Лекция. Физикалық және астраномиялық есептерінің әртүрлі типтерінің құрылмдық ерекшеліктерін талдау



Дата28.03.2023
өлшемі16,36 Kb.
#173144
түріЛекция
Байланысты:
8 лекция


8 лекция. Физикалық және астраномиялық есептерінің әртүрлі типтерінің құрылмдық ерекшеліктерін талдау.
Физика тарихында әлемнің үш физикалық бейнесі болды. Бұлар: механикалық, электродинамикалық және кванттық-өрістік. Олардың әрбіреуі материя, кеңістік пен уақыт, қозғалыс пен өзара әрекеттесу жөнінде түсініктерімен сипатталады. Олардың әрқайсысына теорилар мен заңдардың белгілі бір жүйесі енеді. Әлем бейнесінің ауысуы – осы түсініктердің сапалы әрі түбегейлі өзгеруіне алып келеді. Әлемнің физикалық бейнесінің құрылымдық элементтерінің бірі физикалық теория болып табылады. Кез-келген білім өзінің табиғаты жағынан жүйелі, яғни белгілі бір элементтерден тұрады, білімнің басқа да элементтерімен байланыста, дамуға қабілетті. Физикалық теорияны ерекшелендірір тұратын белгілері - ұғымдар жүйесінің тұйықтығы болып табылады.
Физиканың түсініктері, зерттеу нәтижелері мен әдістері жаратылыстану-ғылыми білімдеріне елеулі ықпалын тигізеді, ал әлемнің физикалық бейнесі оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудағы басым модель болып табылады. Оның үстіне физика саласындағы ашылып жатқан жаңалықтар жыл сайын ұлғайып келеді. Экспериментальдық фактілер көптеп жинақталып, физикалық теориялар соған сәйкес дамиды. Бұл физикалық теориялардың өзара логикалық байланыстағы диалектикалық бірлігі дүниенің біртұтас физикалық бейнесін береді, физиканы оқытудың барлық әдістемелік жүйесінің басты мақсаты да осы болып табылады. Мектептегі физикалық білімнің даму болашағын анықтайтындықтаи іргелі теориялар төңірегінде жинақталған фактологиялық материалды неғұрлым тереңірек жалпылап, жүйелеу қажет. Физиканың мазмұнын жетілдіру осының негізінде жүзеге асырылып отырмақ. Осыған байланысты «Физика» оқу пәнінің базалық білім мазмұнын анықтауда физика курсының дәстүрлі құрылымының негізінде жатқан дүниенің физикалық бейнесінің даму тұжырымдамасы негізге алынған. Бұл тұжырымдамаға сәйкес білім мазмұны қарапайымнан күрделіге өтетіндей тізбектілікте орналастырылады. Ол ойлауды қарапайымнан күрделіге көтеру жолымен біртіндеп дамытуға мүмкіндік береді. Осы тұжырымдық ұстанымдарға орай физика пәнінің базалық білім мазмұны былайша анықталады: әлемнің механикалық бейнесі, молекула-кинетикалық бейнесі, электродинамикалық бейнесі, кванттық-өрістік бейнесі және әлемнің біртұтас физикалық бейнесі. «Физика» пәні бойынша білімнің осы базалық мазмұны орта мектептің сатыларына сәйкес былайша жобаланған. Оқушылардың ғылыми-жаратылыстанудан алғашқы білімді бастауыш мектеп қалыптастырады, онда физикалық білім "Дүниетану" деп аталатын кіріктірілген жеке пәнге енгізілген. Мектептің келесі сатыларында дүниенің ғылыми-жаратылыстану бейнесінің мазмұны жеке пәндер арқылы да, кіріктірілген курстар арқылы да беріледі. 60 Мектептің негізгі сатысында «Физика» пәні курстары мен бөлімдері, олардың базалық ғылымдағы орналасу ретіне сәйкес қамтиды: механика, молекулалық физика, электродинамика, атомдық физика. Бұл логикалық аяқталған білімнің бірінші концентрін береді. Мектептің негізгі сатысын бітірген оқушылар білім мен іскерліктің осы жиынтығын меңгереді. Мектептің негізгі сатысының оқу материалын игеру оқушыларға жоғары сыныптарда, оның ішінде физика-математикалық бағдардағы сыныпта (мектепте), сондай-ақ орта кәсіптік және арнаулы оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Орта мектептегі «Физика» пәні жеке курстарды қамтитын іргелі теориялар негізінде құрылған, бұл білімнің логикалық аяқталған екінші концентрін береді. Орта мектептің оқу материалын меңгеру физикалық білімнің дүниежүзілік білім кеңістігінің сәйкес деңгейімен пара-пар болуын қамтамасыз етеді.
Астрономиялық материал «Физика» оқу пәніне 7-11 сыныптардағы физиканың оқу материалдарымен органикалық түрде біріктіру арқылы және ғылыми-жаратылыстану пәндерінің кіріктірілген курсында жеке тарау түрінде беру арқылы енгізілген. Сондай-ак, физика-математикалық бағдардағы мектептің жоғары сыныптарында астрономия жеке оқу курсы шеңберінде оқытылуы да мүмкін. Физикалық білім беруді жаңарту ісі ең әуелі әрбір оқушыны дамытуға, өзін-өзі бағалай білетін және өзін сынай ойлана білетін жаңа деңгейдегі саналы адамды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау бағытында жүргізілуі тиіс. Бұл орайда жинақталған тәжірибе оқу жоспарлары мен бағдарламалардың көп нұсқалылығы идеясын басшылыққа алу қажеттігін меңзейді. Өйткені ол физикалық білімнің барлық оқушы үшін міндетті деңгейіне жету ғана емес, сонымен бірге, оқуын еліміздегі және алыс-жақын шет мемлекеттердегі жоғары оқу орындарында жалғастыру үшін жеткілікті болатын неғұрлым жоғары деңгейіне жету мүмкіндігін едәуір кеңейтеді.
Осыған орай Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясында ғалым-әдіскерлердің жұмылуымен физикалық білім мазмұнының көлемі, құрамы мен құрылымы анықталып, оны бағдарламалар мен жаңа буын оқулықтарында пайдалану үшін жүйеге келтіру бағытында жұмыс жүргізіліп келеді. Пәннің негізгі мазмұны оны болашақта қолдану және қайталау үшін негіз бола алатындай алдыңғы қатарлы идеялар төңірегінде құрылған. Атап айтқанда, физика курсының 61 мазмұнына механика мен молекулалық физикадағы және электродинамика мен атомдық физикадағы негізгі заңдар мен ұғымдар, физикалық құбылыстар мен оларды зерттеу әдістері, сонымен қатар аспан денелері мен олардың физикалық табиғатын зерттеу әдістері мен нәтижелері, әлем құрылысы мен оның дамуы туралы мағлұматтар енгізілді. Ал, курстың құрылымын анықтағанда онда оқылатын тараулардың реті олардың базалық ғылымдағы орналасуына сәйкес, яғни материя қозғалысы формаларының күрделенуі тәртібімен орналастырылған. Физика мен астрономияның біріккен курсының тұжырымдамалық негізіне мына ұстанымдар мен қағидалар басшылыққа алынған: - оқушылардың жасына қарай түсінікті мазмұнда жазылған оқу материалы қазіргі заманға сай ғылыми білімнің іргелі негіздерін қамтуы тиіс, сонымен қатар, белгілі бір логикалык, жүйеде толық аяқталған болуы керек; - оқу материалы ғылыми дүниетанымды қалыптастыратындай болуы керек; - физиканың қолданбалы мәселелері қамтылып, қазіргі технология жөнінде кейбір мәліметтер берілуі тиіс; - зерттеудің ғылыми-танымдық әдістері туралы түсініктер берілуі керек.
Осындай ұстанымдар мен қағидаларға сүйеніп құрылған «Физика және астрономия» курсының басты ерекшеліктерін былай сипаттауға болады; 1) бұл курс интеграцияланған, яғни ол физиканың негізгі ұғымдары, заңдылықтары және теориялық қағидаларымен қатар астрономияның негізгі мәселелерін, әлемнің дамуы мен құрылысы туралы мәліметтерді қамтиды; 2) курс логикалық аяқталған, біртұтас курс, яғни ол бізді қоршаған әлемнің ғылыми бейнесін жасауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы физиканың негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын және теориялык, қорытындыларын кешенді түрде қамтиды; 3) мұнда оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты танымдық мүмкіндіктері, сонымен бірге олардың жаратылыстану-математика пәндерінен алған білімдері ескеріледі; 4) курс көп деңгейлік ішкі саралауға бағдарланған, яғни оқу материалы оқушылардың басым көпшілігіне түсінікті болумен 62 қатар, физика мен астрономияны тереңдете оқуға қабілеті мен қызығушылығы бар оқушылардың да қажеттілігі мен талаптілектерін ескереді. Осы аталғандар негізінде таңдалып алынған мазмұн жаңа буын оқулықтарында келесі ретпен орналастырылды. 7-сыныптың «Физика және астрономия» оқулығында оқушылар зат құрылысымен, денелердің қозғалысы және олардың өзара әсерімен танысады; бұл білімдер физика курсының барлық, басқа бөлімдерін оқу кезінде пайдаланылады. Зат құрылысымен танысу сұйықтар мен газдардағы қысымды түсіндіруде пайдаланылады. Жұмыс, қуат, механикалық энергия ұғымдары жай механизмдер мысалында қарастырылады, механизмдердің п.ә.к.-і енгізіліп, энергияның сақталу заңы оқытылады. Рычагтар мен біліктерге байланысты күш моменті, денелердің тепе-теңдік шарттары енгізіледі. 8-сынып оқулығының негізгі мазмұнын жылу, электр, электромагниттік және жарық құбылыстары құрайды. Ал, 9-сыныптың "Физика және астрономия" оқулығы негізінен тербелістер мен толқындарды, атом және атом ядросы физикасын, аспан механикасы элементтерін оқыуға арналған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет