Мамандық: қазақ тілі мен әдебиеті Орындаған: Тәуекел Салтанат Білім берудегі цифрлық технологиялар Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында демектей, расымен келешек ұрпаққа білім беру-біз сияқты жас мамандардың қолында.Баланы дұрыс тәрбиелеу,оны білім нәрімен сусындату, онымен сырлас жақын дос болу-әр педагогтің міндеті.Ұстаз болу-екінің бірі қолынан келе бермейтін істің бірі болып табылады.Баланың қызығушылығын оятып, оны арттыру, білімге құштарлығын ашудың өзі бір ашылмаған құпия теория секілді.Жалпы, бала қызығушылығын арттыру үшін не істеу керек?Ең алдымен, баланы жіті тани білу маңызды.Кейіннен баламен сырласып, баланы ашып, оны қызығушылығын білу.
Қазіргі таңда көп балалардың өзі компьютер, түрлі смартфондарға, смартфон арқылы жүргізілетін ойындарға және т.б. қызығушылықтары көп.Ал, оның осы сабақ жүйесімен маңызы неде?Яғни, бұл құралдар ең алдымен баланың назарын аудартады.Мысалы, түрлі-түсті жазу бар суреттер не презентация, ойындар.Екіншіден сол құралдар арқылы берілетін ойындар мен ақпараттар.Мыс: сабақ ортасында сергіту сәті ретінде ойын ойнатуға болады.Не болмаса түрлі дыбыстар арқылы шыққан ақпараттар баланың зейінін өзіне бірден аудартады.Менің тәжірибемде болғандықтан, бұл үрдістер мен үшін таныс.Тәжірибе жинақтау барысында, оқушыларыммен түрлі ойын жүйелерін ойнап, панель, интербелсенді тақталар арқылы сабақ барысын өткен болатынмын.Қазіргі таңда да көптеген ақпараттық ойын түрлерін білдім.Мыс:WordArt, Quizizz, WordWall,Crossword және т.б.Ал, өз жүйемде мен, LearningApps, Kahoot! сынды программаларды қолданғанмын.
Бір сөзбен айтқанда, бұл пән менің цифрлық білім берудегі қызықты ақпараттар алуыма, көптеген сайттар жүйесімен танысуыма және сол сайттармен жұмыс атқаруыма өз ықтималыдығын тигізе білді.Және ең бір ескеретін нәрсе-BANDICAM.COM сайты.Бұл сайт бәрімзге таныс.Қашықтықтан оқыту кезіндегі таптырмас құралдардың бірден-бірі.Ауқымы кең бұл сайттан біз-видео материалдарды қалай жасау керек екендігін, видеоға түсуді, видео үлгіні өңдеуді үйрене алдық.Бұл сайтта маған бұрыннан таныс,яғни, бұл сайтпен мен жұмыс істеп көргендіктен, аса қиындық тудырмады.Қашықтықтан оқыту деген себебім- балаға беретін материалды слайд арқылы өңдеп, оны осы сайт бойынша видеоға түсіруге болады.Бұл саттың мүмкіншілігі:
• Видеоны аудиожазба ретінде қолдануыңа болады.
• Оқытатын материалдарыңды видео арқылы түсіндіріп, оқушыларға жіберуге болады.
• Оқушылармен онлайн байланыста өз септігін тигізе біледі.
Бұл пәннің мақсаты неде?Жалпы, мақсаты-бәсекеге қабілеттілікті арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету, балаларға, ұстаздарға мүмкіншіліктерді арттыру.
Яғни, кез келген оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, түрлі тест сұрақтарына жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауды осы мүмкіншілік арқылы үйренеді.Және де электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер мен видеолар көрсетуге, музыка не аудио материалдар тыңдатуға болады. Бұл әрине, мұғалімнің қара тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әсерлі, әрі тиімді.Ең бастысы – білім беру сапасын жоғары деңгейге дейін көтеру.
Қай жерде болмасын, цифрлық технологиялар әр жерде қолжетімді.Мейлі ол басқа салада болсын.Ақпараттың ең тиімді көзі және мұғалімнің бір көмекшісі болып табылады.
Қорытындылай келе, бұл пәннен үйренгенім де әрі үйренерім де көп сияқты.Мүмкін үйренгендерімді алдағы тәжірибе жинақтау барысында кеңінен қолданармын.Жалпы, цифрлық білім беру - бүгінгі күннің жетістігі, осы техниканың озық үлгісін мектеп қабырғасынан терең меңгерту болашақ кәсіп мамандарын тәрбиелеуде, бәсекеге қабілетті ел азаматтарын қалыптастыруда орны толмас дүние.