«Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы» тақырыбы бойынша эссе түріндегі рефлекция. Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында өзінің мемлекетіне деген терең патриоттық сезім де, жалпылық сананы жетіктірудегі қазақ тілінің тірек боларлық рөлі де бас көтерер азаматтардың айқын мақсатты әркеттері де, тарихи сананы қалпына келтіру де, бәрі-бәрі барша қазақ ұлтының басын біріктірер бастаулар болып табылады.
Қазақ хандығы ХҮ ғасырда, яғни 1465 жылы тұңғыш құрылса, арада 535 жыл өткеннен кейін Қазақстан нағыз тәуелсіз мемлекет екенін жариялады.
Қазақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал 1992 жылы 4 маусымда ұлттық болмысымызды айқындайтын рәміздеріміз дүниеге келді. Рәміздер – отан тарихының әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негзгі фактор Мемлекетіміз саяси салмағы жағынан ілгерірек тұратын басқа елдермен иық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды. Тәуелсіздік талай игі істерге қол жеткізді.Еліміздің тым ерте заманда-ақ отбасылық, тайпалық, кейінірек ұлттық рәміздері болған. Таңба, ту, белгі, ұран адамдарға рух береді, сондықтан рәміздерді рухани байлығымызға теңестіруіміз керек. Негізінде ең көне рәміздерге тотемдік белгілер жатады. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті. Ол кезде қоғамды көсемдер мен ақсақалдардың басқаруына байланысты биліктің жеке белгілері қолданыла бастады. Қазақ халқы мен мемлекеттігінің дамуында қазақ жүздерінің тарихын бірге қарастыру қажет. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи даму толқынында қатар дамыды. Өзіндік қызықты тарихы бар. Бұл – халқымыздың, Республикамыздың тарихы. Оның тарихын, мән-мағынасын түсіну, құрметтеу адамгершілігіміз бен мәдениетіміздің айғағы болмақ [2, 4б].
Әрбір мемлекет үшін Отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранынқастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн»-дейді