Мандала терапиясы. Мандала дегеніміз не? Мандала – Әлемнің немесе біздің ішкі әлеміміздің шеңбер түріндегі символдық бейнесі. Көбіне мандаланың ішінде шаршы болады: төрт бағыты әлемнің төрт бөлігін білдіреді. Психотерапияда мандаланы салу, құру немесе тоқуда ешқандай қатып қалған ереже жоқ.
Ол біздің ішкі жай-күйімізді емін-еркін көрсеткенде өздігінен туындайды. Мандаланың сыртқы формасы нақты жағдайды бейнелейді, бірақ маңыздысы сыртында емес, ішінде орналасқан орталықта – ол күш-қуаттың қайнар көзі, адам маңызының көрінісі. Мандала адам оны сезсе де, сезбесе де, онымен өзара әрекеттесіп шипалы бұлаққа әкелетін өте тереңдегі көпқырлы үдерістің, қүш-қуаттың матрицасы.
Мандала формасы, қалай, неден жасалады? Мандала ішінде шаршы, шаршының ішінде ішкі шеңбер орналасқан сыртқы шеңберден тұрады. Шаршы дүиенеің төрт бұрышын бейнелейді.
Әр қырының ортасында оның ауқымынан сыртқа шығып тұрған қақпасы бар, ал ішкі шеңбердің ортасында ерекше мағынаға ие символ бейнеленеді. Мандала кенепке, жерге, құрбандық астарында салынады, көркемдеп безендіріледі, түрлі материалдардан жасалынады.
Мандала қандай жағдайда қолданылады? Эмоциялық ахуалды түзету мақсатында;
Мінез-құлықты реттеу үшін;
Өзекті жағдайды диагностикалау мақсатында;
Өзара қарым-қатынасты зерттеу мақсатында;
Нақты мәселені зерттеу мен түзету мақсатында;
Т.б.
Мандаланы қолдану мынадай ахуалдарды бастан өткергенде көмектеседі: Кез-келген дағдарыстық ахуал;
Өмірде күрделі жағдай туындағанда;
Агрессиялылық;
Зейінді шоғырландыру қиын болғанда;
Өзін-өзі бағалау;
Т.б.