Мақтаарал ауданы
«№36 жалпы орта мектебі» КММ
10 сынып білім алушысы Майлыбай Алтынбек «Менің алғашқы ұстазым» Ұстаз-ұлы есім. Осынау бес әріптің астарында қаншама мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатыр десеңізші. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Талпынған балапанды ұядағы, қырандай жетілдіру қиадағы, шәкіртті тәрбиелеу, оны биікке шығару, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиет.
Ұстаз-әлемдегі бар білімнің бастаушысы, тіршілікті жаңа қырынан танытушы. Ұстаз деген бірауыз сөздің өзінде жанашырлықтың, мейірімділік пен сүйіспеншіліктің нұры тарайды. Балаға деген қамқорлығын білімімен бірге бойға сіңірткен де осы ұстаз. Адамзаттың адам болып қалыптасуына, оның болашақ өмірге бейімделуіне, әркез қателіктерін түзете отырып, өмірге жаңа көз қараспен қарауына да ықпал етуші-ұстаз.
Адамзат тарихы қалыптасқалы бері олар жаңа нәрсеге қызығушылықпен өмір сүріп, алға қарай талпынған. Біліп, үйренген адам келесі біреуіне үйретіп бір-біріне деген мейірбандығын көрсетіп келген. Қазақ халқын да сонау бір надан болған кезінен зиялы тұлғалар ұстаздық жасап алға сүйреген. Оған дәлел сол заманда білімсіз халықтың көзін ашу үшін мектептер енді бас көтерген кезі. Мысалы, Ахмет Байтұрсынов алғашқылардың бірі болып, Торғай қаласында ашқан алғашқы мектебі. Одан бөлек Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» шығармасы. Барлығы да сол кездегі білімсіз қараңғы күндерге жарық алып келу үшін жасалған еңбектер. Өзге үшін тер төгетін ұстаз ұғымы осы үшін де ұлы әрі қасиетті саналса керек. Осындай ұлы да ардақты ұстаз менде де болды.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде жылы ғана шырайымен құшақ жая қарсы алған алғашқы ұстазым мәңгі жадымда қалады. Өмірде өз анамнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол-менің алғашқы ұстазым. Балалық мінезім мен еркеліктерімді көтеріп, қатем мен тентектігімді кешірген алғашқы ұстазымның алар орны бөлек. Қолыма алғаш қалам ұстатып, әліппені оқытқан Мадина апай мен үшін сіңірген білімдердің бастауы болып қала береді. Алғашқы ұстазымның бойыма сіңірген әр сөзі мен үшін құнды қазына. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстазымның сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі болғым келеді. Өз тұлпарының бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келуі үшін жасаған еңбегіне басымды иемін. Мадина апай менің адам болып қалыптасуыма өз ықпалын тигізген жандардың бірі. Ғалым да, шахтер да бастау алған ұстаз-менің ғана өмірімде емес, әрбір адамның өмірінде өзіндік орын алады.
Мамандықтың түрі көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті президент болып кетсеңіз де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуыңыз керек. Ұстаздың еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету ұстазға деген сый-сияпат емес, ұстазға деген сый-сияпат сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтуыңыз керек.