Мектепішілік олимпиада 2020 Химия 10 сынып



Дата12.12.2021
өлшемі20,55 Kb.
#99951
Байланысты:
Химия 10кл. Мект. олимпиада 2020


Мектепішілік олимпиада 2020

Химия 10 сынып

Теориялық тур

Есеп 10-1. Натрий сульфатының 20%-дық ерітіндісінің 40 грамын дайындау үшін оның 5%-дық ерітіндісі мен кристаллогидратының қандай массаларын қосып араластыру керек? (5 балл)

Есеп 10-2. Күкірт пен көміртек қоспасы жанғанда 6г күкірт (IV) және көміртек (IV) оксидтерінің қоспасы түзіледі. Бастапқы қоспадағы күкірт пен көміртектің массаларын анықтаңыздар. (5 балл)

Есеп 10-3. Белгісіз заттың 2,3 г жанғанда 4,4г көміртек (IV) оксиді мен 2,7г су түзілген. Бұл заттың буының ауа бойынша тығыздығы 1,59. Белгісіз заттың молекулалық формуласын табыңыздар. (5 балл)


Есеп 10-4.

(5 балл)
Есеп 10-5. А заты 38,67 калийден, 13,85 азоттан және оттектен тұрады. Қыздырған соң 45,85 калийден, 16,47 азоттан және оттектен тұратын Б затына айналды. Осы А және Б заттарының формуласын жазыңдар және атаңдар. (5 балл)

Тәжірибелік тур (15 балл)



Алты нөмірленген сынауыққа тұз қышқылының, барий гидроксидінің, магний сульфатының, алюминий нитратының, натрий карбонатының, темір хлоридінің ерітінділері құйылған. Оптимал жоспар құрып, басқа реактивтерді қолданбай, қай сынауыққа қай ерітінді құйылғанын анықтаңдар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет