Ұлы дала сарбазы
1941-1945 жылдар...Ұлы Отан соғысы…Қазақ тарихында мәңгі есте қаларлықтай естеліктері бар осынау жылдар аралығында қазақтардың басына не кетіп,не келмеді.Қаншама қазақ бауырларымыздың қандары төгіліп,жандары қиылған жылдар.Ауылдағы кемпір-шалдың,жас балалар мен әйелдердің жылаумен,сағынып-сарғайумен өткен 4 жылы.Болашағы жарқын болған жас балалардың түзде жұмыс жасауы,надан қалып,ештеме істей алмағаны-өте өкінішті.Қоғамда осындай қиыншылықтар болып жатқан кезде қазақ батырлары ел үшін,жер үшін аянбай күресуде еді.Әрбірі жандарын шүберекке түйіп,әрбірі қасық қаны қалғанша күресті.Бұл кезде ауыл адамдары жеңістен үміткер болып отырды,батырларымызға толықтай сенді.Ауыр жүкті арқалап кеткен бауырларымыз ақыры сенімдерімізді ақтады.Жан аянбай күресіп,Отанымызды фашистерден құтқарып қалды.4 жыл аз уақыт емес.Осы уақыттар ішінде жау оқтарына төтеп бере отырып,қазақтарға жеңіс әкелген қандастарымыздың ерлігі айқын.
Қазірде осы сұрапыл соғыстың біткеніне 75 жыл.Соғыс біткенімен,оның ауыртпашылықтары мен қиыншылықтары мәңгі жадымызда.Ешкім де ұмытлмайды,ешнәрсе де ұмытылмақ емес.Бүгін 29.04.2020 жыл.Алла қалап еліміздегі індеттен құтылсақ,бұйырса 10 күннен кейін келетін Жеңіс күнінен дәмеліміз.9 мамыр-бұл мереке ғана емес,бұл ауыр еңбек,бұл халықтың батырлығы.Біздің парызымыз-бұл күнді еске сақтап,ерліктің қадірін білу.Біздің майдан ардагерлеріміз!Олардың саны кемде-кем.Сондықтан оларға сай қызмет көрсетіп,жеңістің жемісі біздер екенімізді сезіндіре білуіміз керек.
Ал біз кімбіз?Тәуелсіздік үшін не істедік?-деген сұрақтар да туындаса керек.Біз-сол жеңістің ұрпағымыз!Біз-тәуелсіз,бейбіт елдің ұланымыз!Біздің осылай ашық аспан астынды тату-тәтті өмір сүруіміз ол-ардагерлеріміздің арқасында.Олардың ерлігі мен көрсеткен батырлығының арқасында.Сол себепті де біз сол кісілер секілді ұрпақ болып тәрбиеленіп қана қоймай,сол кісілер секілді ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.Бүгінде біздің азаматтық мідетіміз-болашақ ұрпақты Отанын сүюге,елінің,жерінің адал патриоттары,достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.Сондықтан да біз ардагер аталармыз бен апаларымыздың ерен еңбегін бағалап, Отанымыздың бейбіт өмір сүруіне үлкен үлес қосамыз. Отанымыздың бейбіт өміріол-болашағымыздың жарқын жұлдызы. Дүние жүзінде бейбіт өмір ғана орын алсын деп тілеймін!