Мектепке дейінгі білім беру – бұл үш пен жеті жас аралығындағы баланы оқыту, дамыту, тәрбиелеу, қарау және күту



бет1/5
Дата26.08.2020
өлшемі32,75 Kb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5

Мектепке дейінгі білім беру – бұл үш пен жеті жас аралығындағы баланы оқыту, дамыту, тәрбиелеу, қарау және күту. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мақсаты  осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.  Жеті жасқа дейінгі балалар бірдеңені шындап үйрену үшін тым кішкентай болып көрінеді, алайда жете дайындалуынсыз балаға кейіннен мектепте оқу қиын болады.    

Мектепке дейінгі мекемелердегі сабақтардың мектептегі сабақтардан айырмашылығы  айтарлықтай. Кішкентай балалар бір орнында қырық-қырық бес минут отыра алмайды. Сондықтан балабақшаларда және даму орталықтарында сабақтар әдеттегідей қысқа, олардың ұзақтылығы отыз минуттан аспайды.   

Білім балаларға ойын түрінде ұсынылады, мектеп жасына дейінгі баланың ойын арқылы сабаққа көңілін аударуға оңай. Ойын түрінде қажетті дағдылар қалыптап, олар ойын барысында пысықталады. Бұл ретте оқытушылар мектепте оқығанда керек болатын дағдыларды қалыптастыруға ерекше назар аударады.   

Мектепке дейінгі тәрбие  мен оқытудың жалпыға бірдей оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде әзірленеді. Олардың негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес мектепке дейінгі балалар мекемелерінде 2-3 жас аралығындағы балаларды 6-7 жасқа дейін мектепке дейін тәрбиелеу және оқыту жүргізіледі. Балдырғанға мәдениет негіздерін, сондай-ақ жалпыға бірдей қабылданған  тәртіп  және қарым -қатынас  үлгілерін мектепке дейінгі жаста дарыту  өте маңызды, бұл оның  кейіннен бастапқы мектепте бейімделуін едәуір жеңілдетеді.  Мектепке дейінгі тәрбие  және оқыту арқылы бала өзі және өз мүмкіндіктері туралы бастапқы түсініктерді алады, онда  қоршаған ортаның толық бейнесі және оған деген  дұрыс көзқарасы қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста баланың  зияткерлік, адамгершілік,  эстетикалық  және дене тұрқы мен жеке басы қасиеттерінің негізі салынады.

Оқыту мен тәрбиенің екінші бөлігі – мектепке даярлау – 4-5 жастан басталады, бұл кезде баланың бастауыш оқу, жазу, есептеу дағдылары қалыптасады, тіл арқылы қатынасу тәжірибесі дамиды. Бұл мектепке дейінгі мекеме түрі 6-7 жастағы балалардың негізгі бөлігін қамтиды.  

Балабақшаларды балалар  жастық топтарға бөлінеді: ерте жастағы топ – 1 жастан 2 жасқа дейін; бірінші кіші топ – 2 жастан 3 жасқа дейін; екінші кіші топ – 3 жастан 4 жасқа дейін; ортанғы – 4 жастан 5 жасқа дейін; мектепке дейінгі топтар: ересектер тобы – 5 жастан  6 жасқа дейінгі  және  мектепалды даярлық тобы – 6 жастан 7 жасқа дейінгі балалар.

Қазіргі сәтте көптеген мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар бар. Жеке балабақшаға баланы қысқа мерзімде орналастыруға болады, ал мемлекеттік балабақшаға орналастыру үшін баланы  туған сәттен бастап жалпы кезекке қою қажет. Электронды үкімет порталында баланы балабақшаға кезекке қоюға және кезектің санын қарап шығуға болады.

Балаларды мектепке дейінгі мекемелерде оқыту оларға күш-қуатын жетлдіруге, білімқұмар, белсенді, эмоциялық қайырымды болуға, қарым қатынас құралдарын және үлкендермен және  құрдастарымен өзара іс-қимыл әдістерін меңгеруге, мектепте оқу үшін қажетті дағдыларды меңгеруге  көмектеседі.   

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" бес білім беру саласына негізделген.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет