Лекция №22 Тақырыбы: Аудандық мұрағат



Дата07.02.2022
өлшемі14,49 Kb.
#93266
түріЛекция
Байланысты:
Документ (2)
Бағалау курс, Бағалау курс, Алтын Орда, Алтын Орда, Алтын Орда, Алтын Орда, Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (1), Документ (2), оқыту, оқыту

Лекция № 22

Тақырыбы: Аудандық мұрағат
Қарастырылатын мәселелер:
1.Мұрағат қорындағы аудан тарихы
2. Ирригация жұмыстары
3.Аудан жетістіктері
Лкция мақсаты:
Лекция мәтіні:
1.Біз Мырзашөлдің тарихын әлі түгендеп болған жоқпыз. Түгендеу былай тұрсын, қазіргі жас ұрпақ арысы – Ақсақ Темір, берісі – Садық сұлтан Кенесарыұлы сияқты тұлғалардың аяғы тиген бұл өлке жайында сыр шертетінін жәдігерлерің толық біле де бермейді. Іздеушісі табылмаған соң кімнің бұйыры бұрсын, кімнің жаны ауырсын!
Шөпте өлең,шөмгеде өлеңге айналған, зауыт, фабрикалардың қалай салынғанына дейін таптырмас тақырыптай көрініп, кейбір тарихшы - ғалымдарымызды тамсандыцрған, шындық шымылдығы түрілмеген кешегі кеңестік кезеңде батысында Шардарадан-Жызаққа, Оңтүстігінде Нұрата тауларымен, Түркістан жоталарымен иық тірестіріп, Шығысымен Солтүстік-Шығысында – кәрі Сырдарияны емірене еміп жатқан, аумағы 10000 шаршы шақырым аймаққа орналасқан Мырзашөл даласының өткен шежіресі ұлттық шындық тұрғысынан талданбай келді.
2.Мырзашөл өңіріндегі ежелгі археологиялық, тарихи ғимараттық, сәулет манумент өнері ескерткіштері аймақтың патшалық Ресей билік құрған тұстағы ортарлануы, кеңес дәуірі кезіндегі игерілуі мен отарлануы, сол саясаттың жергілікті халыққа тигізген әсері ықпалы қазақ ғалымдарының назарынан тасада қалып, іргелі зерттеу жұмыстары жеткіліксіз жүргізілді. Анда-санда баспа сөз беттерінде ірілі-ұсақты, бірлі-жарым мақалалар басылып тұрғанымен, Мақтаарал аймағының тарихы халқының мәдени-әлеуметтік жағдайы секілді проблемелар әлі өзінің тиянақты, терең бағасын ала алған жоқ. Мұндағы жер су атауларының мән мағынасыда айқындалып. Талдана қойғаны шамалы.
3.Көпшілік қауым осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрынғы әдебиеттердегі: «Мырзашөл-Сырдария өзенінің сол жағасындағы құмды жазық, Өзбекстандағы Сырдария, Қазақстанның Шымкент облыстары жерінде. Ауданы 10мың километр\2. Солтүстігінде, Солтүстік батыссында Қызылқұмға жалғасады. Биіктігі 230-285 км. Климаты тым континеттік, жылдық жауын шашын мөлшері 240мм. Сұр топырақты келеді. Көктемде эфемер өсімдіктер қалың шығады, бірақ жаз айларында жусан тұқымдас шөптерден басқалары түгел қурап кетеді. Суару жүйелерінің, Шардара бөкенінің іске қосылуы Мырзашөлді Одақтағы ең ірі мақта өсіруші ауданға айналдырды», -деген секілді өте өте тапшы деректермен қанағантануына тура келді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет