Бала тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.
Балаға берілетін алғашқы тәрбие ата-анасын, туған-туысқандарын, жолдасын сыйлаудан басталады, себебі ата-анасын сыйламайтын жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды, ал қоғамға пайда келтіре алмаса бұл тәрбие одан әрі шиеленісіп, ақыры үлгермеуші балаларға әкеп соқтырады.
Әрине үлгермеуші балалардың пайда болуы көптеген үлгермеуші себептерге байланысты.
Психологгар мен педагогтардың зерттеулері бойынша баланың шығуына үш фактор себепші болады екен.
Біріншіден, бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады.
Екіншіден, балалардың мінез- құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы.
3. Біліміндегі олқылықтары бар тақырыптар_____________________________
№
Мерзімі
Жұмыс түрі
Тапсырма мазмұны
1
Қыркүйек
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болмауған,тілін дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту.
2
Қыркүйек
Оқушының дайындық деңгейін анықтау
Әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтау.
3
Қазан
(ББД) білім білік дағдыларын айқындау
Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, бірлік және дағдыларын (ББД) айқындау, жүйелеу және толықтыру.
4
Қазан
10 көлеміндегі заттарды санай алу
10 көлеміндегі заттарды санай алу және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктерін қалыптастыру.
5
Қазан
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Мамыр
«Теңдік» және «теңсіздік»
«Теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарына дайындық ретінде заттардың екі тобын салыстыру.
6
Қараша
Қантар
Ақпан
Наурыз
Мамыр
Қосу және азайту
Қосу және азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай – ақ сан ұғымын анықтауға тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету.
7
Қараша
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Мамыр
«Шама» және «сан»
«Шама» және «сан» ұғымдарын оқытуға дайыңдық ретіндегі заттардың ұзындықтарын салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын өлшеу және өлшем бірлігі - 1 см-ді енгізу сияқты ұғымдарды меңгеру.
8
Қараша
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Мамыр
Қарапайым геометтриялық фигуралар
Геометриялық фигуралардың қарапайым түрлері, заттардың бір - біріне қатысты орналасуымен және амалдар мен әрекетің өту ретімен кеңінен таныстыру.
9
Желтоқсан
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Мамыр
Бүтін және бөлшек
Бүтін және бөлшек ұғымдарына дайындық ретінде фигураны бөлшектерге бөлу және оны бөлшектерден құрастыру біліктерін қалыптастыру.
10
Үнемі
Дәптермен жұмыс істеу
Дәптермен жұмыс істеу: оның беттерін шамалай алу, жаза білуге дайындық ретінде қарапайым элементтерді жазуға үйрету.
1.Бұл пән оқушыға қиындық туғызады.
2.Пән қызықтырмайды.
3.Мұғалім пәнге қызықтыра алмайды.
4.Оқулықтағы мағлұматты түсінбейді.
5.Үй тапсырмасын үнемі орындамайды.
6.Есепті шығара алмайды.
7.Оқулықпен жұмыс істеуді білмейді.
8.Сабаққа зейін қоя алмайды.
9.Үйде қадағаланбайды.
10.Сабақтан көп қалады.
Үлгермеушіліктің себептері анықтау.
Үлгерімі төмен балаларды болдырмау үшін әсіресе бастауыш
сыныптарда ата – анамен және ұстазбен шәкірт арасында
тартыс тумауы қажет. "Егер бала бұзақы болса, онда оған
бала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі"
деген А.С.Макаренко.
Олай болса мұғалім,
біріншіден, терең білімді, жауапкершілікті жете түсінетін,
сабағын жан-жақты даярлану арқылы саналы,
тиімді қызғылықты етіп өткізсе, оқушылар
сабаққа зейін аударады да, басқа нәрсеге көңіл бөлмейді.
Екіншіден, оқушының әрбір тәртіпсіздігі мен
шәлкем-шалыстығының себебін анықтап көз жеткізіп
алып барып, шара мен жазаны соған лайықтап қолдану керек.