Мектеп психологы: Оғылбаева Сәнім Зәкірбайқызы «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»



Дата07.05.2017
өлшемі13,07 Kb.
#16008
  • Мектеп психологы: Оғылбаева Сәнім Зәкірбайқызы
  • «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»
  • Сайыстың мақсаты: Оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту, көңіл-күйлерін көтеру және топтық жұмыстарға баулу
  • І тур: Таныстыру
  • ІІтур:Үй тапсырмасы (Презентация)
  • ІІІ тур: Математика пәні бойынша тапсырмалар
  • ІV тур: География пәні бойынша
  • V тур: Биология пәні бойынша
  • VІ тур: Психология пәні бойынша
  • Психологиялық сайыс 2 топтан тұрады
  • «Достық» тобы
  • 10 класс оқушылары
  • «Бірлік» тобы
  • 9 класс оқушылары
  • Психологиялық тренинг
  • «Сілкіп таста»
  • жаттығуы
  • Мақсаты: жағымсыз қажет емес, кедергі жақтардан құтылу, сенімділікті орнату
  • Мен сіздереге жағымсыз, сенімсіз сезімдерден арылып, өздеріңді қалыпқа келтірудің жолдарын көрсетемін
  • Нұсқау: айналамызға орын қалдырып, еркін тұрып, алақандарымызды, білегімізді,иықтарыңызды сілкілеңіздер.
  • Осы сәтте өздеріңізді еркін сезінгендеріңізді сезесіздер
  • Енді аяқтарыңызды сан тобыққа дейін, бастарыңызды, беттеріңізді сілкіңіздер.
  • Сіздер өздеріңіздің бойларыңыздағы ауыр жағымсыз жүктің түскенін байқайсыңдар

  • І тур: Таныстыру.
  • Бұл турда қатысушылар өздерін таныстырады. Тур нәтижесі 5 балдық жүйемен бағаланады.
  • ІІ тур: Презентация.
  • Бұл турда оқушылар сыныптың жетістіктерін слайд арқылы көрсетіп баяндайды. Тур нәтижесі
  • 5 балдық жүйемен бағаланады.
  • ІІІ тур:
  • Математика пәні бойынша тапсырма:
  • дурыс жауап 10 балдық жүйемен бағаланады
  • 4 пен 5 – тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық, 5 – тен кем сан шығады.
  • Жауабы: (үтір таңбасы, 4,5)
  • 2. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?
  • Жауабы: (бес бұрыш)
  • 3. Бақтиярдың 4 ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың неше баласы бар.
  • Жауабы: (5)
  • Жауабы: (Жоқ. 24 сағаттан кейін түнгі 10 болады.
  • Түнде күн шықпайды.
  • 5. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірден алды. Сонда 1 асық дорбада қалды. Бұл қалай?
  • Жауабы: (1 бала асықты дорбасымен алды).
  • «Достық» тобына сұрақтар:
  • «Бірлік» тобына сұрақтар:
  • Страус құспын деп айта ала ма?
  • Жауабы: (ол сөйлей алмайды)
  • 2. Жарықтың соңы қай жерде аяқталады?
  • Жауабы: (көлеңке басталған жерде)
  • 3. Кір тасының салмағы қай мезгілде өзгереді: Жазда ма, әлде қыста ма?
  • Жауабы: (Салмағы өзгермейді)
  • 4. 5 жұмыртқа 12 минутта піседі? 10 жұмыртқа неше минутта піседі?
  • Жауабы: (12 минутта, бәрін бірге саламыз).
  • 5. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді?
  • Жауабы: (атасы, баласы, немересі)
  • ІV тур:
  • География пәні бойынша тапсырма. «Сөзжұмбақ» құрастыру.
  • 5 балдық жүйемен бағаланады
  • «Достық» тобының сұрақтары:
  • 1. Шөп басқан, батпақсыз жазық жер.
  • Жауабы: (дала)
  • 2. Маусымдық жел деп қандай желді атаймыз?
  • Жауабы: (муссон)
  • Жауабы: (Марс)
  • 4. Ең үлкен мұхит.
  • Жауабы: (Тынық)
  • 5. Ауаның жер бетіне таяу қабатына түсетін ылғал.
  • Жауабы: (қырау)
  • 6. Таудың беткейлері қия келетін әрі терең, әрі тар аңғарлар.
  • Жауабы: (шатқал)
  • «Бірлік» тобына сұрақтар
  • 1. Тәулігіне екі рет бағытын өзгертетін жел.
  • Жауабы: (Бриз)
  • 2. Елордамыз қай өзеннің бойында орналасқан.
  • Жауабы: (Есіл)
  • 3. Қысымды қандай құралмен өлшейміз?
  • Жауабы: (Барометр)
  • 4. Қазақстандағы миллионер қала.
  • Жауабы: (Алматы)
  • 5. Шығыс Қазақстандағы суы мол өзен.
  • Жауабы: (Ертіс)
  • 6. Күн жүйесіндегі бірінші планета.
  • Жауабы: (Меркурий)
  • V тур:
  • Биология пәні бойынша тапсырма:
  • 10 балдық жүйемен бағаланды
  • «Достық» тобына:
  • 1. Cағақты жапырақ болады
  • Жауабы: Қайыңда
  • 2. Жүгерінің жемісі
  • Дұрыс жауабы: Дәнек
  • 3. Қосжарнақты класының өсімдіктері:
  • Дұрыс жауабы: Үрмебұршақ.
  • 4. Гүлдің ең негізгі бөлімдері:
  • 5. Жемістің түзілуі :
  • Жауабы: аналық жатынында
  • 6. Орталық Aмерика орталығынан шыққан өсімдік (отаны):
  • Дұрыс жауабы: картоп
  • «Бірлік» тобы
  • 1. Алқа тұқымдастарға жататын өсімдік
  • Дұрыс жауабы: Темекі
  • 2.Жасушалық құрылыс тән
  • Дұрыс жауабы: Барлық өсімдіктерге
  • 3. Бұршақ тұқымдастарына жатады:
  • Дұрыс жауабы: үрмебұршақ
  • 4. Тұмау вирустарының кездесетін жері
  • 5. Сүйекті шырынды жеміс
  • Дұрыс жауабы: Алхоры
  • 6. Астық тұқымдасқа жататын өсімдік:
  • Дұрыс жауабы: Жүгері
  • VІ тур: Психология пәні бойынша тапсырма:
  • Нұсқау: Алдымыздағы төрт сөздің үшеуі бір бағытта қолданылады. Сіздің мақсатыңыз әр қатардан артық бір сөзді тауып белгіле.
  • 5 балдық жүйемен бағаланады
  • «Достық» тобына
  • тапсырмалары:
  • Тез, ақырын, шапшаң,
  • жылдам
  • Ақырын
  • «Бірлік» тобының
  • тапсырмалары:
  • Салмақты, байыпты, жеңілтек, парасатты
  • Жеңілтек
  • Өте керемет

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет