Мақсаттары: Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды жан – жақты сауатты, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, оқу – білімге қызығушылығын арттыру



Дата15.09.2017
өлшемі136,27 Kb.
#33066
Озық ойлы оқушылар.
Мақсаттары: 1. Тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой - өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

2. Оқушыларды жан – жақты сауатты, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, оқу – білімге қызығушылығын арттыру.

3. Оқушыларды өз елінің сауатты , салауатты азаматы етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тірек – сызбалар, сұрақтар жинағы.
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Мұғалім : Ойын ережесі бойынша әрбір сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпайдан беріледі.Берілген сұраққа жауапты тез беруге тырысыңыздар.

Ойыншыларымызды ортаға шақырамыз және әділқазылар алқасымен таныстырамыз.


1 – кезең: «Бәйге» сайысы.
Республикамыздың басты қаласы? (Астана).

Астана нешінші жылы Астана деп аталды?(1998ж).

Кітапты неден жасайды? (Ағаштан).

Білім қай күн? (1 қыркүйек).

Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын? (Абай).

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім? (Н. Ә . Назарбаев).

Апрель айының қазақша атауы? (сәуір).

Республика күні қашан? (25 қазан).

Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров).

Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр).

Қазақтың ұлттық аспабы? (домбыра).

Ұлы Отан соғысының батыр қыздары кімдер? (Әлия, Мәншүк).

Қазақтан аты шыққан атақты суретші кім? (Ә. Қастеев).

Қандай мемлекеттік рәміздер бар? (Әнұран, Ту, Елтаңба).


Бірінші сайыс бойынша ұпайларды айтып өтейік.
2 – кезең : «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы.
Мұғалім : Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс тілінде аудармасы айтылса , 20 ұпай беріледі. Тек қазақша жауабы үшін 10 ұпай беріледі.
Аяғы біреу, қолы жоқ,

Шиыр – шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді. (қалам - ручка).


Жазу жазып жалықпаған,

Жаза – жаза арықтаған. (бор - мел).


Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.( Қоңырау - звонок)

Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі - лиса).


Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.(қар - снег).


Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны. (теледидар - телевизор).


Өзі кірді ашады

Суға салсам қашады. (сабын - мыло).


Қалың киімді ұнатады,

Шешіңдірсең жылатады. (пияз - лук).


Қылдай белі бүгілген,

Өзінен де жүгі үлкен. (құмырсқа - муравей).


10.Жылт – жылт еткен жылғалардан өткен. (су – вода).

11. Қабат – қабат қаптама

Ақылын болса аттама. (кітап - книга).
12. Белі бүкір

Алысқа түкір.(мылтық - ружье).


13. Судан алады

Суға салса өледі.(тұз - соль).

Кесе – кесе мұқалды,

Жони – жони жұқарды. (пышақ - нож).


3 – кезең : «Дода» сайысы
Бұл сайысымызда негізгі 4 пәніне сұрақтар беріледі.

Әуелі пәнді таңдайық.


Әдебиет
«Кел, балалар , оқылық» өлеңінің авторы кім?
а) Абай

ә) Шоқан


б) Ыбырай
«Кедейлік үш ағайынды. Оның тұңғышы – кежірлік, ортаншысы – еріншектік , кенжэесі - ұйқы». Осы айтылғандар не?
а) шешендік сөз

ә) мақал


Қазақ батырларының аты;
А) Әбілмансұр, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек.

ә) Абай, Шоқан, Ыбырай


Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, ғалымы.
а) Абай ә) Ыбырай б) Шоқан

5. «Ауылдың жаны терең сай, тасыған өзен гүрілдеп» деген жолдар Абай атаның қай өлеңінен алынған? (Желсіз түнде жарық ай.)


Қазақ тілі
Дара етістік неше сөзден тұрады? (бір)

Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады? (кім? Кімдер? Не? Нелер?)

Сөйлем түрлерін ата. (Хабарлы ,Сұраулы, Лепті)

Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша? (жұрнақ)

Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата? (қатаң, ұяң, үнді.)

Етістік дегеніміз не?


Дүниетану
Мұнай шығатын жері қай жер? (Маңғыстау)

Каспийде қандай өте ірі балық бар? (бекіре)

«Ақ алтын »деген не? (мақта)

Қазақстан Республикасы нешінші жылы тәуелсіздігін алды? 1991 ж .

Адамға шөлдегенде не қажет? (су)

Өлі табиғатқа не жатады?


Математика
Оқушылар барлығы 9 шелек алма терді де, балабақшаға 4 шелек алма берді. Қанша шелек алма қалды? (5 шелек)

Қабырғасы 5 см шаршының периметрін тап (20 см).

Манар 9 кітап , ал Жанар сонша кітап сатып алды ? (18 )

алты асықты екі – екіден неше балаға беруге болады? (3 балаға).

Ауданды табу үшін ....?

Периметрді табу үшін ...?


4 – кезең : «Тапқырлық» сайысы.
Берілген мақалдың жалғасын табу.
Білекті бірді жығады, (білімді мыңды жығады).

Әдептілік белгісі – (иіліп сәлем бергені).

Жақсыдан үйрен , (жаманнан жирен).

Ата көрген оқ жонар , (ана көрген тон пішер).

Қына тасқа бітеді , (білім басқа бітеді).

Көзің ауырса қолыңды тый, ( ішің ауырса ауызыңды тый.)

Ер бір өледі, (қорқақ мың өледі)

Арпа, бидай ас екен, (алтын, күміс тас екен).

Болат қойнауда шынығады, (батыр майданда шынығады).

Еңбектің наны тәтті ,(жалқаудың жаны тәтті.)

Қыстың қамын ,(жазда ойла).

Талап – (талмас қанат).


5 - кезең : «Жорға» сайысы.
Сонымен ақырғы айналымға да жетіп қалдық. Менің қолымда екі нұсқалы конверт бар.

Әрбір сұрақтың дұрыс жауабы үшін 10 ұпайдан беріледі.

нұсқа
Түн ұйқысын төрт бөлген адам? (ана)

Жыл басы не? (тышқан)

Орман дәрігері? (тоқылдақ)

Абайдың анасы? (Ұлжан)

Есту мүшесі ? (құлақ)

Мектебіміз қалай аталады? (Көктал орта мектебі)


2 – нұсқа

Үш биді ата? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

Абылай ханның шын аты? (Әбілмансұр)

Біздің облысымыз қалай аталады? (Қостанай)

Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

Бүгін аптаның қай күні ? (сенбі)

Басты байлық не? (денсаулық)
Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары айқындалды.Қазылар алқасына сөз беріледі. Ойын жеңімпаздарына мақтау қағазы , сыйлық табыс етіледі.
1- нұсқа

1.Түн ұйқысын төрт бөлген адам? __________

2.Жыл басы не? ___________________

3.Орман дәрігері? ____________________________

4.Абайдың анасы? ________________________

5.Есту мүшесі ? ___________________________

6.Мектебіміз қалай аталады? _________________________
2 – нұсқа
1.Үш биді ата? _______________________________

2.Абылай ханның шын аты? ___________________

3.Біздің облысымыз қалай аталады? _____________

4.Бір тәулікте неше сағат бар? __________________

5.Бүгін аптаның қай күні ? _____________________

6.Басты байлық не? ___________________________



КГУ «Приреченская СШ»



(интеллектуалдық ойын)

3 – 4 сыныптар



Өткізген: Алпысбаева А.Ш.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет