Литосфералық катаклизмдер (зілзалалар)



Дата07.02.2022
өлшемі16,93 Kb.
#86294
Байланысты:
5 текст


Литосфералық катаклизмдер (зілзалалар)/


Катаклизм (зілзала) – табиғаттағы апатты жағдай, катастрофа.
Геологияда жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, сырғыма, опырылма, қар көшкіні, цунами.
Катаклизм (зілзала) дегеніміз тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің кенеттен бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғатын табиғи құбылыс. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, жанартау атқылауы, сырғыма, опырылма, қар көшкіні т. б. табиғат күштерінің әсерінен болады. Зілзалалардың ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі.
Жер сілкінісі – литосфераның астыңғы қабаттарындағы дүмпу күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.
Жанартаудың атқылауымагма балқымаларының немесе өте ыстық қатты кесектердің, сұйық лавалардың және газ бөлшектерінің атқылау процесі. 
Опырылым (обвал)– тау жыныстарының үлкен массасының тез бөлініп, құлауы (топырақ, құм, тас, балшық). Пайда болу аймақтары: тау беткейлері, теңіз, көл, өзеннің, ірі сайлардың тік жағалаулары. Себептері: жер сілкінісі, жер асты және жер беті суларының әсері, антропогендік жарылыстар.
Сырғыма (оползень) – тау жыныстарының үлкен массасының тау беткейімен төмен жылжуы. Мысалы, лайдың, топырақтың жылжуы.
Пайда болу аймақтары: тау беткейлері, теңіз, көл, өзеннің, ірі сайлардың тік жағалаулары. Себептері: жер сілкінісі, жер асты және жер беті суларының әсері, антропогендік жарылыстар.
Қар көшкіні (снежная лавина) – қардың үлкен массасының ормансыз тау беткейлерімен тез сырғып, жылжуы. Пайда болу себептері: қардың қалың жаууы, қардың тез еруі, жер сілкінісі, жарылыстар.
Цунами – мұхиттың түбінде болатын жер сілкінісі мен жанартау атқылауынан пайда болатын апатты толқындар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет