Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мен математикалық олимпиадаға дайындауға арналған
Математикалық олимпиада және логика пәні
2 сынып
Түсініктеме хат
Мақсат, міндеттері
Бастауыш сыныптарда «математикалық олимпиада және логика» пәнін енгізу арқылы оқушылардың ой қабілетін дамытып, логикалық қортынды жасау, оңтайлы шешім қабылдаудың тиімді әдіс тәсілдерін игерту, оқушылардың математикалық сауатын жоғары деңгейге көтеріп, олимпиадалық дайындық курстарын 5-6 сыныптан бастап нәтижелі өткізуге базалық мүмкіндік жасау.
«Математика» және «математикалық олимпиада» пәндерінің мазмұндарын үйлестіре отырып, стандарттан тыс математикадан тірек білім игерумен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілетін, математикалық дарынын жетілдіру.
Сипаттама
Таяу мерзімде өркениетке жетуді мақсат еткен біздің еліміздің азаматтары ой өресі кең, өміршең де шығармашыл бола алса ғана біртұтас әлем стандартына сай келіп, әлемге елімізді, ұлтымызды танытып, әлем бізді білім арқылы тани алатыны даусыз. Осы маңызды істі ойдағыдай жүзеге асыруда бүгінгі білім саласының, соның ішінде дарынды балаларды оқытатын білім ошақтарының атқаратын міндеті зор екендігі сөзсіз.
Осы келелі істі жүзеге асыру мақсатында «математикалық олимпиада және логика» сабағын бастауыш және орта сыныптарда, стандарттан тыс оқыту мазмұнына сыйғызып, аталмыш бағдарламаны ұсынып отырмыз. Бағдарлама оқушылардың ой өресін жетілдіру ісін «Ақыл ой дамуы» кезеңінде бастап, жүйелі түрде олимпиадалық деңгейдегі сапалы дайындықпен жүзеге асыру арқылы математикалық дарынын, шығармашылық қабілетін жетілдіруді көздейді .
Бағдарлама, барлық сыныпқа арналып, жеделдете, дамыта оқытуға бағытталып жасалған. Бұл сыныптарда «математикалық олимпиада» пәні аптасына 1 немесе 2 сағат өтуге жоспарланып жүзеге асырылуда.
Бағдарламаны жүзеге асыруға қолданылатын оқу әдістемелік құралдар кешенді түрде толық әзірленіп, өткен екі оқу жылында №73 ФТЛ сынақтан өтті. Сондай-ақ сабаққа қолданатын әр сыныпқа арналған оқу құралы баспадан шығарылып, қолданысқа еніп отыр.
Бағдарламада жоспарланған оқытудың негізгі әдістемесі шығармашылықпен білім игеруді мақсат ететін, тұлғаға бағытталған.. Ай сайын рейтингілік бақылау жұмыстары алынып, қорытындыланып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |