Лексас деп айтылады ─ жапон корпорациясы шығаратын «премиум» класты көліктерді әлемге әйгілі өндірушісі



Дата01.03.2023
өлшемі16,66 Kb.
#170622
Байланысты:
лексус реферат


Лексус (Лексас деп айтылады) ─ жапон корпорациясы шығаратын «премиум» класты көліктерді әлемге әйгілі өндірушісі.
Тарихы
Toyota Motor Corporation жаңа брендінің ресми жарық көрген мерзімі 1983 жылдың маусым айында люкс-класты автомобильдің шығарылуымен байланысты. Лексус жыл сайын әлемде 400 мыңға жуық көлік сатады. Сатылымның басым бөлігі Солтүстік Америкада ─ шамамен 70%, Еуропада ─ 10%, Жапония, Азия және басқа елдерде ─ 20.
Lexus гибридті жетегі
Лексус гибридті жетек қозғалыс кезінде жұмсақ, әрі еш дыбыссыз жүрісті, кез келген жүргізу жағдайда, электрлі мотормен болсын, бензинді қозғалтқышымен немесе екеуін де қолдана отырып тыныштықта қозғалғанда басқа жетектерден асып түседі. Алғашқы 50% тежегіш күш беретін рекуперативті тежеу жүйесі нәтижесінде Лексус гибридті жетектің тежеу жүйесі аса ұзаққа шыдайтынын көрсетеді. Алдыңғы тежегіш колодкалары 100 000 километрде бір рет ауыстыруды қажет етеді, ал артқы тежеу колодкалары және барлық тежегіш дискілері ауыстыруды мүлде қажет етпейді.
Лексус Қазақстанда
2010 жылы Лексус компаниясы Қазақстанда ресми қызметін бастады. Лексус Қазақстан Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы аумағында Лексус көліктерін, осы марка көліктеріне арналған қосалқы бөлшектер және аксессуарларын таратумен айналысатын, сонымен қатар оларға кепілдік беретін «Тойота Мотор Қазақстан» ЖСШ-нің бөлімшесі болып табылады. Алматыда ресми қызмет ететін «Лексус Қазақстан» компаниясы гибридті жетегі бар автокөліктер желісін іске қосты.
Модельдік қатар
Lexus GS (Toyota Aristo
GS 450h─ әлемдегі алғашқы Toyota автомобильқұрастырушы корпорациясы шығаратын артқы жетекті әлемдегі алғашқы гибрид седан. Lexus GS 50h 2006 жылдың жазынан бастап Еуропа бойынша сатылымға шығарылады. Автомобиль электрмоторымен байланысты 3,5 литрлі V6 бензин қозғалтқышымен жабдықталған.
Lexus IS (Toyota Altezza)
Lexus IS ─ шағын бизнес-класты Toyota Motor Corporation компаниясының «люкс» категориялы автомобилі. Сондай-ақ автомобиль Жапонияда Toyota Altezza деген маркамен де шығарылады. Altezza-ның алғашқы буыны 1998 жылдың қазан айында Жапонияда шығарылады. 1999 жылы көлік Еуропада Lexus IS 200 маркасымен, 2001 жылы Солтүстік Америкада Lexus IS 300 маркасымен пайда болады. Altezza-ның алғашқы түрі үш нұсқада шығарылды. 2005 жылы автомобильдің екінші буыны шығарыла бастайды. Жаңа IS 250 V үлгісіндегі 4GR-FSE қозғалтқышымен жабдықталған. Тетіктерді қозғалысқа келтіретін құрылғысы артқы дөңгелегінде орналасқан. Lexus IS Америкада кең қолданысқа ие, сонымен қатар Батыс Еуропада неміс бәсекелестері көшбасшы болып табылады.
Lexus ES (Toyota Windom)
Lexus ES ─ АҚШ-та 1989 жылы шығарылған Mersedes-Benz E350, Infiniti M35, Lexus GS-пен бәсекелес, бағасы шамамен 70 000 $ орта топты орташа өлшемді премиум-седан. ES нұсқасы «Executive Sedan» сөзінен қысқартылып алынған. Жапонияда Фукуокадағы Кюсю зауытының Toyota Camry платформасында шығарылады. Буындары:
1-ші буын: ES 250 (1989-1991)
2-ші буын: ES 300 (1991-1996)
3-ші буын: ES 300 (1996-2001)
4-ші буын: ES 300, ES 330 (2001-2006)
5-ші буын: ES 350 (2007)
Lexus LS (Toyota Celsior)
Toyota Celsior буындары:
Бірінші буыны (1989-1994)
Екінші буыны (1995-2000)
Үшінші буыны (08. 2000-2006)
Төртінші буыны (2006-...)
Toyota Celsior-дің екінші буыны сиымдылығы 4 литр қозғалтқышпен жабдықталған. Toyota Celsior-дің үшінші буыны (Жапониядан тыс жерде ─ Toyota LS 430) 2000 жылдың тамыз айында шығарылды. Қозғалтқыштың сиымдылығы 4,3 литрге дейін көтерілді.
2006 жылдан бастап 5 литрлі V8 бензин қозғалтқыш пен электрмоторлы гибрид Lexus LS 600h шығарыла бастайды.
Lexus (Toyota Land Cruiser)
Lexus LX ─ Lexus компаниясы «премиум» класының толық өлшемді 8 орынды SUV. Қазіргі уақытта жолтаңдамайтын көліктің екінші буыны шығарылып жатыр.
Lexus RX (Toyota Harrier)
Lexus RX ─ 1997 жылдан бастап жапондық Toyota компаниясы шығарады Солтүстік Америкада, Еуропада, Азияның кейбір мемлекеттерінде Lexus маркасымен сатылады. Toyota Harrier ─ экспорттық нұсқасы Lexus RX (RX 300, RX 330, RX 350) серияларының атымен шығарылды. Lexus RX 400h ─ бензин және электр қуатымен жұмыс істейтін әлемдегі бірінші толық гибридті автокөлік ─ толық жетекті жол талғамайтын көлігі.

Lexus RX 350


Автокөлік Солтүстік Америкадағы автосалонда бірінші рет шықты. Жаңа жабдықтың ішінде әуе суспензиясы бар.
Дереккөздер
Lexus RX 350 тарихы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет