«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» факультеті



бет1/7
Дата06.02.2022
өлшемі93,5 Kb.
#79498
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
мазмұны


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» факультеті


«Азық- түлік өнімдері технологиясы және тағам қауіпсіздігі» кафедрасы



БЕКІТЕМІН Оқу және оқу әдістемелік
жұмысы жөніндегі проректоры, ____________ Л.Тастемирова «___» ____________ 2013 ж.



EKKESS-4348 «Экологиялық қауіпсіздіктерді қамтамасыз етуді сынау сертификаттауы»


ПӘНІНІҢ
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

5В073200- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығына арналған


Кредит саны 2


күндізгі
Алматы 2013


«Экологиялық қауіпсіздіктерді қамтамасыз етуді сынау сертификаттауы» пәні элективті пәндер катологы негізінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Ғылыми Кеңесінің № 8, 27 наурыз, 2012 ж. құрастырған. Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен мақұлданған (хаттама № 5, 2 наурыз 2012 жыл)

Құрастырған: а.ш.ғ.к.,доцент О.Дүйсенбекова


«Экологиялық қауіпсіздіктерді қамтамасыз етуді сынау сертификаттауы» пәнінің жұмыс оқу бағдарламасы «Азық-түлік өнімдері технологиясы және тағам қауіпсіздігі» кафедрасының отырысында талқыланды. Хаттама №1, «27» тамыз 2013 жыл.

Кафедра меңгерушісі: б.ғ.д.,профессор А.Серикбаева


Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологиясы» факультеті оқу-әдістемелік комиссиясының отырысында қаралып ұсынылды. Хаттама №1, «29» 08. 2013 жыл.


ОӘК төрайымы, Л.Бупебаева


МАЗМҰНЫ


Түсініктеме хат

4

Кіріспе

5

1 Негізгі бөлім

6

2 Тәжірбиелік сабақтардың тақырыптарының тізбесі

7

3 Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) тақырыптарының тізбесі

7

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

8


Түсініктеме хат

«Экологиялық қауіпсіздіктерді қамтамасыз етуді сертификаттау» пәнді зерделеудің алдындағы пәндердің тізімі: экология, метрология, сертификаттау, квалиметрия


Шектес пәндердің тізімі және олардың берілген пәнмен өзара байланысы: Сапа менеджменті жүйелері
Пәнді зерделеу нәтижесінде Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес бакалаврлардың:
Қоршаған орта жүйесіне қойылатын стандарттар, экологиялық аспекттер, енгізу және жұмыс жасау. Тексеру және түзету әрекеттерін жүргізу, басшылар тарапынан талдау, қоршаған ортаны басқаруын ұйымдастыруды қамтамасыздандыру туралы түсінігі болу керек:
Білімгерлерге қоршаған орта жүйесіне қойылатын стандарт талаптарын, экологиялық аспекттерді енгізу және жұмыс жасауды. Тексеру және түзету әрекеттерін жүргізуді, басшылар тарапынан талдауды, қоршаған ортаны басқаруын ұйымдастыруды қамтамасыздандыруды білу керек:
Кәсіпорындағы қоршаған орта жүйесіне қойылатын стандарт талаптарын, экологиялық аспекттерді енгізу және жұмыс жасау жүйесін жақсартуды жасай білу керек:
Кәсіпорында қолданылатын стандарттар мен басқа нормативтік құжаттарды жүйелі тексеруді жүзеге асыру; кәсіпорын бөлімшелерін стандарттау бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау; сапа басқару жүйелерін әзірлеу және ендіру облысында озық отандық және шет елдік тәжірбиені зерделеу мен жүйелендіру дағдыларын меңгеру керек.
Қоршаған орта жүйесіне қойылатын стандарттарды құру бойынша жұмыстарды орындау жүйелілігі және сәйкес құжаттаманы жасау мәселелеріне құзыретті болуы керек.

Кіріспе

ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қорымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды.


Табиғат - Ана деген сөздің асқақтығы, табиғатқа деген ілтипат-бұл адамнның өзіне көрсетілген құрмет. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауға тиіс. Қазіргі әлемде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде калып қойды. Адамзаттың ауылшаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай ақ топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялыык дағдарыс шын мәніндегі кауіпті төндіріп отыр, іс жүзінде тез өріс алып бара жаткан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге және көкөністеді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс - әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үкімімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кешуілдетуге тырысуымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет