Материалдық мәдениеті жеткілікті дәрежеде толық зерттелген



Дата07.02.2022
өлшемі16,51 Kb.
#87215
Байланысты:
Үйсін мәдениеті


Ежелгі үйсіндердің материалдық мәдениеті жеткілікті дәрежеде толық зерттелген. Үйсін мəдениеті - б. з. б. II-I ғасырлардағы үйсіндердің материалдық жəне рухани даму деңгейі.Бұл кездегі үйсін мəдениеті - оның алдындағы сақ мəдениетінің табиғи жалғасы дегенді айтқамыз.
Жақып Мырзахановтың Үйсін ұлысының мəдениет деңгейі туралы бір қисынды талдауы бар. Ол онда былай деген болатын: “Үйсін елінің астанасы Шығудың өз заманында Жібек Жолы саудасында маңызды орын ұстағаны күмəнсіз,демек бұл мəдени ауыс-түйістің қайнаған алаңы болды. . Осы қаладағы қарапайым бұқара Үйсін шонжарларын астықпен қамдап отырған .“Бұл ел жылқылы келеді. Байларында 4-5 мыңнан жылқы мыңғырады, “
Жалпы үйсіндер мәдениетін үш кезеңге бөлуге болады:
Қаратал» кезеңі (б. з. б. Ш—I ғасырлар) — ертедегі усундер мәдениеті дамуының бастапқы сатысы, бұл кезде археологиялық және палеоантропологиялық деректер бойынша сақ ескерткіштерімен сабақтастығын сақтап калған, бірақ сапалық жағынан жаңа мәдениетке тән жаңа сипаты бар ескерткіштер болып табылады.
«Жетісу» кезеңі (біздің заманымыздағы I—III ғасырлар) — үйсін мәдениеті эволюциясының дамыған сатысы. Бұл кезеңнің ескерткіштері көп және мәдениет жетістіктерін мейлінше толық сипаттайды.
«Іле» кезеңі (б. з. Ill—V ғғ.) — ертедегі үйсіндер мәдениеті дамуының кейінгі сатысы. Зерттелген көп ескерткіштер ішінен ол кезеңге жататын бірнеше қорымды ғана бөліп алу мүмкін болды. Бұлар: Ақтас-1, 3, 6, Үңгірқора-2, Шолакжиде-1 қорымдары. Қабірлерден түбі жайпақ және дөңгелек көзелер, дөңккіштер, әшекейлер, ыдыстар, ғұрыптық тамақ қалдықтары табылды. Үйсін мәдениеті - түрлі даму сатыларында сабақтастық байланыстарын сақтап отырған, бұл — 600—700 жыл бойы дамыған біртұтас мәдениет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет