді, ықпалды 
ұйымдардың бірі. Оның негізгі мақсаты Еуропадағы түрлі кекілжіңдерді 
болдырмауға немесе алдын алуға, сондай – ақ, аймақтағы дағдарысты 
жағдайлар мен олардың салдарын реттеуге бағытталған. Сонымен бірге, 
өзіне мүше болып енген елдерде экономикалық тұрақтылық пен дамуды 
қамтамасыз етуге ықпал жасауды, ең бастысы – демократиялық мұраттарды 
бұлжытпай орындауды қатаң бақылайтын бірден – бір ұйым осы ЕҚЫҰ. 
Бірақ ЕҚЫҰ өзінің ісінде қазіргі Еуропа аймағымен шектеліп қана қоймай, 
барша əлемдегі осындай істерге араласа алады. Оның құрамына Еуропа 
елдерінен басқа КСРО – дан тарап, өздерінің тəуелсіздігін алған азиялық 
Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түркменістан, Өзбекстан секілді елдер де 
енген. Соның ішінде, Қазақстан өз тəуелсіздігін алған алғашқы күндерден, 
яғни 1992 жылы бірінші айынан – ақ ұйымға мүшелікке өтті. Жас 


мемлекеттердің түрлі ықпалдарға түсіп кетуінен сақтанған батыстық 
дипломатия халықаралық құқының субъектісі болған оларды өзінің 
құрамына, яғни өркениеттің жетілген түрімен дамуына тартуға мүдделі 
болғандықтан, бізді өз қатарларына кешіктірмей қабылдаған еді. əрине, бұл 
істің бізге де берері орасан зор болды. өйткені, беделді ұйым арқылы біз 
əлемдік аренада таныла бастадық, саясат пен экономикада бізбен 
ынтымақтасуға өзге елдер де əріптестікке сенім алды. 
Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының 2010 
жылғы төрағасы болып сайланды. Қазақстан - 2010 жылғы төраға болуы 
туралы шешім Ұйымның 2007 жылғы 29 – 30 қарашаның Мадридте өткен 
ЕҚЫҰ - ға қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлігінің кеңесінде 
қабылданды. Бұл шешімді жақтап ЕҚЫҰ – ға мүше барлық 56 ел дауыс 
берді. Құрамына мүше болып енген 56 мемлекеттің біреуі қарсы болса
төрағалыққа өткізбейтін, сөйтіп, барлық жақтың да пікірін ескерусіз 
қалдырмайтын барынша əділетті ұйымға төраға болуымыз Қазақстанның 
сыртқы саясатының, дипломатиясының, қала берді барша 
қазақстандықтардың ұлан – ғайыр жеңісі болды. Осынау беделді ұйымға 
алдымен Азия мемлекеттерінің арасынан, одан соң КСРО – дан тараған 
мемлекеттер арасынан, мұсылман мемлекеттердің арасынан бірінші болып 
Қазақстан төрағалық етті. Қазақстанның төрағалық етуі ЕҚЫҰ тарапынан 
еліміздегі саяси жəне экономикалық даму бағыты стратегиясының 
дұрыстығын, сонымен бірге, ЕҚЫҰ – ның басқа да мүшелеріне үлгі болатын 
тұрақты жəне үйлесімді даму тəжірибесінің құндылықтарын мойындау 
болып табылады. 
Еліміз тəуелсіздікке қол жеткізгелі бері көптеген беделді халықаралық 
ұйымдармен тығыз ынтамақтастық қарым – қатынас орната білді. Солардың 
қатарында Еуропалық Одақ бар. Іргелі бұл ұйыммен берік байланыс орнату 
еліміз үшін қай жағынан алып қарасақ та тиімді екені сөзсіз. Əсіресе, 
экономикалық тиімділігі зор. Себебі, Еуропалық Одаққа мүше 
мемлекеттермен сауда – экономикалық ынтымақтастықты дамыту Қазақстан 
тауарлары мен өнімдерін осы елдердің рыногына шығаруға жол ашып қана 
қоймай, инвестиция тартуға да мүмкіндік туғызады. 
Еуропалық Одақ 1948 жылы Маршалл жоспары аясында АҚШ – тың берген 
көмегімен реттеп отыратын Еуропалық экономикалық ынтымақтастық 
ұйымы ретінде құрылды. Əуелде құрамында 3 мемлекет – Бельгия, 
Нидерланды жəне Люксембург болған бұл ұйым Бенилюкс одағы деп те 
аталды. 1949 жылы Еуропа кеңесінің негізі қаланды. Ал 1951 жылы Париж 
шартына қол қойылып, көмір мен болат жөніндегі еуропалық бірлестігі 
құрылды. Құрамына алты мемлекет – Бельгия, Италия, Люксембург, 
Нидерланды, ГФР жəне Франция кірді.
Уақыт өткен сайын ЕО – ның қызмет ауқымы кеңейіп, оған мүше елдердің 
саны арта түсті. Мəселен, 1957 жылы наурызда қол қойылған Рим шартына 
байланысты бірлестік Еуропалық экономикалық кеңістік жəне Атом 
энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістік деп аталды. Арада 10 жыл өткенде, 
яғни 1967 жылы Еуропалық Одақтың құрылымында өзгерістер жасалып, 


оның атқарушы органдары, институттары- ЕУропалық Комиссия, 
Еуропалық Кеңес, Еуропалық Парламент, Еуропалық Сот дүниге келді. 
Арада 6 жыл өткен соң Еуропалық Одаққа Дания, Ұлыбритания, Ирландия, 
ал 1981 жылы Грекия, 1986 жылы Испания мен Потугалия қосылды. 
Осылайша Еуроодаққа мүше мемлекеттердің саны 12 – ге жетті. 1987 жылы 
Еуропалық Парламентінің өкілеттігін нығайтатын жəне 1992 жылы 
еуроодаққа мүше елдер арасында еркін тауар айналымына, қызмет көрсетуге, 
қаржы жəне адам қозғалысына көшу жөніндегі біртұтас еуропалық акт, 1993 
жылы бірыңғай ішкі рынок құру арқылы экономикалық, валюталық, саяси 
одақтар жəне жалпы еуропалық азаматтық мəселелерін шешуге негізделген 
ЕО (ЕуроОдақ) туралы шарт күшіне енгізілді. Аталған шарт Еуроодақтың 
конституциялық негізін қалаған құжат болып табылады. 
КСРО ыдырағаннан кейін Еуропалық Одақ өз шекарасын шығысқа қарай 
ұлғайтуға мүмкіндік алды. Соңғы 10 жыл ішінде Еуроодақтың қатары 25 
мемлекетке жетті. 1995 жылы Австрия, Финляндия, Швеция, 2004 жылы 
Венгрия, Кипр, Литва, Латвия, Мальта, Польша, Словения, Словакия, Чехия, 
Эстония қосылды.Қазақстан мен ЕО арасындағы дипломатиялық қатынас 
1993 жылы екінші ақпанда бастау алды. Байланыс содан бері дамып келеді. 
Бұған 1995 жылы 23 қаңтарда Брюссельде ҚР Президенті жəне Еуроодақ 
кеңесінің төрағасы А.Жюпеннің Қазақстан жəне Еуроодақ арасындағы 
ынтымақтастық пен əріптестік туралы келісімге қол қоюуы ерекше деп 
танылды. 
Қазіргі таңда Батыс Еуропаның 15 мемлекеті – Австрия, Бельгия, Дания, 
Ұлыбритания, Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, 
Нидерланды, Португалия, Финляндия, Франция жəне Швеция Еуропалық 
Одақты құрайды. 2002 жылы бірінші қаңтарда Еуроодақтың бірыңғай ортақ 
валютасы 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет