Мақсаты: Білімділік



Дата16.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#132083
Байланысты:
Ақпарат әлемі -6




«АҚПАРАТ ӘЛЕМІ» сайысы
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.
Типі: Сыныптан тыс жұмыс
Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация

Өту барысы: Қатысушылар: 5а,б,в,г,д,е сыныптары
І. Ұйымдастыру.
Командалар
І топ – Принтер
ІІ топ –Процессор
ІІІ топ –Монитор

Сайыс жоспарын таныстыру.
Жарыс кезеңдері:
1. Кім жылдам?
2. Кімді епті?
3. Адасқан әріптер
4. Ойлан тап

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ақпарат әлемі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Ақпарат әлемі» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік. Алдымен оқушылар жеребе таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді. Жеребеде көрсетілген компьютер құрылғыларымен топ атауы беріледі.


Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Кім жылдам?» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншылар кедергілер арқылы допты шошыту мәредегі партада орналасқан Морзе әліппесімен шифрланған сөздерді дешифрлауы керек. Әр топ мүшесіне 1 сөзден беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Okushy 2. Kitap 3. Takta



4. Ustaz 5. Synyp 6. Mektep


Жүргізуші: “ Кім епті?” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде көрсетілген кедергілерден шеңбермен секіру арқылы әр қатысушыға дайындалған сұрақтарға жауап береді. Әр жауапқа 10 ұпай қосылады.


Ақпарат дегеніміз не?
(Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс және т.б) туралы исмвол мен сигнал түрінде берілетін мәлімет.)
Ақпарат қабылдау түрлерін ата?
(Есту, көру, дәм сезу, иіс сезу, дәм сезу)
Ақпаратты ұсыну түрлерін ата
(Мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыс, бейне-ақпарат)
Байланыс арнасы дегеніміз не? Түрлерін атаңыз?
(Байланыс арнасы – деректі қашықтыққа тасымалдауға мүмкіндік беретін техникалық құрылғы.Телеграф, Телефон, Теледидар, Радио, Интернет, Пошта)
Ақпарат беру нешеге бөлінеді, атаңыз?
(Ақпарат беру 3-ке бөлінеді. Ақпарат көзі, Ақпарат арнасы, Ақпарат қабылдаушы.)
Ақпарат көзі нешеге бөлінеді, атаңыз?
(Ақпарат көзі – табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді)
Шифрлау дегеніміз не?
(Шифрлау дегеніміз – құпия ақпаратты бөтен адамдардың оқуына жол бермейтіндей етіп өзгерту. )
Дешифрлау дегеніміз не?
(Дешифрлау дегеніміз - шифрланған мәтінді бастапқы қалпына келтіру.)
Кодтау дегеніміз не?
(Кодтау дегеніміз - ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсыну)
Криптология дегеніміз не?
(Криптология - шифрланған ақпаратты қорғаумен арнайы айналысатын ғылым.)
Ақпаратты екілік кодтау нешеге бөлінеді?
(Ақпаратты екілік кодтау түрі 3-ке бөлінеді. Мәтіндік, Сандық, Графикалық)
Графикалық ақпаратты ұсыну түрлерін атаңыз?
(Графикалық ақпаратты ұсыну 2-ге бөлінеді. Аналогты және цифрлы нысанда)
Дискреттеу дегеніміз не?
(Дискреттеу дегеніміз – үзіліссіз кескіндерді белгілі бір кодтар арқылы пиксельдер тобына түрлендіру.)
Графикалық редактор дегеніміз не?
(Графикалық редактор – компьютерде графикалық кескіндерді, суреттер мен фотосуреттерді өңдеуге арналған программа)
Paint.NET графикалық редакторында қанша құрал бар?
(16 құрал)
Paint.NET графикалық редакторынның түстер палитрасында қанша түс орналасқан?
(32 түс)
ASCII кодтау кестесі қанша бөліктен тұрады, атаңыз?
(2 бөліктен: Стандартты және баламалы)
ASCII кодтау кестесі неше кодтан тұрады
(256 кодтан тұрады)


Жүргізуші: Ойынымыздың IІІ кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде әр қатысушыға информатикаға қатысты сөздер құрайтын әріптес берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауапқа 15, 10, 5 ұпай


КОДТАУ
САНДЫҚ
ВЕКТОР


Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.

Жүргізуші:
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік, - дей келе“ Ойлан тап” атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде екі топқа өз топ атауларының бөлінген суреттері беріледі. Тапсырма құрастыру керек, Берілетін ұпай 15, 10, 5 ұпай

Жүргізуші:
Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен деп,
Әділқазыларға сөз беріледі.

Ойынның қорытындысы айтылады.
Жүргізуші: Бүгінгі көріп тамашалаған «Ақпарат әлемі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Шараға қатысқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет