«made self-man» концепциясының интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы рөлі түйіндеме Мақалада басты міндеттердің бірі интеллектуалды ұлт қалыптастыруда «made self-man»



Дата05.11.2016
өлшемі94,44 Kb.
#789
«MADE SELF-MAN» КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ
Түйіндеме

Мақалада басты міндеттердің бірі интеллектуалды ұлт қалыптастыруда «made self-man» концепциясының орнын анықтау. Сонымен бірге, мақалада «made self-man» концепциясын жан-жақты қарастырып, елімізде, тарихымызда «selfmademan» тұлғасына лайықты тұлғалардың өмір баяны қарастырылады. Концепцияны талдау жасай отырып, интеллектуалды ұлт құруда «selfmademan» тұлғасы анықталынады.



Кілт сөздер

Интеллектуалды ұлт, интеллект, интеллектуалды капиталы, made self-man, акмеологиялық мәдениет.


Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тікелей байланысты. Интеллектуалды ұлт болу тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі мақсатында ұлттық негіз, ұлттық рух, ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын жақсартумен ғана шектелмейді, бұл жерде рух тазалығын тәрбиелеудің де маңызы зор. Тәрбиелеу барысында адам өзін-өзі де тәрбиелей алады, «made self-man» концепциясының мәні де осында.

Жеке интеллектуалды тұлға қалыптастыру және дамыту жолында біз халқымыздың ғұламалардың еңбектеріне сүйене отырып мәнін ашып алуымыз қажет. Еліміздің тарихындағы ойшылдар мен даналарды, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің өз заманына сіңірген еңбегінде болашақтың бақытты болуына қосқан үлесімен ұлттың даму сипатын көрсету бағдарын айқындап алуымыз керек. Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин секілді халық ағартушылары ұлттың дамуын таным-түсінікті кеңейту арқылы жету бағыттарын айқындап отырған. Олардың атқарған істері мен айтқан өсиеттеріне күні бүгінге дейін халық тәрбиесінде жоғары бағаланады. Және ұрпақ тәрбиесінде солардың ой өлшемдерімен өмір сүруге күш салып келеміз. Біз ғана емес, бүкіл әлемде қанша ұлт, қанша мемлекет болса, солардың барлығы да өздерінің ежелгі данышпандарының немесе жалпы адамзатқа ортақ Сократ, Аристотель, Конфуций секілді зор тұлғалардың айтып кеткендерін өмірлік ұстанымдарында басшылыққа алуда. Қазақ даласындағы ойшылдардың айтқандары да бүкіл ұлттың «Қайтсе жақсы өмір сүруге болады? Ұлттың қадір-қасиетін жоғалтпау» деген мәңгілік сұрағына жауап беріп тұрған жоқ па.

Осы тұрғыда алдымен «интеллект», «интеллектуалды капитал», «интеллектуалды ұлт» ұғымдарының мән-мағынасын қазақ билерінің, шешендерінің, әл-Фарабидің, Абайдың, Шәкәрімнің, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың ұрпақ тәрбиесіне қатысты еңбектеріне сүйене отырып, «толық адам», «сегіз қырлы, бір сырлы» түсініктерімен салыстыра отырып ашылады да, оларды қауымдастықта қалай біріктіруге болатындығы көрсетіледі; білім беру жүйесін инновациялық дамыту, ақпараттық қоғамды дамыту, ұлттық тәрбие беру, ұлт денсаулығын күшейту интеллектуалды ұлт қалыптастыру факторы ретінде қарастырылады.

Интеллектуалды тұлға қалыптастырудың кезеңдері отбасы, мектепке дейінгі тәрбие, мектептік, кәсіптік және жоғары білім беру жолында деңгейленіп қарастырылғаны жөн. Көпсатылы білім берудегі сабақтастық тұлға қалыптасуының дұрыс бағдарын қамтамасыз етеді. Ғылымның, білім берудің және инновацияның тығыз байланысқан түрдегі жаһандану принципі негізінде жоғары біліктілік қамтамасыз етіледі.

«Өз өзіңді жаса» концепциясын қарастыру барысында мен «Өмір мектебі - Өзіңді өзің жаса немесе «selfmademan»» тұжырымымен соқтығыстым. Осы тұжырымдаманы талқылауда, E-xecutive.ru. дискуссиялық клубтың жазбаларынан Радислав Гандапаспен жүргізген видео сұхбатты пайдаланбақшымын [1].

Жоғарыда айтқанымдай Р. Гандапаспен жүргізілген сұхбатта «Қалай нәтижеге жұмыс жасайтын мақсат қою керек? Калай жаңа жұмыс бастау керек және жеткен жетістікте тоқтап қалмау керек? Калай өз күшіне деген сенімділікті тауып және оны дұрыс қолдана алу керек?» деген сынды сұрақтар қарастырылады.

Бала кезімізде біздің өзімізге деген сенімділігіміз мықты болып, уақыт өте келе ол жоғала бастайды, сол себепті біз өзімізге сенімсіз бола бастаймыз, өзімізге күмандана бастаймыз: қалай өзіңе жаңа жұмыс жасату керек? калай сенімділікке ие болу керек? бастаған нәрсеңді жалғастыруға қайдан күш табу керек? деген сынды сұрақтар әрдайым қойылатын сұрақтар. Ал олардың авторлары тек жасөспірімдер мен жастар ғана емес, керісінше қалыптасқан, жетістікке қол жеткізген менеджерлер, бизнесі бар адамдар мен тіпті саясаткерлер.

Өзіндік тәртіп, өзінің мінез-құлқын басқару, өзіндік мотивация тақырыбы әртүрлі адамдарға өзекті болып келеді. Әсіресе ол өз күшімен, еңбегі және ақылымен белгілі бір материалдық жағдайы жоғары деңгейге және әлеуметтік статусқа ие болған адамдарға маңызды болып келеді. Оларды «selfmademan» деп айтады. Selfmademan неден басталады? Дұрыс бағытта қозғалу үшін, алдыға қойған мақсаттарға жету үшін және жеткен жетістікте тұрып қалмай ары қарай жүру үшін өзіндік мотивацияның қандай құралдарын пайдалану керек? Өзіңнің іс-әрекеттеріңді қалай дұрыс бағытқа қойу керек және өзіндік тәртіп қаншалықты маңызды? Деген сынды сұрақтарға жауапты осы сұхбаттан ала аламыз деген ойдамын.

Selfmademan неден басталады? Деген сұрақтан бастайық, «selfmademan» сөзінің аудармасы «өзін өзі жасаған адам» дегенді білдіреді. Р. Гандапстың көзқарасы бойынша, бұл адам, бастапқы кезеңде құралдардың жоқтығын иемденіп, белгілі бір ресурстарды жұмсап, нақты мақсат қойып және белгілі бір жол жүргеннен кейін өзі күткен нәтижеге ие болған адам. Бұл жол жанынан қарағанда тіке сияқты көрінеді, алайда бұл жол тіпті зигзак секілді де емес, ол шатасқан жол секілді, біресе басына жетіп қалады, біресе қайта стартқа қайта келеді, ақырында соңына жетеді.

Адам баласында старт кезіндегі мен қазіргі кездегі жеткен жетістігі арасында қаншалықты айырмашылық көп болса, selfmademan терминін оған қолдануға болатын болса, оның мәртебесі мен мүмкіндіктері кең болады. Мысалы, біз әр күні бір-біріне ұқсас өтіп жатқан мүгедек пен Паралимпиялық ойындардың чемпионы болған мүгедек екеуіне екі түрлі көзбен қараймыз.

«Selfmademan» арсеналына жету үшін бастапқы кезде үш негізгі ресурс қажет, олар: уақыт, энергия (денсаулық) және ақша. Тек қана физикалық және рухани сау адам ғана күткен нәтижеге қол жеткізу үшін уақытым мен құралын тиімді пайдаланады. Айта кететін жайт, уақыт пен энергия яғни денсаулық орны толмас ресурс болып табылады, ал ақшаны қалай жоғалтсан солай табуға болады.

Р. Гандапстын selfmademan концепциясына қатысты пікірі бойынша, өмірді екіге бөліп қарастыруға болады. Яғни, адамның бастапқы ресурстарды қаншалықты тиімді пайдаланғанына байланысты оның өмірі құралады. Егерде бірінші кезеңде адам уақытын – а) тұлғалық өсу, б) өзін-өзі дамыту, в) білім алуға жұмсаса, ақшаны – а) білім алу, б) бизнеске инвистиция құруға жұмсаса онда адам екінші жарты өмірін адам бос болып күтеді. Ол адамда өзіне жұмсайтын бос уақыт пен ақша болады, сонымен бірге жеткілікті энергия мен болашаққа жоспар құру мүмкіндігі болады. Сонымен мындай тұжырымға келеміз, егер адам бірінші жартыны дефицитте өткізсе екіншісін профициттте өткізеді [1].

Керісінше болуы да абден мүмкін, ол кезде адам өз уақыты мен денсаулығын тиімді пайдаланбай бірінші кезеңнен өтуі мүмкін, ондай жағдайда екінші кезеңде ол тапшылық көреді. Адамға екінші жартыда туылу сәттілік болып келеді – ата-аналарының мұрамен қалған капиталы оған жайлы өмір туғызады. Алайда болашақта профициттың кету мүмкіндігі өте жоғары. Мысалы, бай әкесі өзінің өлер кезінде 1 ай бойы қараған мейірбикеге барлық капиталын мұра етіп қалдырып, өзінің өмірге бейімделмеген баласына ештеме қалдырмай кетуі мүмкін сол себепті бай адамдар өздерінің балаларына уақытша ресурстардан шектейді, ол олардың балаларының өздерінің күшімен шыңға жетуіне серпін болады.

Сонымен бірге, адам бірінші жартысында туылып, екінші жартысына барып біраз уақыт өмір сүріп, қайтадан бірінші жатртыға оралуы мүмкін. Ол неге олай? Себебі, ол өзінің алдына мақсат қоя алды да оған жетті, мақсатына жеткен уақытында ол мақсаты оған биік мақсат емес секілді көрініп, басқа биік мақсат қоюға бел буды. Сол себепті ол қайтадан бірінші жартыға оралды. Өмірдің соңына дейін бір жартыдан екіншісіне өтіп отыруға болады. Алайда ресурстардың тапшы кезеңінде туылған әлдеқайда бағалы болады, себебі, «сен өзің өзіңді жасау (selfmademan)» мүмкіндігін жоғары болады.

Осы тұжырымды зерттей келе «Не себепті байлар аскетизмге ұшырайды?» деген сұрақ туындайды? Радислав Гандапстың бақылауларына сенер болсақ, материалдық жағынан биік шыңға жеткен адамдар және әрдайым жақсы мен көпке шүкірлік ету мүмкіндігі бар адамдар өздеріне мақсатты түрде шектеу қоя отырып, өмір сүрудің аскетикалық үлгісін таңдайды. Олар құралдардың жетпей, тапшылықта жүрген күндерін өздерінің ең қызықты кезі ретінде санайды, себебі олардың әрқайсысы нәтижеге қызу түрде жұмыс жасаған.

Өзінің бостандығын шектеу мүмкіндігі – Selfmademan-нің ерекше көрінісі.

Гандапстың пікірі бойынша, егер адам өзін еліктеуден бас тартуына шек қойып немесе оны реттей алатын болса ол болашақ selfmademan-нің көрінісі. Егерде адам бала кезінен бастап теледидардан мультфильм көрудің орнына сабақ оқуды жөн көрсе, ол баланың тіпті сол кезден өзіне әсер ете алатындығын білдіреді. Әр күн бізге ондаған таңдау жасауымызға алып келеді, сол таңдауымыз бізді мақсатымызға алып келе ме алде кері әкете ме соны түсінуіміз керек. Осыдан шығатын қорытынды: интеллектуалды ұлт қалыптастыруда адамның өзін-өзі тарбиелеп, «selfmademan» түсінігіндегі адам болуы өзінің үлкен әсерін тигізеді. «Made self-man» концепциясының идеясын интеллектуалды ұлт қалыптастыруда бас тыназарға алу қажет.

«Made self-man» концепциясы «Мен» концепциясының принциптеріне сүйенеді. Адам өзін-өзі жасап тұлға болады. Қазақстан тарихында ұлы тұлғалардың бірі немесе «Made self-man» деп Абай Құнанбаевты айта аламыз. Абай ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.  Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Осы сөздерден-ақ Абай Құнанбайовтың өзін-өзі жасаған тұлға екендігін, «Made self-man» категриясына сай келетіндігіне көз жеткізе аламыз [2].

Сонымен бірге Ыбырай Алтынсарин, А. Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейханов, Ш. Құдайбердіұлы секілді ұлы тұлғалар және де тарихта ел билеп аты қалған Абылай хан, батырларымыз: Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сырым Датұлы сынды азаматтар «Made self-man», яғни өзін-өзі жасаған тұлғалар қатарына жатады [3].

Қазіргі кезде «Made self-man» терминіне лайықты адам деп кімді айтамыз? Бұл терминге лайықты адам бойына рухани өнегелік мәдениетті қалыптастырған, акмеологиялық мәдениетті сіңірген тұлға.

Қазіргі таңда осы «Made self-man» атауына лайық тұлғалардың бірі ретінде Қазақстан Республикасының президентін қарауға болады. Оның өмірбаяны осыған дәлел. Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Оның қызмет жолы оның «өзін өзі жасаған тұлға» екендігінің дәлелі. 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген. Қазіргі кезде экономика ғылымдарының докторы (1993), ҚР ҰҒА-ның (1995) және басқа да ғылыми мекемелер мен шетел оқу орындарының академигі, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Орталық Азия мемлекеттері Достық қорының құрметті төрағасы, ЕҚЫҰ-нің бас төрағасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Назарбаев – Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен, сондай-ақ әлемнің көптеген елдерінің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған [4].

Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев пен оның пікірлестері жүргізіп келе жатқан өзгерістер ХХ ғ. Соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептелінеді.

Н.Назарбаевтың осы өткен жолы қазіргі таңда оны «Made self-man» атауына лайықты етеді. «Made self-man» концепциясының түйіні адам өзін өзі жасау үшін акменің шыңына жету керек. Акмеологиялық мәдениет «Made self-man» үлгісіндегі тұлғаны қалыптастырушы категория.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. www.e-xecutive.ru

  2. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т.7. / Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2005. – 728 б.

  3. Қазақ даласының ойшылдары (ХІІІ-ХУ ғ.ғ). 2-ші кітап /Ред. Нысанбаев Ә. - Алматы: ФСИ, 2001. - 196 б.

  4. http://www.kitaphana.kz





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет