Маманов Марат Мұратұлы 1984 жылы 28 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында дүниеге келдім



Дата12.09.2020
өлшемі25 Kb.
#78217
Байланысты:
марат өмірбаян
жаңа оқу жылын бастау салтанатты іс шара туралы

ӨМІРБАЯН
Маманов Марат Мұратұлы 1984 жылы 28 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында дүниеге келдім.

Мектеп жасына дейін отбасы тәрбиесінде болған ол 1990-2001 жылдар аралығында сол жердегі Кемелұлы атындағы орта мектепте білім алып шықтым.

Мектеп бітіргеннен кейін бір Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің тарих және география факультетіне түсіп, аталған оқу орнын 2005 жылы бітіріп шықтым.

Еңбек жолын сол жылы Жартытөбе ауылындағы Кемелұлы атындағы жалпы орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып бастап, өзінің кәсіби шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 2009 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым.

Өзіме тапсырылған жұмыстармен және жеке шығармашылық жұмыстармен айналыса жүріп, жетістіктерге жеттім.

Атап айтқанда 2007 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен, 2008 жылы аудандық «Өнерлі ұстаз-2008» байқауында 3 орын, тамыз педоқуында 2 орыннан көрінді. Облыстық «Ең үздік мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -2010» байқауына қатысып 2 орынға ие болдым. 2013 жылы облыстық «Үздік педагог ұйымдастырушы» байқауына қатысып «Алғыс хат» иеленді, аудан әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2017 жылы «Тәрбие орынбасарларының мектепті басқарудағы үздік модулі» атты аудандық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары байқауына қатысып 3 орын иелендім.



Отбасылымын, жұбайым және төрт ұлым бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет