Астана қаласы
№
Математика пәнінің мұғалімі
Гүлжанат Идирисовнаның
педагогикалық қызметі туралы
ПІКІР
Гүлжанат Идирисовна 7,8, 10 сыныбында математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында өзін маман ретінде жан-жақты, талапшыл, іскер, ізденімпаз қасиеттерімен таныта білді. Математика пәніне деген оқушылардың таным-белсенділігін, ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технология әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, әр оқушымен жұмыс жасап, есте сақтау, зейіндік қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыс жасайтындығын сабағына қатысу барысында куә болдық.
Гүлжанат Идирисовна өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз. Жаны таза, эстетикалық талғамы жоғары, адамгершілігі биік тұлға. Ақыл – парасаты өмірде көрген – білгендігімен ұштасып жатады. Отбасында, ұжымында сыйлы жан.
Шәкірттеріне тек пәндік білім беріп қоймай, оларды жан-жақты дамытып, бәсекеге қабілетті шәкірттер дайындаудың да майталманы.Ғылыми жобаға, интеллектуалдық марафонға,олимпиадаға қатысушыларды дайындау- осының дәлелі болмақ.Оқушылары қалалық, облыстық ғылыми жоба, интеллектуалдық марафон жеңімпаздары.
Гүлжанат Идирисовна мектеп ұжымында өзінің еңбекқорлығымен әріптестерінің, ата-аналарының, оқушыларының алдында жоғары беделге ие.
Гүлжанат Идирисовна – өз мамандығын сүйетін, көп ізденетін сыйлы ұстаз. Болашақта да тек үлкен биіктіктер мен жоғары белестерді бағындыра береді деп сенім артамыз.