Мәдени аралық қатынасқа кіріспе Оразбаева Назым 1 тапсырма Сұрақ



Дата18.12.2022
өлшемі16,69 Kb.
#163192
Байланысты:
1 апта мәдениаралық


Мәдени аралық қатынасқа кіріспе
Оразбаева Назым
1 тапсырма
Сұрақ:

  1. Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы жеке пән ретінде қалай және қашан қалыптасты? Ғылыми бағыт ретінде МҚК теориясы неліктен жақында ғана қалыптаса бастады деп ойлайсыз?

Жауап:
Мәдениетаралық қарым-қатынас деген ұғымға тоқталар болсақ, ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, ол әртүрлі тілде сөйлейтін және әртүрлі мәдениет иелері арасындағы қатынастар жиынтығы болып табылады. Яғни мәдениетаралық қарым-қатынас дегеніміз ол әр түрлі мәдениет өкілдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауы. Мәдениетаралық қарым-қатынастың негізгі компоненттері мәдениет және қарым-қатынас. Қарым-қатынас түрі және оның сәтті өтуі, яғни нәтижесі бірнеше факторларға байланысты екендігі бізге белгілі. Егерде біз австриялық ғалым Х. Ю. Крумның мәдениетаралық қарым-қатынас жайлы еңбектеріне сүйенер болсақ, ол факторлар төмендегідей: жеке бастың қарым-қатынас біліктілігі , сұхбаттасқан адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, сол халықтың мәдени құндылықтары жайлы білімі. ұл пән ең алғаш, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемге өте қатты әсер еткен Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Америка Құрама Штаты, әсіресе дамушы елдерге деген өзінің үстемдігін немесе өзінің ықпалын жүргізу үшін өзге елдердің ішкі және сыртқы саясаттарына араласа отырып, қарым-қатынас жасай бастады. Сол кезде Американың басқа елдерде жұмыс жасайтын тұлғалары әсіресе саясаткерлер, бизнесмендер бұл пәнге немесе осындай бағыттағы зерттеулерге зәру болды. 1946 жылы шетелде қызмет ету институты ашылды. Оның басында антрополог Эдуард Холл тұрды. Эдуард Холл өзінің қарамағына әртүрлі маман иелерін жинады. Олар антропологтар болды, әлеуметтанушылар, психологтар, лингвисттер және басқалалары. Эдуард Холлдың Р. Трагермен бірігіп жазған «Мәдениет – бұл коммуникация» деген кітабынан басталады. Э. Холл «The Silent Language» («Мылқау тіл», 1959 г.) деген еңбегі – осы пәннің бастауы.


Мәдениетаралық коммуникациялар теориясының ішіндегі ең танымалы Эдуард Холлдың «Жоғары және төмен контекстуалды мәдениет теориясы». Эдуард Холл 1946–1950 жылдардың арасында мынадай маңызды мәселені айтты. Мәдениетпен бірге немесе тілмен бірге оның айналасы, оның контексті өте маңызды рөл атқарады. Контекст бұл жерде мәдени оқиғаның құндағы, коммуникацияға, түсінуге көмектесетін ақпараттар легі. Осыны контекст деп алады. Сонда осы контекст қаншалықты көмектеседі осыған орай әлемдегі коммуникациялар типтік жағынан айырылады екен.
Эдуард Холлдың зерттеуі бойынша, коммуникация процесінің басты сипаты мен нәтижесі – қатысушылардың қаншалықты ақпараттанғанына, қаншалықты ол хабармен таныстығына байланысты анықталады деді. Мысалы, егер де қатысушылардың арасындағы қарым-қатынас жоғары болатын болса, яғни олар барлық мәселені, жағдайды біліп, көріп, мәселені басынан бастап меңгеріп отыратын болса, олардың арасында коммуникация немесе мәдениет жоғары контекстуалды болуы мүмкін. Осыған байланысты барлық мәдениеттерді контекстке өте тәуелді немесе контекстке тәуелділігі төмен деп бөлуге болады деді. Ал төмен контекстуалды елдің мәдениетінде ситуация, сөздің формасынан, кімнің айтып тұрғанынан гөрі не айтып тұрғанына, яғни сөздің өзіне қатты көңіл бөледі. Мұндай мәдениетте контекстен гөрі сөз маңыздырақ. Контекст елеусіздеу көрінеді. Міне, осымен байланысты Э. Холлдың мәдениет атаулыны жоғары контекстуалды мәдениет, төмен контекстуалды мәдениет деп екіге бөлді.
Жоғары контекстуалды мәдениетте сөз қысқа болады. Түсінісуге бір ғана сөз, ишара, ым жеткілікті болады. Төмен контекстуалды мәдениетте сөз едәуір орын алады. Оның есесіне вербалды емес амал-тәсілдер аз қолданылады, контекстуалды көрсеткіштер көп қолданылады. Жоғары контекстуалды мәдениетке қытай, жапон, корей елдері жатады. Сөз астарын түсіну үшін едәуір білім керек. Сөз мазмұнын адресаттың әлеуметтік мәртебесін білмейінше жете аңғару мүмкін болмайды. Сөйлеушінің әлеуметтік мәртебесін арнайы көрсететін суффикс, перефиттер болады. Мұндай тілдік модель иерархиялық контексті білдіреді. Тілдік модельдің бұл түрі көптеген Еуропа елдерінде жоқ. Мұның өзі коммуникацияда түсініспеушілікті туғызады. Ғалымның пікірі бойынша жоғары контекстуалды мәдениетке жататын елдер Франция, Испания, Италия, таяу Шығыс елдері, Жапония және Ресей депті. Бірақ біз өз тарапымыздан түркі халықтарының барлығында жоғары контекстуалды мәдениетті елдерге жатқызамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет