"Ұлттық тіл-мәденниеттің негізі және іргетасы"
Біздің ұлттық тіл-қазақ тілі.Біз өз тілімізді көзіміздің қарашығындай қорғауымыз керек деп ойлаймын.Ол үшін қазақ тілінде шұбарлап сөйлемей,таза,әдемі сөйлеуіміз керек.Ата-бабамыздан қалған асыл мұра-туған тіліміздің мәртебесін ары қарай көтеру үшін аянбай еңбек
етуге тиістіміз.Ол дегеніміз-"мен оқыдым,жаздым,ақылдымын"деп,өзіңді жоғары ұстап,қазақша шұбарлап сөйлегенді сәнге айналдырмай,керісінше қанша оқып,білсең де байлығы таусылмайтын тілімізде көркем сөйлеп,тілді алалап сөйлегендерді түзетуге тиіспіз.Ақын Қ.Мырза Әли:
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!-демекші,анамыздың сүтімен бойымызға сіңген туған
Тіліміздің қадірін асыруға үлес қосуымыз керек деп ойлаймын.Осы мақсатта
мектебімізде "Тілім менің-тірлігімнің айғағы" атты ҚР тілдері мерекесінің он күндігі өтіп жатыр.Бізге қазақ тілі мұғалімі Есмағанбетова Б.О. «Ана тіліңді құрметте!» атты ашық сабақ өткізіп туған тіліміз ата-бабамыздан қалған асыл мұрамыз екенін,оның қадір қасиеті туралы мол мәліметтер берді.
М.Жұмабаев айтпақшы, "Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ"екенін түсінгендей болдық.Оқушылар өздерінің тілге деген сүиіспеншілігін бай тіліміздің көркем сөздері арқылы жеткізіп,ұстаздар осы мол қазыналы тілімізді жоғалтпай,мемлекеттік тілде еркін сөйлеуімізге көмек ретінде шешен,көркем сөйлеуі арқылы осындай түрлі шаралар көрсетуі бізге үлгі болғандай.
Ұлы жазушы Ғ.Мүсірепов: «Ана тілін ұмытқан адам – ол халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» деп бекер айтпаған. Өйткені, ана тілі- біздің ең ұлы, ең басты байлығымыз. Оны ұмытсақ, ол тілде дұрыс сойлеп, ойымызды жеткізе алмасақ, кім бізді «қазақ» деп айтар?! Сондықтан, жүрегінде «елім, жерім» деген сезімі бар әр қазақтың жан- дүниесінде ана тіліне деген құрмет әрі тағзым болуы керек деп ойлаймын.
Мен өзімнің ана тілім- қазақ тілі екенін мақтан тұтамын және осы тілдің алып бәйтеректей өркен жайып өсуіне өз үлесімді қосуға дайынмын.
Санақ Айдана
Ақан негізгі мектебінің
8-сынып оқушысы
Достарыңызбен бөлісу: |