Мектеп жасынан жүктіліктің
алдын алу бойынша мектеп
оқушылары арасында
жасалған шаралар туралы
ақпарат
Аудан мектептерінде құқықбұзушылық, қаңғыбастық, нашақорлық, суицид, жыныстық тиіспеушілік, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 7-11 сынып арасындағы оқушылармен 25.01-28.01.2016ж. және 19.09-24.09.2016ж. күндері аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі, аудандық орталық аурухананың директоры, ата-аналар кеңесінің төрағасының қатысуымен бірге кездесулер ұйымдастырылды. Әр сала мамандары өз ойларын ортаға салып, оқушыларға барлық келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытында түсінік жұмыстары жүргізілді.
Қараша айында барлық білім беру ұйымдарында 9-10 сынып қыз балалар арасында «Ашығын айтайық» ток шоуы өткізілді. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Мұнайлы аудандық филиалының 09.11.2016ж. №01-03/32 шығыс хатына сәйкес, БҰҰ «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн белсенді іс-әрекет» он күндігі аясында 28-29.11. 2016ж. күндері9-11 сыныптарда «Қазақстандағы әйел құқығы» тақырыбында сынып сағаттарын,ұйым қыздары 5-6 сынып қыздарына «Сырласайық қыздар» тақырыбында сырласу кешін өткізді. Қыз балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында айына бір рет қыздар жиналысы өтеді. Жиналыста қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік, тәртіп, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік, қоғамдағы, отбасындағы зорлық-зомбылық сияқты тақырыптар туралы айтылды. Сонымен қатар мектептерде балаларды жыныстық, еңбек қанауына тартудың алдын алу бойынша оқушылар, ата-аналар және педагог қауымдастығы арасында түсінік жұмыстары жүргізілді.
Мұнайлы аудан әкімдігімен бекітілген кешенді жоспар негізінде, құқықбұзушылық, суицид, жыныстық тиіспеушілік, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында 7-11 сынып арасындағы оқушылармен 11.01-18.01.2017ж. күндері аралығында кездесудің кестесі аудан әкімдігімен бекітіліп, жұмыстар жүргізілді. Кездесуге облыстық маслихат депутаты, еңбек ардагері, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы Т.Ә.Әміров, аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы, ауыл әкімдері, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық білім бөлімінің жанынан құрылған ата-аналар комитеттері қатысты. Көне көз қариялар оқушыларға өздерінің көрегенділіктерін танытып, ақылдарын айтып, ұлдарды қайсарлыққа, жігерлікке шақырса, қыздарды инабаттылыққа, ибалы болуға тәрбиелеу бағытындағы кеңестерін айтты.
Аудан оқушылары бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, спорттық секциялар мен үйірмелерге тартылған. Ерекше назардағы балалармен жұмыс жасау мақсатында білім беру ұйымдарында арнайы жоспар жасақталып, жоспар негізінде, түрлі шаралар жүргізіледі. Мектептің тәрбие жөніндегі орынбасарлары, психолог есепке алынған оқушылармен кеңесу жұмыстарын жүргізіп, сауалнама алады. Оқушылардың сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен, ата-аналарымен кеңесу барысында мектепшілік есепте тұрған оқушыларға жеке картатека жасақталып, бақылау үнемі жүргізіліп, сабаққа қатысы есепке алынып отырады. Құқықбұзуға бейім оқушыларды аса назарда ұстап, алдын-алу шаралары жүргізіледі.
Мектептерде «Өзін-өзі басқару ұйымы» бар. «Жас полиция көмекшісінің» топ басшысы етіп ерекше назарда тұрған оқушылар тағайындалады. Сонымен қатар қиын оқушыларды мектепшілік безендіру, әр түрлі шара барысында оқушылардың тәртібін сақтау мақсатында жауапты етіп бекітілген.
Мектептерде барлық келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында жедел ата-аналар жиналыстары, дөңгелек үстел, дискуссиялар, семинарлар өткізуде. Әр сыныптағы ата-аналар жиналыстары мектеп директоры, педагог-психолог, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, мектеп инспекторы, әлеуметтік педагогтардың, ауыл әкімдерінің қатысуымен өтуде.
Аудандағы кәмелетке толмағандарға құқыққа қайшы қол сұғушылықтарға, әсіресе сексуалды сипаттағы қол сұғушылықтарды болдырмау және барлық келеңсіз жағдайлардың алдын-алу мақсатында мектептерінде «Қызғалдақ», «Сымбат», «Жауқазын», «Ақбөбек», «Инабат», «Ақжүніс» т.б. қыздар ұйымы құрылып, бекітілген жетекшілері жоспарға сәйкес жыл бойына жұмыстар жүргізуде.
Жасөспірімдер қылмысы мен құқық бұзушылығының алдын алуына бағытталған профилактикалық жұмыстар жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен өзара бірлескен түрде жұмыс жасауда. Мектепішілік есепте тұрған оқушыларды үнемі бақылауда ұстап, сабақ қатысы, мектеп формасын сақтау, басқа оқушылармен қарым-қатынасы жыл бойы назарда ұстанылады. Мектепішілік есепте тұрған оқушылар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында үйірмелерге тартылды. Жалпы білім беру орта мектептерінің аудандық ішкі істер бөлімінің есебінде тұрған оқушылар бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорттық секцияларға, мектеп жанындағы кәсіптік спорттық лагерлерге тартылған. Өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды дене шынықтырумен және спорттық үйірмелерге тарту жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық білім үйлестіру орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, балалар арасындағы қарым-қатынастар мен іс-әрекеттердің ізгілікке негізделуі және ұлттық тәлім-тәрбиеге бағытталуы, мейірімділік пен парасаттылық, шынайы адамгершілік қасиеттердің ұрпақ бойынан табылуын дұрыс қалыптастыру мақсатында «Ертеңгі ел тірегі – болашақ ұрпақ» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға ішкі істер бөлімі, білім бөлімі мамандары, білім бөлімі жанынан құрылған ата-аналар комитеті, аудандық «Азаматтық бастама қоғамдық бірлестігі», «Мұнайлы – жастар жолы» қоғамдық қоры үкіметтік емес ұйым мүшелері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері, мектептің ата-аналар комитет мүшелері қатысты. Семинарда «Ақырын жүріп анық бас...» тақырыбында ерте жүктіліктің алдын алу және қыз оқушы тәрбиесіне байланысты пікірталас, «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында дөңгелек үстел, «Өскелең ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруде отбасы мен мектептің рөлі» тақырыбында коучинг, «Өзіңді және өзгелерді сыйлай біл!» тақырыбында тренинг өткізілді. Семинарға қатысушылар бала тәрбиесіне қатысты көп әдістемелік көмек алып, өз ойларын ортаға салды.
Наурыз айында барлық білім беру ұйымдарында «Асыл аналар» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен тәрбие сағаттары, «Көктем ханшайымы» арулар сайысы, 8-наурыз халықаралық әйелдер, қыз-келіншектер мерекесіне орай, 9- сынып қыздары арасында «Қыз қылығымен сүйкімді» тақырыбында дөңгелек үстел, ер балалардың ұйымдастырумен «Арулар асыл жандар» атты мерекелік шаралар өтті.
03.04.2017жылы күні ұйым қыздары «Туберкулез қауіпті дерт» тақырыбымен ата-аналарға бүктеме қағаздарын таратты.
05 сәуір күні Қызылтөбе лицейі, №3,5,6,10 орта мектептерде мектеп директорларының, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларырымен, медбикенің қатысуымен «Ерте тұрмыс құрудың зияны», «Жүктіліктің алдын алу» мақсатында 8-11 сынып қыз балаларға жиналыс өткізілді. Сəуірдің 6 күні №1,2,4,7,8,11,12 орта мектептердің акт залында мектеп директорларының, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларырымен, медбикенің қатысуымен қыздар жиналысы өтті. Жиналыс барысында «Қыз қылығымен сымбатты» тақырыбында өзекті мәселелер қаралып, қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік, қоғамдағы, отбасындығы зорлық-зомбылық сияқты тақырыптар талқыланды. Қыздарымыз көптен толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ой бөлісті. Жиналысқа 6-8 сыныптардың оқушылары қатысты. Жиналыс сырласу түрінде өтіп, оқушылар жақсы көңіл-күймен тарады.
Достарыңызбен бөлісу: |