Құл-Керім Елемес



бет1/2
Дата07.02.2023
өлшемі0,91 Mb.
#167673
  1   2
Байланысты:
9 сынып Ақбота жауабы


Ақылды үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған «Нені болса, соны сұрайтының не?» деместен, оның сұрағандарына ыждағатпен жауап беретін. Бірде ол әкесінен:
– Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтары басқан ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі:
– Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек сенен де бір ақылды адам шығар. Ол тағы бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі,- деді. Ақылды:
– Бұрын шыққан құлақтан, кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады әкесінен. Әкесі:
– Иә, балам! Мәселен, құлақ туа бітті бар болады. Ал, мүйіз болса, бұзау алғаш туғанда болмайды. Кейін, үлкейе келе, біртіндеп өсе-келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда қашан мүйізі бар еді? Жоқ болатын. Ал, құлағы ше? Құлағы бар болатын. Кейін, бірер айдан кейін мүйіз шыға бастады. Енді міне, бір жылға таяп еді, мүйізі өсіп, құлағымен бірдей болды. Құдай қаласа, келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын болып озады. Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің, туғанда бар құлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса оның ұрпақ болмағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын,- деді әкесі.
Құл-Керім Елемес
Мәтіндегі басты тірек сөздер: *

  1. бәйге, ала тайынша, тұлпар

  2. мүйіз, құлақ, ұрпақ

  3. ала тайынша, ат, шабандоз

  4. ұрпақ, әке, ірі қара

  5. із, сұрақ, әке

Мәтіндегі Ақбақай деген: *
бұзау
ала тайынша
ат
сиыр
ит
Мәтіндегі негізгі салыстыру: *
құлақ пен мүйіз
аттың ізі мен сиырдың мүйізі
бұзау мен ала тайынша
Ақбақай мен сиыр
аттың алдыңғы аяғы мен артқы аяғы
Мәтіндегі «ыждағатпен» сөзінің мағынасы: *
толық, мағыналы
дегбір, аз
нақты, тура
тағат, сыпайылық
сабыр, төзім
Мәтіннің негізгі ойын ашатын тіркес: *
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстаздан шәкірт озар
Ештен, кеш жақсы
Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады
Ұстазға күңгірт нәрсе – шәкіртке қараңғы түндей
Францияның оңтүстігінде тағы бір ескі үңгір табылған кезде, бұл, әдетте, жаңалық болмайды. Керісінше, қалыпты жағдай. Қазіргі уақытта мұндай ашылулар жиі орын алады, сондықтан оларға ешкім назар аудармайды. Алайда 1940 жылы Ласко үңгірлер кешені ашылған кезде әлем таң қалған еді. Оның қабырғаларында адамдардың мыңдаған жылдар бұрын қалай өмір сүргенінен хабар беретін жүздеген көріністер бейнеленген. Үңгір қабырғаларына салынған суреттерден адамдардың жабайы мысық немесе бизон сияқты аңдарды аулап жатқанын көруге болады. Басқа суреттерде құстар және, бір қызығы, 300-ден астам қабырға суреттерінде көрініс тапқан жылқылар бейнеленген. Бұл басқа жануарлардан әлдеқайда көп.
Осы жануарлардың суретін салған ертедегі суретшілер қиын әрі есте қалатын жұмыс атқарған. Олар оңай қол жетімді қабырғалармен шектеліп қоймай, бояу жабдықтарын өрмелеуді қажет ететін, биік, тік қабырғаларға және кешеннің тар жолдарына дейін тасыған. Өкінішке орай, суреттер судың жойқын әсеріне және оңайлықпен өшірілуіне себепші болатын температуралық өзгеріс ықпалына ұшырады. Ласко үңгірлерінің кіреберісі көп болғандықтан, ауа қозғалысы да зиянын тигізбей қойған жоқ. Табиғи жарығы әлдеқашан жойып жіберетін ашық аспан астында тұрмаса да, көптеген суреттер зақымданған және әрең танылады. Зақымдануды бұдан әрі болдырмау үшін, кешен 1963 жылы, алғаш ашылғаннан 23 жыл өткен соң, туристер үшін толықтай жабылды.
Мәтіннің негізгі идеясын қай атау жақсы тұжырымдайды? *
Өнердегі жабайы аңдар
Көне дәуірдің жасырын суреттері
Үңгірлерді құрметпен зерттеу
Франция үңгірлерінің жасын анықтау
Туристердің үңгірлерге тигізер әсері
Мәтінге сүйенетін болсақ, төмендегі тұжырымдардың қайсысын Францияның оңтүстігіне қатысты айтуға болады? *
Мұнда сирек кездесетін жануарлар мекендейді.
Оның көптеген үңгірлері бар.
Ол көптеген суретшілердің танымал болуына мүмкіндік ашты.
Ол көптеген танымал суретшілерді қызықтырды.
Ол жерде мекендейтін жылқы саны басқа жануарлардан әлдеқайда көп
Мәтін бойынша, үңгір қабырғаларында қандай жануарлар жиі кездеседі? *
Құстар
Бизондар
Жылқылар
Жабайы мысықтар
Жарқанаттар
Мәтінге сүйенетін болсақ, ______ҚОСПАҒАНДА, төмендегілердің бәрі суреттерге зиян келтірді. Бос орынға сай келетін нұсқаны белгілеңіз. *
Температураның өзгеруін
Ауа қозғалысын
Суды
Жарықты
Ылғалды
Мәтінге сүйенетін болсақ, 1963 жылы қандай оқиға орын алды? *
Келушілерге кіруге тыйым салынды.
Жаңа жарықтандыру жүйесі орнатылды.
Үңгірдің тағы бір бөлігі табылды.
Үңгірге жаңа кіреберіс құрылды.
Үңгірде қайта өңдеу жұмыстары жасалды
Қайсысы мезгіл бағыныңқы сабақтастың жасалу жолына жатпайды? *
(-ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе) + й
-ғаннан, -геннен, -қаннан, -кеннен / бері
-ысымен, -ісімен, -сымен, -сімен
-арда, -ерде, -рда
-ғалы, -гелі, -қалы, -келі
«Ақжелкен» сөзі мен «қырықаяқ» сөзінің арасында белгілі бір фонетикалық байланыс бар. Ендеше, көп нүктенің орнына сәйкес сөзді табыңыз. Ақжелкен – қырықаяқ. Қарақұйрық – ... *
Балқаймақ
Қырыққабат
Сарыарқа
Кәсіпорын
Тасқұдық
Төменде берілген сөздер қазақ тіл білімінің белгілі бір саласына сәйкес тізбектелген. Жылқы, биік, қырық, бәрі, ..., тез, әрі, ойбай, қарқ. Көп нүктенің орнына сәйкес сөзді қойыңыз. *
Саба
Долана
Сұрқай
Шиыршық
Нала
Аралас құрмаласқа жатпайтын сөйлемді табыңыз. *
Жаз жетті, табиғаттың оянуымен бірге адамның көңілі де елеңдеп, жаңа дүниеге шыққандай болып тұр.
Көзіне бір нұр ойнап, Шаймерден жадырай түсті, тау жаққа көтеріңкі көңілмен серпіле қарады да, тағы да сөйлеп кетті.
Балкүміс көңілді, күйеуінің келуіне қарсы оттың басын сыпырып, балығын асып, шайын қайнатып қойыпты.
Шынайы достық, өзара көмек, мол ынтымақ, береке-бірлік бар жерде шаруашылық та шалқиды, мәдениет те өркен жаяды.
Кішкентайда Қабыш біздің үй тәттіге қашан толып тұрар екен деп қиялдайтын, кейін өсе келе бай балаларындай астыма ат мініп, той тойласам екен деп армандады.
Пiсiп жетiлген кез келген өсiмдiктiң тұқымы көктем мезгiлiнде қайта тiрiледi. Ол өсiмдiк түрiнiң жер бетiнен жоғалып кетпеуi үшiн тұқымының сапалы болуы өте маңызды. ... Балаларымыздың ұлттық тәрбиесiне неғұрлым көп көңiл бөлсек, соғұрлым ұрпағымыз жалғасын таппақ. Егер бала тәрбиесiне мән бермейтiн болсақ, онда ұлтымыз құлдырауға мәжбүр болып қалады. Баласын жат қолдардың мәдениетiмен өсiрген ата-ана өздерiн жоғалтудан басқа амалы болмайды. Көп нүктенің орнына сәйкес сөйлемді қойыңыз. *
Өсімдіктің адамнан еш айырмашылығы жоқ.
Бiздiң тiршiлiгiмiз де осы өсiмдiктерге ұқсас.
Тұқымы сапалы өсімдіктің өнімі де сапалы болады.
Өсімдіктердің сапалы болуы біздің қолымызда.
Баланы қалай тәрбиелесек, өсімдікті де солай баптауымыз керек.
Бұйрық райды табыңыз. *
– Жарайды, мен тамақтанып алайын, – дедім.
– Жарайсың! – деген дауыстар жамырап кетті.
– Сұлтан! Әй, Сұлтан! – деп дауыстаймын.
– Мына жолдастарыңа не айтасың? – деді.
– Өз жөнімді мен өзім білем, – дедім.
Екі сыңары да мағынасыз қосарлама қос сөзді табыңыз. *
Басқа ештеңе деместен, іс-міс жоқ, әлгі мені қаңбақтай ұшырып, сүйреп әкетіп барады.
Екі қолымды бірдей жебелеп, мәз-мейрам болдым да қалдым.
Ешкім қарап тұрған жоқ па деп, төңірегіме көз саламын, тым-тырыс.
Жіңішке қисық аяқтары маймаң-маймаң етіп, көйлегінің етегі сирағына оралғыштап келеді.
Сенің бойыңда кісі қызығарлық өнер-қабілеттер толып жатыр-ау.
Көп мағынаға ие болып тұрған сөзді табыңыз. *
Мақпал аузын тамсанып, тамағын жұтынып, біраз тұрды да, жалт бұрылып шыға жөнеледі.
Ақсақал айтқан сөздің тамыры қайда жатыр, аңғардыңыз ба?
Аяғың жерге жетпесе табаныңның астына тақтай қойып басып отыр.
Тас қима, темір қақпа, шойын құлып. Тым-тырыс. Жалғыз-ақ жел тұр ғой ұлып.
Қараса, беріш емес, анық тұмар, Бүктеген қағаз екен ұмар-жұмар.
«У» дыбысының санын анықтаңыз. Температураның жоғарыла

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет