2. Математикалық сауаттылыққа тапсырманы жазу және талдау
Информатика 8 сынып
Тақырып: «Электронды кестеде мәліметтердің әртүрлі пішімдерін қолдану. Кірістірілген функциялар»
8.2.2.3 Электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану
Тапсырма
Болат өз бөлмесіндегі бір қабырғаның тұсқағазын ауыстырмақ болды. Ол қабырғаның ұзындығы 4 м, ені 2м 50 см. Тұсқағаздың суреттерін сәйкестендіру үшін әр тіліктен 20 см не жоғары шығару керек, не төмен түсіру керек.
Ескерту: Әр орамның өлшемі: 0,5 метр х 10 метр.
Сұрақ 1: Тұсқағаз
Осы қабырғаға неше орам тұсқағаз қажет?
А. 2 В. 3 С. 2,5 Д. 4
Құзыреттілігі: елестету
Математикалық аймағы: сандар
Жағдаят: жеке
Деңгейі: орташа
Код 1: дұрыс жауап 3. Шешу жолы: 2,5*8+1,4=21,4 (толық екі орам 20 м тағы да 1,4 м керек сонда 3 орам қажет)
Достарыңызбен бөлісу: |