Мазмұнға байланысты міндеттер: а білімдік



Дата23.08.2017
өлшемі87,43 Kb.
#25247
Сабақтың тақырыбы: Электролиттердегі электр тогы.

Сабақтың мақсаты: Сұйықтардағы электр тогының пайда болуын, Фарадей заңдарын қорыту, оны есеп шығару барысында пайдалануға ықпал ету.

Мазмұнға байланысты міндеттер:

А) Білімдік: Сұйықтардың электр тогын өткізбеуіне байланысты 3 топқа бөлінуін және сұйықтарда электр тогын таситындар оң және теріс ион екенін түсінеді және оны витруальды тәжірибе арқылы көрсет алады.

Б) Тәрбиелік: Оқушылардың белсендігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйренеді, дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.

В) Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілеті артып, өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыланады. Оқушылар шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздықтарын дамыттады.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі:Сын тұрғысында ойлауды дамыту технологиясы

Стратегиялар: топтастыру, түртіп алу , талқылау, Үш қадамдық сұхбат, Венн диаграммасы

Көрнекілік: ЭО, интерактивті тақта, Венн диаграммасы, таратпа материалдар

Пән аралық байланыс: Химия

Топтағы жұмыс: Оқушылар кішігірім топ іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастыра алады.

Сабақтың жоспары:


  1. Ұйымдастыру

  2. Жаңа материалды оқып үйрену

  3. Жаңа материалды бекіту

  4. Үй тапсырмасын тексеру

  5. Бағалау

  6. Үйге тапсырма беру

(Алдымен оқушыларды топқа бөлу, топ анықталған соң оларды жеке-жкеке отырғызу қажет.)

Қызығушылықты ояту сатысы.

Сабақтың бұл кезеңінде топтастыру стратегиясы негізінде электр тогына жалпы сипаттама беру. Ассоциациялық картаға өз ойларын түсіру тапсырмасы берілді.

Жаңа материал түсіндіру.(Мағынаны тану: Түртіп алу).
Сабақтың мағынаны тану кезеңінде оқушылар Электролит деген не? Не білесің? сұрақтарына (химия пәнінен алған білімдерін пайдаланып) жауап береді. Мәтін бойынша оқып электролит, оның электр тогын өткізуі жайлы, Фарадейдің І, ІІ заңдарын қорытады

Өткізгіш (электролиттер) қышқыл, тұз ерітіндісі

Жартылай өткізгіш (Сульфид ҒеS, Na S балқымалары)

Сұйық Диэлектрик (бейэлектролиттер)

Анод (тотығу реакциясы)

Катод (тотықсыздану реакциясы)

+ -

NaCl=Na-Cl



А. Судың полярлық молекулалары электр өрісінің әсерінен электролиттерді еріткенде иондарға ыдырау процесі электролиттік диссоциация деп аталады.

Диссоцация дәрежесі

t-температураға, α-ерітіндінің концентрациясына, ε-диэлектрлік өтімділігіне тәуелді.

Б. Тотығу –тотықсыздану реакциясымен байланысты электродтарға зат бөліну процесі электролиз деп аталады.

Ток тасушылары иондар болатын сұйық жөне қатты заттарды электролиттер дейдi. Иондар деп бiр немесе бiрнеше электрондарды жоғалтқан немесе өзiне қосып алған атом мен молекулаларды айтады. Қышқылдар, сiлтiлер және тұздар ерiтiндiлерi электролит болады. Электр тогының сұйықтан өтуi электролизбен (электодтарда, электролиттердiң құрамына кiретiн зат бөлiнуiмен) қатар жүредi.

1. Электолиздiң бiрiншi заңы (Фарадейдiң бiрiншi заңы):

электродтарда бөлiнетiн заттын массасы электролиттен өткен q зарядына тура пропорционал

(7.10)

( өйткенi, , I – ерiтiндiден Δt уақытында өткен тұрақты токтың күшi).

2. Электролиздiң екiншi заңы (Фарадейдiң екiншi заңы):

заттардың электрохимиялық эквиваленттерi олардың М мольдық (немесе атомдық) массаларының валенттiлiгiне ( n ) қатынасына тура пропорционал:



(7.11)

- шамасын Фарадейдiң саны дейдi.

№1 тапсырма. «Үш қадамдық сұхбат» стратегиясы:

4 адамнан тұратын топтарды жұпқа бөлемін. А және Ә, Б және В

1 қадам: А Ә - ден сұхбат алады, Б В - дан сұхбат алады.

«А»- ның тапсырмасы - электролиттік диссосация

«Ә»- нің тапсырмасы - электролиз

«Б» ның тапсырмасы - Фарадейдің 1 - заңы

«В»- ның тапсырмасы - Фарадейдің 2 - заңы

2 - қадам: керісінше, Ә А - дан сұхбат алады, В Б - дан сұхбат алады.

3 - қадам: Әрқайсысы өз жұбы туралы ақпаратпен 4 адамдық топ ішінде ой бөліседі.
«Ойлан - жұптас - бөліс» стратегиясы

№2 тапсырма: (жеке оқушымен жұмыс)

1. Қышқылды суда еріткенде онда молекулалардың ыдырауы ғана емес, сонымен бірге тағы қандай процесс жүреді?

2. Бір валентті ионның немесе электронның заряды қандай сандық мәнге ие?

3. Күкірт қышқылы ерітіндісінің электролизі кезінде 50 мин ішінде 0, 3 г сутек бөлінді. Егер электролит кедергісі 0, 4 Ом болса, онда оны жылытуға жұмсалған қуатты табыңдар.
Жаңа материалды бекіту.

Ой толғаныс сатысы: Талқылау стратегиясы.

1. Сұйықтар электр тогын қалай өткізеді? (ЭО бойынша жұмыс)

2. Сұйықтардың электр тогын өткізуін қорытындыла. (1 кесте)

А. Екі электродты тұз қышқылы бар ыдысқа батырамыз. Оны ток көзіне, электр шамына тізбектеп жалғап, схема құрастырып тәжірибе жасаймыз.

Анод Сl


Бөлініп шығады

Катод Na


Қорытынды: Электр шамы жанады, тұз ерітіндісі электр тогын өткізеді.

Б. Екі электродты қант ерітіндісіне батырып тәжірибені қайта жасаймыз. Электр шамы жанбайды.

Қорытынды: Қант ерітіндісі электр тогын өткізбейді.
Үй тапсырмасын тексеру.

(Ауызша сұрақтар)



  1. Электр тогын өткізуіне байланысты заттар неше топқа бөлінеді?

  2. Металдардағы электр тогы дегеніміз не?

  3. Жартылай өткізгіш дегеніміз не?

  4. Өткізгіш пен жартылай өткізгіш айырмашылығы неде?

  5. Практикада өткізгіштер, жартылай өткізгіштер қайда қолданылады?

  6. Қоспалы жартылай өткізгіштер неше топқа бөлінеді?

  7. Диод түрлері, схемада белгніленуі, олардың құрылысы.

  8. Металдардағы еркін електрон бар екенін тәжірибе жүзінде ашқан ғалым?

  9. Асқын өткізгішті ашқан ғалым?

  10. Асқын өткізгіштің кванттық териясын ашқан ғалым?

  11. Электрондық шоқтардың қасиеттері және оларды қолданылуы.

  12. Жартылай өткізгіштерді қандай аспапта не мақсат үшін қолданады?

  13. Электролиздің практикада қолданылуы.

4-5 сұрақтар Венн диаграммасы арқылы түсіндіріледі.

1-кесте


Сұйықтардағы электр тогы

иондық

Оң, теріс

иондар

Ұғымдар

өткізгіш

электрондық

диссоциация



электролиз

сұйық

Жартылай өткізгіш

Тәжірибе



Венн диаграммасын пайдалану

Жартылай өткізгіш

Меншіктік Қоспасы бар





Сергіту сәті: Сөзжұмбақ шешу







А










М







П

























Е



















Р






Сөз жұмбақ шешу.



  1. Қуат бірлігі

  2. Кедергі бірлігі

  3. Қысым бірлігі

  4. Ұзіндіқ бірлігі

  5. Электр сыйымдылығының бірлігі

Кері байланыс парағы таратылып, толтырылады.




Не үйрендіңіз

Сұрағыңыз

пікіріңіз











Үйге тапсырма беру § 12.3, № 885, 888 есептер

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет