Лекция 1 Кіріспе. Коррекциялық педагогика пәні, міндеттері.
Тәжірибелік сабақ. Бала дамуының бұзылуының түрлері.
Курстың қысқаша мазмұны: Коррекциялық педагогика– психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесімен айналысатын педагогиканың ерекше бір саласы. Коррекциялық педагогика мінез- құлқында, психикалық дамуында ауытқушылығы бар жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеу және психологиялық-педагогикалық тұрғыдан білім беру мен оқыту заңдылықтарыy қарастырады.
Ауытқушылығы бар балалар категориясына оқу бағдарламаларын меңгеруде қиындық тудыратын түрлі биологиялық, әлеуметтік себептерден ақыл-ойында (интеллектісінде), естуінде, көру қабілетінде және қозғалыс сферасында бұзылуы бар балалар жатады. Бұл категориядағы балалардың орталық жүйке жүйесінің қызметінде сәл ауытқушылығы бар болуы, сондай-ақ олар мектептік және әлеуметтік бейімделу кезінде жағымсыз әсер қалдырулары мүмкін. Сол себептен осындай категориядағы балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту мақсатында, бұл балаларды оқыту ,тәрбиелеу мен дамытуды барынша жекелендіріп, уақытында мінез-құлқындағы және дамуындағы бұзылуларды анықтайтын, алдын алатын және олармен күресетін арнайы тиімді әдіс-тәсілдер мен құралдар жасап, қамтамасыз етіп отыру қажет.
Коррекциялық педагогиканың пәні тәрбиеленушілердің (оқушыларды) жағымсыз мінез-құлықтарын тәрбиелеуге көмектесетін, ата-аналар мен педагогтардың алдын-ала ойластырған іс-әрекеттері болып табылады.
Құрметті студенттер, Коррекциялық педагогика пәнін оқу барысында сіздер коррекциялық педагогика курсы студенттердің педагогикалық білімдері мен шеберліктерінің тереңдеуіне алдын ала қорымен танысасыздар. Коррекциялық педагогика мәселелер тақырыбында коррекциялық педагогикалық ұғымдарды, категорияларды қолдана отырып семинар сабақтарында әртүрлі пікірталастар, өз пікірлеріңізді, көзқарастарыңызды дәлелдеуге мүмкіндіктеріңіз бар және де түрлі тақырыптарда баяндама жазу арқылы дүниетанымдық көзқарастарыңызды кеңейтесіздер.