Курс алдындағыкезеңшеңберіндежүргізілген
мектеп тәжірибесін зерттеу мәліметтерінің негізіндегі рефлективті есеп
«Мектептің тірегі де, тіреуі де – оқыта білетін мұғалім» - деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жадына құятын ұстаздарымыз әрқашанда ұстаздық етуден жалықпайды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында білім беру мен ғылымға да айрықша көңіл бөліп, алда атқарылар жұмыстарды жүйелеп берді. Еліміздің дамуының стратегиялық міндеттерінің бірі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін жасау болып табылады, соның нәтижесінде республикамыздағы білім беру жүйесі дүние жүзінің дамыған елдерінің біліміне сай болуы тиіс. Қазіргі таңда интеграциялық үдерістердің күшеюі жағдайында білім сапасын жақсартудың озық жаңа технологияларын меңгере отырып, оқу процесін заманауи тұрғыдан жаңаша ұйымдастыру бүгінгі күні әрбір педагогтың басты міндеттерінің біріне айналып отыр.
Курстан кейінгі тәжірибе айлығындағы негізгі мақсатым - қажетті мәліметтер мен деректерді айқындап, мектептің басымдылықтарын табу. Мақсатым бойынша мектептегі іс – тәжірибені зерттеуді мектеп ұжымынан, оқушылардан және ата-аналардан сауалнама алу арқылы мектептің бастапқы жай-күйін анықтаудан бастадым. Біріншіден, мектеп үшін маңызды мәселе - деректер туралы ақпараттардың дұрыс жинақталуы еді. Біз, мектеп басшылары және психологтар, сынып жетекшілер түрлі сауалнамалармен жұмыс жүргізе отырып, деректердің сапалы жинақталуына дұрыс бақылау жасалынбайтындығына көзіміз жетті. Орын алған қателіктер себебін дер кезінде анықтап, түзету енгізу керектігін де назардан тыс қалдыратындығымызды білдік. Ол қателіктер сауалнаманың әр сұрағына терең мән бермеу, берілген жауаптар бойынша талдап, қорытынды бойынша кеткен кемшіліктермен жұмыс жүрмейтіндігін анықтадым. Осындай кемшіліктер үлкен қателік екендігін және оның мектептің даму жоспарының дұрыс жүрмеуіне зиянды әсерінің болатынын білдім. Сондықтан, алдымен маршрут картасын сызып алдым. Картада көрсетілгендей ең бірінші шығармашылық топ құрып, оқушыға жақсылап түсіндіріп, сауалнаманы алып болған соң, шығармашылық топпен қорытындысын саралау барысында өзгерту енгізудің өзекті мәселелері шығатынын, оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетінін түсіндім .
Алдымен, курсалды тапсырмадағы сауалнамалармен мұғалімдермен біріге отырып, талдап, танысып шықтық. Біз сауалнаманы алу алдында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауалнама талаптарын нақтылауға (ұл, қыз екенін белгілеу, жауапты шынайы белгілеу,басқа жауап тұсына өз ойын жазу, т.т.) баса назар аударуды өтіндік. Бірнеше күнгі сауалнаманы зерттеу кезінде, әрқайсымызда түрлі ой-пікірлер қалыптасып, дереккөзіне бірізділік әрқашанда тиянақтылық, ұқыптылық, шынайылылық және жауапкершілік өте қажет екендігін түсіндік.
Сауалнаманы саралауда, кеткен кемшіліктерді түзету кезінде SWOT кестесін назарға алу керектігін ұғындым.
Әріптестер сауалнама деректерінің маңыздылығын таныды, мақсат-міндеттердің қолжетімді болуы қажеттілігін білді, кедергілерді анықтады. Енді қателіктерге сыни көзбен қарап, мектеп дамуын қалай жүзеге асырамыз деген ойды ортаға салу, жұмыс бағыттарын нәтижелі орындау міндеттері тұрды. Нәтижесінде мен жобалаған «Мектептің даму жоспарына» өзгеріс енгізуде қашанда, қажет жағдайда оқушының, мұғалімнің, ата-ананың пікірімен санасу керектігін түйдім.
Жауапты мұғалімдер сыныптың, оқушының, мұғалімнің сауалнамаларын талдап, саралай отырып, келешектегі проблемаларды шешу жолына мүмкіндік беретінін анықтады.
Мектептің объективті жағдайларын анықтау мақсатында 26 мұғалімнен сауалнаманы алдым. Алынған нәтижелер шынайы болуы үшін сауалнама алар алдында сауалнама нәтижесінде алынған деректер құпия сақталатындығы және тек мектепті дамытуды қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды жұмылдыруға қажет екендігі туралы айтып өттім.
Сауалнама нәтижесінде:
Зерттеу және рефлексия бөлімінде мұғалімдердің жауабы бойынша мектепте оқыту сапасы талқыланатындығы, мектеп қажетті жағдайда құпиялылықты сақтай алатындығы анықталды.
Мектептің оқу – тәрбие жұмысындағы даму басымдықтарымен ұжым әрқашан таныстырылып отырады, жоспарлар бірлесіп талданады және өзгертіледі. Нәтижесінде келешекте ұзақ мерзімді жоспарларды қарастыру керектігін түйдім.
Мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізер алдында оқушылардың және ата –аналардың пікірі ескеріледі деп мұғалімдердің 3 (11,5%) - әрқашан, 11- і (42,3%) кейде, 8- і (30,7%) сирек, 4 (15,3%) - жиі деп жауап берген. Нәтижесінде оқушылар мен ата-аналардың пікірі ескерілмейтіндігі анықталды. Ал, мектеп басшылығы, әкімшілігі, мұғалімдер бірлесіп жұмыс істейді, бірақ сыртқы ұйымдар мен тәуелсіз тұлғалар сирек тартылатындығы анықталды (19\73,7%).
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға мектеп басшысының көп көңіл бөлетіндігіне берілген жауап дәлел (12\46,1%). Мектепте 1 - ші деңгей-1, 2 - ші деңгей-2, ал 3 - деңгей бағдарламасын меңгерген-1 мұғалім бар. Бірақ, кәсіби біліктілікті арттыруға орта буын тартылып, жас мамандар тартылмаған. Бұдан жас мамандарды деңгейлі курсқа жіберу керектігі анықталды.
Үйлестіру жұмыстарында ұжым ынтымақтастықта, бірлесе отырып, тәжірибе алмасатындығын білдім. Бір топта жұмыс істеп, тапсырмаларды орындаймыз деп 15 (57,6%) мұғалім жиі және әрқашан деген жауаптар берген.
Мектеп ұстаздарының ойынша мектеп қызметкерлері мектептің қай бағытта дамып жатқанын айқын түсінеді, күрделі тапсырмаларды көбіне тек тәжірибелі мұғалімдер орындайды. Бұдан жас мамандарға да сенім артып, маңызды жұмыстарға тарту керектігі айқындалды.
Оқыту үдерісінің негізі оқушы болғандықтан, оқушылардың пәндер негізінде және мұғалімдерге тән белгілерді білу мақсатында сауалнама жүргіздім. Мұғалімдерді мектеп оқушылары жақсы қабылдайтындар санатына жатқызды. Оқушылар мұғалімдерге қанағаттанады, мектепке сенім білдіреді. Сонымен қатар, оқушылар мен мұғалімдерден оқу үдерісі туралы пікірлерін білу мақсатында да сұраққа жауап алынды.
Нәтижесінде;
- Кейбір мұғалімдердің әдістемелік білімнің жеткіліксіздігі;
- Мұғалімдердің, басқа білім беру ұйымдарымен, кәсіби желілік қоғамдастықтармен және бір пән мұғалімдерімен бірлесіп жұмыс істемейтіндігін;
-өз тәжірибесінің негізінде шешім қабылдау үшін өз іс – тәжірибесіне сыни бағалау қажет екендігі;
-білім беру технологияларын пайдалануда мұғалімдердің тиімді құралы ретінде АКТ жетік меңгермегендері байқалды.
Бұл сауалнама нәтижесінде мектептің тағы да басым тұсы кәсіби желілік қоғамдастықты жетілдіру, АКТ-ны жетік меңгеру және сыни тұрғыдан бірін - бірі бағалау, оқушылардың білім сапасының жақсы болуы үшін үнемі кері байланысты пайдалану қажет екендігін анықтадым.
Оқушылардан алынған сауалнаманы саралай келе оқушылардың 70,2 % мектептегі керібайланыс/баға қою жиілігі оқушы біліміне оң ықпал етсе, 26,7%-оқытудың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін әзіл түсіну болмайтындығын жазған.
Қорытындысында, оқушыларға осы мәтіндес сұрақтар қою, өзгерісті қалай бастауға және оқытуға қажетті жаңа идеялар алуға негіз болады. Мұғалімдер және оқушылармен сауалнама жүргізу арқылы алынған ақпараттардан мектептегі өзгеріс оқыту үдерісімен байланысты екендігін атап айтқым келеді. Мұғалімдер өз тәжірибесінен үйренеді, ал оқушылар тапсырманы орындау арқылы білім алады.
Ата аналардың да пікірін білу өте маңызды. Сауалнама 30 ата-анадан оқыту мен оқудың арасындағы байланыстың қандай екендігі туралы алынды. Осы сауалнаманың қорытындысы негізінде мектептің жалпы ата-аналар комитетін, яғни 11 сыныптың 30 ата-анасын жинап, оқыту пәндерінің бүгінгі талапқа сай өтілуі, оқушылардың әр пәнге қызығушылықтары, қиындық тудыратын математика пәндерінің оқытылу барысы туралы талқыланды. Нәтижесінде математика пәнінен қосымша сабақ кестесі жасалып, ата-аналардың өтініштері қанағаттандырылды.
Мектеп қызметкерлерінен сауалнама алу нәтижесінде мектептегі оқу – тәрбие жұмысының жүру жағдайы, қызметкерлердің жұмыстары туралы құнды ойларын білдім. Бұл іс- әрекетті зерттеуде өзгеріс енгізуге түрткі болатын проблемаларды қалыптастыруға негіз болды.
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде жүргізетін іс-әрекетті зерттеудегі алғашқы қадамда алған сауалнамадан білгенім, оқу мен оқыту үдерісінде заман талабына сай өзгеріс енгізу керек екендігін байқадым.
Жұмыс барысында мынандай нақты басымдылықтарды айқындай алдым:
1. Топтық, жұптық жұмыстарға оқушыларды тарту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
2. 7 модульді тиімді енгізу арқылы оқытудың тиімді тәсілдерін меңгеру.
3. АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, білім сапасын арттыру.
4. Оқушыларды өзін және өзгені нақты бағалай білуге үйрету.
Мектептегі шығармашыл топ арқылы осы қиындықтардан шығу үшін әр оқушымен, мұғаліммен тиянақты жұмыстарды атқарамын.
Достарыңызбен бөлісу: |