Лекция Күрделі синтаксистік тұтастықтың интонациялық ерекшеліктері



Дата07.02.2022
өлшемі97 Kb.
#93917
түріЛекция
Байланысты:
9-лекция
Улеке ТАПСЫРЫСТАР-2, Улеке ТАПСЫРЫСТАР-2

9-лекция


Күрделі синтаксистік тұтастықтың интонациялық ерекшеліктері

Соңғы кезде тіл білімінде, бірнеше сөйлемнен тұратын мәтіндер зерттеле бастады. Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдер арқылы жасалатын болса, күрделі синтаксистік тұтастықтар бір тақырыпқа байланысты дербес жай және құрмалас сөйлемдерден тұрады.


Күрделі синтаксистік тұтастық түрлі мөлшерлі мәтіндерде және олардың үзінділерінің құрамында болады. Өзара байланысты күрделі ойды кейде күрделенген сөйлемдерде де, құрмалас сөйлемдерде де айтып жеткізу мүмкін емес. Мұндай жағдайда езіне тән құрылымы мен интонациялық ерекшеліктері бар күрделі синтаксистік тұтастықтар қолданылады.
Күрделі синтаксистік тұтастықтағы сөйлемдердің өзара мағыналық байланысы олардың лексикалық құрамынан да, өзара грамматикалық байланысынан да, интонациясынан да байқалады. Сондықтан да ортақ тақырып туралы ойдың өрбуін мәтін көлеміндегі, контекстен ғана байқап, көруге болады. Сонымен, күрделі синтаксистік тұтастықтарға енген дербес сөйлемдердің арасындағы тақырыптық-мағыналық қатынасты көрсететін лексика-грамматикалық және интонациялық ерекшеліктер мен тәсілдер бар екені белгілі. Сол тәсілдер мен ерекшеліктеріне қарап күрделі синтаксистік тұтастықтарды үшке бөлуге болады. Олар: 1) ілікпелі байланыс; 2) қатарластық, жарыспалы байланыс; 3) жалғаспалы байланыс.
1) Күрделі синтаксистік тұтастықтағы ілікпелі байланыста тұрған сөйлемдердің мағыналық қатынасын сөйлем ішінде қайталанып тұратын сөздер немесе сол сөздердің баламасы болатын есімдіктер көрсетеді. Мысалы:

Бұл 9 дербес сөйлемнен тұратын күрделі синтаксистік тұтастық бір «тоғай» деген тақырыпқа байланысты болып, сол тақырыпты жан-жақты өрбітіп тұр. Мұндағы сөйлемдер өзара ілікпелі байланыс арқылы байланысып тұр. Ілікпелі байланыс сөйлемдердің арасындағы мағыналық қатынастар оларға ортақ сөздердің немесе сол сөздердің орнына айтылып тұрған есімдіктердің (бәрі қара жазумен берілген) қайталанып айтылуынан көрінеді. Келтірілген мысалдағы 9 дербес сөйлемді бір синтаксистік тұтастықта ұстап тұрған - олардың қайталанып тұрған сөздері мен интонациялық ерекшеліктері. Бұл күрделі синтаксистік тұтастық бір абзац құрап тұр.
Ал интонациялық ерекшелігіне келсек, тұтастыққа енген дербес сөйлемдер жай хабарлы сөйлемдердің, бірыңғай мүшелердің интонациялық моделімен айтылып, тиянақсыз және тиянақты интонемаларға ие болады. Тұтастыққа енген жеке сөйлемдердің арасындағы паузалары онша көлемді болмайды да абзац сияқты соңғы сөйлемнің аяғында көлемді пауза көмкереді. Ол пауза сөйлемнің бәсеңдейтін просодикалық тәсілдермен бірге тұтастықтың аяқталғанын білдіреді. Күрделі синтаксистік тұтастықтардың бұл компоненттері ортақ семантикалық сөздер арқылы бір-бірімен іліктесіп тұратын түрінің тағы да бір айта кететін басты интонациялық ерекше­лігі - қайталанып мазмұн байланысын білдіріп тұрған сөздердің сабақтас құрмаластағы семантикалық жалғаулықтар сияқты болып келіп, солар сияқты акценттеліп, молырақ ұзақтылықпен және интенсивтілікпен жоғары деңгейде айтылуы.
Мұндай тұтастықтың бастамасы, тақырып өрбуі және соңы болады. Бастамасында - бірінші сөйлемде тақырып жарияланады: үлкен тоғай, одан кейінгі сөйлемдерде (2,3,4,5,6,7,8) тақырып жан-жақты өрбиді, соңында, яғни ең соңғы сөйлемде күрделі синтаксистік тұтастықтың қорытындысы болуы тиіс, немесе қалайда тұтастықтың аяқталғанын білдіретін сөйлем болуы керек. Келтірілген мысалда бұл қыстың күні тоғайға аңшылар шығатын деген (9) сөйлеммен берілген.
2) Күрделі синтаксистік тұтастықтың екінші қатарластық, жарыспалы түрінде бірнеше дербес сөйлемдер жалпы мағыналық қатынаста болып, бір тақырып айналасында өрбиді. Бірақ олардың ішінде ортақ лексикалық элементтердің әр сөйлемде қайталанып тұруы шарт емес. Олардың өзара мағыналық байланысы сөйлемдердің жалпы желісінен және олардың ортақ немесе жақын грамматикалық формаларынан білініп тұрады. Мысалы:

Тұтастықтың қатарластық жарыспалы түріне берілген бұл мысалда да тұтастықтың үш мүшелі моделін табуға болады (1 сөйлем - бастама, 2,3,4 сөйлемдерде тақырып өрбуі, 5-сөйлем соңы). Мұнда сөйлемдер бір-бірімен «іліктеспей», дербес құрылымды болып келген. Бірақ мұндағы сөйлемдердің баяндауыш формалары біркелкі болып (көсемше, есімше, етістік формалары), жарыспалы, қатарластық түрде тұрып, шақтық-модальдық жағынан байланысып, сөйлемдер бірінен кейін бірі келетін оқиғаларды баяндап тұр. Бұл бірлестіктің айтылу интонациясы да, жай хабарлы сөйлемдердің, бірыңғай мүшелердің интонациясының моделіндей, араларындағы паузалары біркелкі болып, келемді пауза соңғы сөйлемнен кейін келіп тұр. Тұтастықтың сөйлемдері тиянақсыз, қыстырма және тиянақты интонемалармен сипатталады.
Күрделі синтаксистік тұтастықтың қазақ тілінде жиі кездесетін жоғарыда келтірілген түрлерінде тақырыбына қарай олардың құрамындағы дербес сөйлемдердің саны түрлі-түрлі болады. Соған байланысты олардың интонациялық ерекшеліктерінде де бір-бірінен айырмашылық болуы мүмкін.
3) Күрделі синтаксистік тұтастықтың үшінші жалғаспалы байланысты түрі көбінесе диалогта кездеседі. Онда сөйлемдердің мақсатына қарай бөлінетін түрлерінің (хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер) бәрі кездесе береді, және сол сөйлемдерге тән интонемалармен сипатталады. Бірақ олардың басым көпшілігі толымсыз сөйлемдер болып келеді. Мысалы:

Бұл келтірілген жалғаспалы байланысты тұтастықтың құрамына кірген диалогта болатын толымсыз сөйлемдер де бір тақырыптың (саяжайға бару) айналасында өрбіп тұр. Күрделі синтаксистік тұтастықтың бұл түрінде де жалпы тұтастыққа тән үш мүшелі модельді табуға болады. Бастамасы бірінші сөйлемде: Бүгін саяжайға барамыз, соңы, қорытындысы, 14-ші сөйлемде - кешке бір-ақ келеміз. Екіншісінен он үшіншісіне дейінгі сұраулы, хабарлы, лепті болып келген толымсыз сөйлемдерде тақырыптың өрбуі орын алып тұр.
Біріне-бірі жалғаса айтылған бұл сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай интонациялық ерекшеліктерімен қатар, олардың әрқайсысы көбінесе бір синтагма құрайды. Диалогтағы кейбір сөйлемдердің (мыс: 5,8,13) құрамында ықшамды бір деңгейдегі жалғаспалы паузалар бар екені көрініп тұр. Ал соңына қарай төмендеп барып тынатын бәсеңді әуен мөлшерлі паузамен көмкеріліп, дем алуға мұрша беріп тұр. Оның алдындағы (тақырып өрбуі) сөйлемдердің интонациялық өрнегі, интонациялық сызығы - желді күні толқынданып, бірінің үстіне бірі келіп килігіп, қайырылып қайтып, жатқан көлдің толқындарын көзге елестетеді. Ең соңындағысы жел саябырланғансын ғана толқындар төмендеп, жайылып барып тынышталатыны сияқты.
Интонацияның барлық тілдердің синтаксисіне, онда қаралатын сөйлемдерге, олардың коммуникативтік-құрылымдық түрлеріне тығыз байланысты екенін және оның сөйлеу тіліндегі сөйлемдерде ғана көрініс табатыны анықталды. Сондықтан қай тілдің болса да интонациясының ерекшеліктерін білу үшін, сол тілдердегі сөйлемдердің алуан түрлерін эксперимент арқылы жан-жақты зерттеп қана білуге болады. Тілдің интонациясының жалпы келбеті ең алдымен оның компоненттерінің қарқыны, интенсивтілігі, тонның көтерілуі және бәсеңдеуі, деңгейі тағы басқаларының сөйлем түрлеріндегі орны мен көріністері, басқаша айтқанда, олардың мінез-құлқымен байланысты. Интонацияның ерекшеліктерін барлық тілдерге тән әмбебап семантикалық-синтаксистік құбылыс болып табылатын синтагмаға байланыстыра қарастырған жөн. Тілдің интонациясының жалпы келбетін, ернегін зерттеуде синтагмамен қатар, оларды көмкеріп тұратын әмбебап паузалардың да орны ерекше.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет