Ұл мен қыздың шаттығы деп өтті күн,
Қыз бойжетті, кәмелетке жетті ұлың.
Қуанып жүр сол перзенттер жаныңда,
Әкеміздің туған күні деп бүгін.
Сізге еліктеп өсті әр кез ұлыңыз,
Тұлғаңызды тау санапты гүліңіз.
Енді олардың толқынысын ұғыңыз,
Құтты болсын, Әке, туған күніңіз.
Тілекпенен шығып сөздер ойдағы,
Мамамыз да болып апты жайдары.
Әкешімнің қуанышын сезініп,
Кішкентайдың көзінде от ойнады.
Болып едіңіз бізге үнемі тәлімгер,
Аман болшы үйге сонда сән кірер
Ылғи бізді қолдап келдің күш беріп
Қуанышта қайғыда да бір жүрер.
Шаттық күнмен күлімдейді жүзіңіз,
Тек осылай бақ көлінде жүзіңіз.
Бауырымнан сізге ұқсастық іздеген
Жалғыз ғана жаныңызда қызыңыз.
Бауырлардың бәрі бүгін осында,
Сізді үнемі теңейді олар асылға.
Қиындықты шынында әр кез жеңгенсіз,
Қарамастан дауылдар мен жасынға.
Өткен тарих, біз де оны білеміз,
Жаңа күнмен сосын жанда түледі із.
Жаныңызға ұя салды жыр бүгін,
Енді біздер сіз деп өмір сүреміз.
Жүзіңізде қалдырғандай бүгін із,
Құтты болсын, Әке, туған күніңіз!
Сіздің шаттық тойыңызға арналған,
Жүректердің толқынысын ұғыңыз.
Алтыным жаным соңымнан ерген құлындар
Осы бақытты менен артық кім ұғынар
Ақдидар Жолдас Қосайдың орны бір бөлек
Әбу-Алиім ерекшем менің шырын бал
Қылығы тәтті күлкісі дәрі адамға
Сәл алыс кетсем сағынып бір сәт қаламда
Алдымда менің аман жүрші алтыным
Сен күліп жүрсең бақыттымын мен соғанда
Ер жетіп келед жасыңа жасың қосылып
Бақытты болшы ырыс-несібең тасынып
Шаршағанымды басады өзі еркелеп
Мейірімді жүзбен мойыныма кеп асылып
Туылған күнің құтты болсын бауырым
Бір өзіңе жар болсыншы тәңірім
Ата анамның мақтан тұтар ұлы бол
Аман жүр жаным көз қуанышы боп бәрінің
Достарыңызбен бөлісу: |