Математикалық сауаттылық
1-НҰСҚА
1.Егер болса, неге тең
A) B) C) 2 D) E) 1
2. Бір аптада кассада киноға сатылған билеттер диаграммасы көрсетілген. Кай күндері арифметикалық ортасының жартысынан көп бірақ 300-ден аспайтын билеттер сатылды
A)сәрсенбі, бейсенбі B)дүйсенбі, бейсенбі C)сейсенбі, дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі D)сейсенбі, жексенбі E) дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі
3. Сандар белгілі бір заңдылықпен берілген. Бесінші санды табыңыз: 22; 202; 2002; . . .
A) 20000 B) 200002 C) 20002 D) 22000 E) 200000
4. Сыныпта математикадан 10 есептен құралған олимпиада өткізді. Әрбір дұрыс шығарылған есеп үшін 5 ұпай қосылатын, ал әрбір қате шығарылған есеп үшін 3 ұпай алынып тасталатын. Оқушылардың біреуі барлық есепті шығарып (дұрыс немесе қате) 26 ұпай жинады. Ол қанша есепті дұрыс шығарғанын анықтаңыз.
A) 8 B) 5 C) 6 D) 4 E) 7
5. Әсем пойыздың басынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Мадина пойыздың соңынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон бар? A) 14 B) 15 C) 12 D) 11 E) 13
6. Гүлдананың осыдан үш жылдан кейінгі жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық. Гүлдананың қазіргі жасын табыңыз:
A) 6 B) 8 C) 4 D) 9 E) 10
7. 5-ке бөлінетін үш таңбалы сан неше екенін анықтаңыз
A) 200 B) 100 C) 300 D) 90 E) 180
8. Үсен мен Майра бір үйдің балалары және үйде олардан басқа да балалар бар. Үсеннің неше ағасы болса, сонша қарындасы бар. Ал Майраның ағаларының саны сіңлілерінің санынан екі есе артық. Отбасында неше бала бар екенін анықтаңыз.
A) 3 B) 7 C) 4 D) 6 E) 5
9. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.
=7
A) 42 B) 56 C) 49 D) 63 E) 28
10. Екі санның қатынасы 2 : 3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 10 санын қосса, осы екі санның қатынасы 4 : 5 қатынасына тең болады. Екінші санды табыңыз.
A) 25 B) 100 C) 75 D) 50 E) 125
11. Кестеде әр жылдардағы Шкода және Шевролет автомобильдерінің бағаларының графигі берілген. Тік осьте көліктің бағасы, көлденең осьте жылдар көрсетілген. Жыл бойы екі автомобильдің де бағалары 4000000-нан кем емес болған жылдарды көрсетіңіз.
A)2009 ж., 2009 ж. B)2009 ж., 2010 ж., 2011 ж. C)2011 ж., 2012 ж.
D)2009 ж., 2010 ж., 2011 ж., 2012 ж. E)2009 ж., 2010 ж., 2012 ж.
12. Көк базарда екі қауын үш асқабаққа, ал үш асқабақ бір қарбызға тең болса, онда бір қарбыз неше қауынға тең екенін анықтаңыз
A)5 B)1 C)4 D)3 E)2
13. Футбол алаңындағы бір команданың ойыншыларының орташа жасы 24 жас. Бір ойыншыны ойыннан шеттеткеннен кейін қалған он ойыншының орташа жасы 23 жас болды. Шығып қалған ойыншының жасы нешеде екенін анықтаңыз.
A)26 B)19 C)28 D)34 E)25
14. 5...4...6...3 сандарының арасына «+», «×», «‒» амалдары бір рет қана қолданылып қойылды. Өрнектің нәтижесі бола алмайтын санды көрсетіңіз.
A)17 B)21 C)19 D)23 E)26
15. Берілгендер бойынша сұрақтың орнына қойылатын санды табыңыз. Жазыңқы бұрыштың
20% тең 36º,ал тік бұрыштың 50% ?
A)18° B)20° C)90° D)180° E)45°
16. Сызбадан белгісіз бұрыштың градустық мәнін табыңыз.
A) 40º B) 30º C) 90º D) 20º E) 50º
17. Асықтар екі дорбаға салынған. Бірінші дорбадағы асықтар екінші дорбадағы асықтардың жартысынан 5 асық артық. Екінші дорбадағы асықтар бірінші дорбадағыдан 10 асық артық. Екінші дорбада қанша асық бар екенін анықтаңыз.
A) 20 B) 24 C) 32 D) 30 E) 36
18. Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде бір ғана ағылшын тілін білетін неше қызметкер екенін анықтаңыз
A) 10 B) 25 C) 16 D) 20 E) 12
19. Суретте таразы тепе-теңдікте орналасқан болса, өрнегінің мәнін табыңыз.
A) 5,3 B) 4,5 C) 6,2 D) 6,3 E) 7,1
20. Сымнан қабырғасы 16 см теңқабырғалы үшбұрыш құрастырылды. Егер осы сымды жазып, одан квадрат жасаса, онда оның ауданын табыңыз.
A) 64 B) 100 C) 36 D) 144 E) 81
2-НҰСҚА
1.Егер және болса, көбейтіндісін табыңыз:
A) 5 B) -4,2 C) -2,8 D) 3 E) -3,4
2. Сандар белгілі бір заңдылық бойынша ораналсқан. Сұрақ белгісінің орнындағы санды табыңыз.
A) 42 B) 41 C) 40 D) 45 E) 50
3. өрнегінің мәні:
A) 1 B) 2 C) 0 D) -1 E) -2
4. Әсем пойыздың басынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Мадина пойыздың соңынан есептегенде жетінші вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Пойызда неше вагон бар?
A) 12 B) 13 C) 14 D) 11 E) 15
5. «Астана-Павлодар» жолаушылар пойызы Астанадан 30 маусым күні 22 сағ 45 минутта шығып, Павлодарға 1 шілде күнгі 6 сағ 50 минутта келді. «Астана-Павлодар» жолаушылар пойызы Астанадан Павлодарға дейін қанша уақыт жолда болғанын анықтаңыз.
A) 7 сағ 55 мин B) 7 сағ 50 мин C) 8 сағ 50 мин D) 8 сағ 5 мин E) 7 сағ 5 мин
6. Отбасында екі қыз бар. Олардың әрқайсысының үш інісі бар. Отбасында ең аз болғанда неше бала бар? A) 2 B) 8 C) 5 D) 3 E) 6
7. Амина 4 жаста, оның апасы Назеркенің жасы одан 3 есе үлкен. Назеркенің жасы Аминадан 2 есе үлкен болған кезде, Амина қанша жасқа толады.
A) 9 B) 16 C) 8 D) 12 E) 10
8. Үсен мен Майра бір үйдің балалары және үйде олардан басқа да балалар бар. Үсеннің неше ағасы болса, сонша қарындасы бар. Ал Майраның ағаларының саны сіңлілерінің санынан екі есе артық. Отбасында неше бала бар?
A) 6 B) 3 C) 4 D) 7 E) 5
9. Сұрақ белгісінің орнында бола алатын санды табыңыз.
a c =abc-(a+b+c) 5 3 =?
b 4
A) 43 B) 48 C) 33 D) 38 E) 37
10. Саматтың үйі мен тоғанның арасын қосатын жолдың жиегінде 17 ағаш өседі. Самат олардың кейбір еулерін қызыл таспамен мына ережеге сүйеніп белгіледі: тоғанға бара жатып ол бірінші ағашты, сонан соң әрбір екінші ағашты белгіледі. Үйге қайтып келе жатып, ол тағы да бірінші ағашты, сонан соң әрбір үшінші ағашты белгіледі. Белгіленбей қалған ағаштардың санын көрсетіңіз.
A) 6 B) 5 C) 8 D) 7 E) 4
11. Кестеде байқау тестілеуіндегі математика пәнінен бес оқушының нәтижелері көрсетілген.
Оқушының аты
|
Ұпай саны
|
Айдана
|
21
|
Нәйлә
|
23
|
Арыстан
|
25
|
Диас
|
22
|
Даниял
|
19
|
Кестеге сәйкес келетін диаграмманы көрсетіңіз
A) 11 B) C) D) E)
12. Көк базарда екі қауын үш асқабаққа, ал үш асқабақ бір қарбызға тең болса, онда бір қарбыз неше қауынға тең екенін анықтаңыз
A) 1 B) 2 C) 3 D) 5 E) 4
13. Біріншісінің жылдамдығы 360 км/сағ, екіншісінікі 270 км/сағ болатын екі ұшақ А қаласынан бір уақытта бірдей бағытқа ұшты. Екі сағаттан кейін бірінші ұшақ жылдамдығын 220 км/сағ-қа дейін азайтты. Екінші ұшақ бірінші ұшақты А қаласынан қандай қашықтықта қуып жетеді?
A) 1560 км B) 1512 км C) 1520 км D) 1620 км E) 1360 км
14. Екі санның қатынасы 2 : 3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 10 санын қосса, осы екі санның қатынасы 4 : 5 қатынасына тең болады. Осы сандарды табыңыздар.
A) 100; 125 B) 30; 45 C) 50; 75 D) 25; 75 E) 75; 100
15. Cуреттегі үйдің жоспарын пайдаланып, осы үйдің жалпы ауданын анықтаңыз.
. A) 76 B) 70 C) 75 D) 74 E) 72
16. Сызбадан белгісіз бұрыштың градустық мәнін табыңыз.
A) 145º B) 135º C) 125 º D)155º E) 115º
17. Әсемнің сағаты әрбір бір сағатта 4 секундқа қалып қалады. Әсемнің сағаты бір тәулікте қанша уақытқа қалып қалатынын анықтаңыз.
A) 1 мин 12 с B) 48 с C) 1 мин 24 с D) 1 мин 48 с E) 1 мин 36 с
18. Апам бір қорап шақпақ қант сатып алды. Балалары оның жоғарғы қабатын, яғни 77 шақпақ қантты жеп қойды. Бұдан кейін олар енді бүйір қабатын, яғни 55 шақпақты жеп қойды.Соңында олар алдыңғы қабатты да тауысты. Қорапта қалған шақпақ қантты анықтаңыз.
A) 295 B) 288 C) 350 D) 240 E) 300
19. Суретте таразы тепе-теңдікте орналасқан болса, өрнегінің мәнін табыңыз.
A) 6,3 B) 6,2 C) 5,3 D) 4,5 E) 7,1
20. ABCDEF алтыбұрышы аудандары көрсетілген екі квадрат пен екі үшбұрышқа бөлінген. ABCDEF алтыбұрыштың периметрін табыңыз
A) 64 см B) 72 см C) 50 см D) 68 см E) 60 см
3-НҰСҚА
1. Суретте көрсетілген сандық сәуледегі -ге сәйкес келетін нүкте
A) L B) Q C) N D) M E) P
2. Сандар белгілі бір заңдылықпен берілген. Бесінші санды табыңыз: 22; 202; 2002; . . .
A) 20000 B) 200002 C) 200000 D) 22000 E) 20002
3. 30%-і 60 санының 90%- ін құрайтын санды табыңыз
A) 162 B) 180 C) 54 D) 16,2 E)1 8
4. Неше бөренені 18 рет кескенде, олардан 25 бөлік алынатынын анықтаңыз
A) 8 B) 9 C) 10 D) 6 E) 7
5. Төменде берілген фигуралар тізбегіндегі 15-ші орында қандай фигура тұрғанын анықтаңыз
A) B) C) D) E)
6. Қасқыр қойды 6 сағатта жейді, ал одан жолбарыс екі есе, арыстан үш есе тез жейді. Үшеуі бірге қойды қанша сағатта жейтінін анықтаңыз
A) 1,3 сағ B) 1 сағ C) 2 сағ D) 1,5 сағ E) 1,2 сағ
7. амалы кез-келген a мен b үшін орындалады. Төмендегі ұйғарымдардың қайсылары дұрыс
№ м
|
Ұйғары
|
1
|
1
|
2
|
|
3
|
=1
|
4
|
1
|
A)№1, №3 B)№4, №2 C)№1, №2 D)№1, №4 E)№3, №2
8. Толқын және оның ата-анасы, бәрі бір күнде, 1 қаңтар күні туылған. 2015 жылдың қаңтарында Толқын анасынан 6 есе кіші болды, ал 2016 жылдың қаңтарында әкесінен 6 есе кіші болды. Әкесі анасынан неше жас үлкен екенін анықтаңыз.
A) 3 B) 5 C) 2 D) 4 E) 6
9. Сұрақ белгісінің орнында бола алатын санды табыңыз.
A)15 B)20 C)19 D)18 E)30
10. Екі санның қатынасы 2 : 3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 10 санын қосса, осы екі санның қатынасы 4 : 5 қатынасына тең болады. Бірінші санды табыңыз.
A) 125 B) 100 C) 25 D) 75 E) 50
11. Тіктөртбұрыштың ұзын қабырғасына квадрат салынған. А және В бағандарын салыстырыңыз.
А баған
|
В баған
|
Квадраттың периметрінің сан мәні
|
Тіктөртбұрыштың ауданының сан мәні
|
A) A=B B) AB D) 2A=B E) берілген мәліметтер жеткіліксіз
12. Саяхатшы моторлы қайықпен дүйсенбі күні сағат 12-де өз саяхатын бастады да, 100 сағат саяхаттап қайта оралды. Ол қай күні неше сағатта қайтып келген?
A) Сенбі күні сағат 16:00-де B) Жұма күні сағат 16:00-де C) Бейсенбі күні тал түсте
D) Сәрсенбі күні сағат 04:00-де E) Жұма күні сағат 04:00-де
13. 5-ке бөлінетін үш таңбалы сан нешеу?
A) 300 B) 90 C) 100 D) 180 E) 200
14. Екі санның қатынасы 2 : 3 қатынасына тең. Егер бірінші санға 10 санын қосса, осы екі санның қатынасы 4 : 5 қатынасына тең болады. Екінші санды табыңыз.
A) 100 B) 25 C) 50 D) 75 E) 125
15. Суреттегі берілгендер бойынша сұрақтың орнына қойылатын санды табыңыз.
A) 90° B) 180° C) 45° D) 18° E) 20°
16. Аманкелді қыры 3 дм ағаш кубты көк түске бояп, оны қыры 1 дм болатын кубтарға бөлді. Қыры 1 дм болатын кубтардың нешеуінің екі жағы ғана боялғанын анықтаңыз
A) 24 B) 1 C) 6 D) 12 E) 8
17. Төбелері суреттегі A, B, C, D, E, F, G, H нүктелері болатын неше үшбұрыш бар екенін анықтаңыз
A) 56 B) 48 C) 60 D) 52 E) 64
18. Бір қатарда бір бірінен 5 м қашықтықта 16 ағаш отырғызылған. Шеткі ағаштың жанында құдық орналасқан. Әр ағашты суару үшін бір шелек су қажет. Бір ғана шелекпен барлық ағашты суаруға кететін жолды табыңыз.
A) 1500 м B) 600 м C) 1400 м D) 1300 м E) 1200 м
19. амалы кез-келген үшін орындалады. Егер болса, төмендегі амалды анықта.
A) B) C) D) 1 E)
20. Тік бұрышты параллелепипедтің бір төбесі ортақ үш жағының аудандары: 35 , 21 , 15 . Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табыңыз.
A) 125 B) 245 C) 145 D) 205 E) 105
Достарыңызбен бөлісу: |