Май ауданның білім беру бөлімінің отырысы
Жаңа форматтағы ҰБТ: нормативтік құжаттар және педагогтармен, оқушылармен, ата-аналармен атқарылатын жұмыстар жүйесі.
Базылбаева Эльмира Егинбаевна
Жалтыр жалпы орта білім беретін мектебінің
мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
2017 жылғы ҰБТ-дағы өзгерістерді атап айтсақ, түлектер үшін ҰБТ-ны 2 кезеңге бөлінеді.
1. Қорытынды аттестаттау — бұл мемлекеттiк бiтiру емтиханы.
2. ҰБТ — жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.
11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бiтiрушi емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның iшiнде 4 мiндеттi (ана тiлi, орыс (қазақ) тiлі, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және
оқыту бейiнi (ҚГБ және ЖМБ) ескерiле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтедi.
Барлық емтихандар, оның iшiнде тестiлеу де бiлiм алушының өзi оқитын мектебiнде өтедi.
Емтихандардың тiзбесi және нысаны мынадый:
Ана тiлi және әдебиетiнен (оқыту тiлi) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат берiледi.
Ол шағын көлемдегі проза түріндегі еркін композиция. Қандай да бір мәселені еркін түрде жазу, сын және публицистика жанры. Эссе нақты тақырып бойынша жеке әсері мен ой толғанысын бейнелейді Эссе - жаңа, бір нәрсе туралы әдемі боялған сөз және философиялық, тарихи- биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми кең таралған тұрғыда жазылады.Эссенің мақсаты- өз бетінше автордың шығармашылық ойлау дағдысын жетілдіру.
Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бiр тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.
Эссе тақырыбын таңдағаннан кейiн бiтiрушiлер негiзгi идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тiл құралдарын және тiлдiк әдiстердi (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кiрiспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенiң жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.
Қазақ тiлiнен эссенiң үлгiлiк тақырыптары
1. Саяхатшылар өзi келген елдiң салт-дәстүрiн сақтауға мiндеттi ме?
2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етедi деп ойлайсыз ба?
3. Киноөндiрiс жастарға өз әсерiн тигiзедi деп ойлайсыз ба?
Барлық жұмыстарға бiрыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады.
2) Алгебра және анализ бастамалары пәнiнен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат берiледi. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.
Тапсырмалар математикалық фактiлердi, түсiнiктердi және тәсiлдердi меңгеру деңгейiн анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын бiлуге бағытталған.
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);
Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екi сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негiзгi бөлiмдерiнен теориялық сұрақтар, 3-шi сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескiндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).
4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжiк тiлдерiнде оқытатын мектептерде қазақ тiлiнен және қазақ тiлiнде оқытатын мектептерде орыс тiлiнен тестiлеу (берiлген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);
Бұл пәндердiң тапсырмаларының саны мен нысаны мынадай болады.
Лексикалық-грамматикалық блок — 20 тест тапсырмасы бiр дұрыс жауабын таңдау арқылы;
«Тыңдалым» блогы — 10 тест тапсырмасы (2 мәтiн, 200-250 сөз);
«Оқылым» блогы — 10 тест тапсырмасы (2 мәтiн, 200-250 сөз).
5) Таңдау бойынша бiр пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзi тарихы, әдебиет, шетел тiлi (ағылшын, француз, немiс), информатика пәндерiнiң бiреуiн таңдайды) тестiлеу.
Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа — 60 балл берiледi), оның 20 сұрағы бiр дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл берiледi), 20 сұрағы бiрнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл берiледi).
Екi пән бойынша тестiлеу мектепте бiр күнде өтедi
Емтиханға берiлген бағалаумен келiспеген жағдайда, бiтiрушi келесi күнгi сағат 13.00-ге дейiн аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерiнiң және облыстық бiлiм басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.
Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзiмi Министрлiктiң «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуiрге дейiн). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтедi.
Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және бiлiм басқармаларына дейiн жеткiзудi Ұлттық тестiлеу орталығы, ал мектептерге дейiн жеткiзудi бiлiм басқармалары ұйымдастырады.
Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берiлген дұрыс жауап кодтары негiзiнде жауап парақтарын тексерудi мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән бойынша жүргiзедi.
Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кiтапшалары т.б.) мектепте бiр оқу жылы бойында сақталады.
Бiтiру кештерi мектепте 2017 жылғы 15 маусымға дейiнгi мерзiмде өткiзiледi.
2 Кезең. ҰБТ — жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.
Бұл талапкерлердің жоғары оқу орындарына түсу және мемлекеттің грантті бөлу үшін жүргізіледі. Бұл 20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында республика бойынша 165 тестілеу бекеттерінде өткізіледі.
Міндетті пәндер:
1) Оқу сауаттылығы
2) Математикалық сауаттылық
3) Қазақстан тарихы
Бұлардың барлығы жеке жеке 20 тесттен тұрады жалпы 60 тест, жалпы ұпай 60 бал.
ҰБТ-2017 жаңа форматы берілген тест тапсырмаларының түрі және оның мазмұны төмендегідей: оқу сауаттылығына арналған 4 мәтін 20 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы. 1 сұраққа дұрыс жауапқа 1 баллдан береді. Оқу сауаттылығы-оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, түсіне білу. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға арналған оқығанын пайдалану бағаланады.
Математикалық сауаттылығынан 20 сұрақ, 1 балдан беріледі. Математикалық сауаттылығы- әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.
Ал бейінді пәні екі пән, әр қайсысы 30 тесттен тұрады, жалпы 60 тест, бұның ішінде жартысы бір жауабы дұрыс, жартысының екі немесе үш жауабы дұрыс тест, немесе сәйкестендіру сұрақтары. Бейінді пәндер: математика+физика,математика+география,тарих+география, биология + химия, биология + география, тарих+ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті+тарих, география + ағылшын тілі, химия + физика т.б. Жалпы ұпайы 80 ұпай. Осы тестер нәтижесінде оқушы жоғары оқу орнына түсе алады. Ұлттық тесттің жалпы балы 140 балл.
«Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді).
Оқуға тапсыру кезеңдері
25 мамыр – 15 маусым – өтініш жазады.
5 маусым – 15 маусым – шығармашылық емтихан тапсырады.
1 шілде – 20 шілде – тест тапсырады.
23 шілде – 31 шілде грантқа конкурсқа құжат тапсырады.
1 тамыз – 8 тамыз – төмен ұпай алған қайта тест тапсыруға өтініш жазады.
19 тамыз – 24 тамыз – қайта тест тапсырады (ақылы түрде)
Достарыңызбен бөлісу: |