М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 1- курс студенті
Ақылбекқызы Бекзаттың
Педагогикалық сараманнан өту
Портфолиосы
Сараманның өту мерзімі
27.01.2020 - 31.01.2020ж
Машықкер: Ақылбекқызы Бекзат
Әдіскер: Гүлшат Сержанқызы
Орал, 2020ж
Батыс Қазақстан обылысы, Орал қаласындағы
№48 «Мұрагер» бөбекжайының «Тілашар»
КІШІ тобының тәрбиеленушісі
Ибрагим Ерасыл Арманұлына
Мінездеме
№48 «Мұрагер» бөбекжайындағы «Тілашар» тобына машықкер ретінде барғанымда маған ерекше ұнаған Ибрагим Ерасыл болды. Ибрагим Ерасыл атына заты сай ерекше бала, келбеті өзіне жарасымды, ұқыпты тәрбиелі бала. Топтағы белсенді тәрбиеленушілердің бірі. Сабаққа, ойынға деген қызығушылығы жоғары, Ерасылдың бір ерекшелігі: логикалық ойлау қабілеті жақсы, тез ойлап, дұрыс шешім қабылдау біледі. Көңілді жүреді, ақкөңіл, тәрбиешілердің айтқанын тыңдайды. Әнге, биге икемі бар өнерлі бала. Әрқашан қолындағы ойыншықтарын басқа балалармен бөлісуге дайын тұрады. Әлі кішкентай болса да, өте мейірімді. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты.
Ерасыл осы қарқынмен болашақта мықты әрі тәрбиелі азамат боларына сенемін.
Мінездеме беруші машықкер-студент: Ақылбекқызы Бекзат
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
Мемлекеттік Университеті
Педагогика факультетінің
«Мектепке дейінгі оқыту және
тәрбиелеу» мамандығының
1-курс студенті Ақылбекқызы Бекзаттың
Үздіксіз оқу сараманы бойынша
Есебі
Мен, Ақылбекқызы Бекзат 27.01.2020 – 31.01.2020 жж күндер аралығында педагогикалық сараманынан өттім. Сараман кезінде №48 «Мұрагер» бөбекжайының ережесімен, бөбекжай төлқұжатымен таныстым. Бөбекжай директоры: Еришова Эльмира Айдынгалиевна, әдіскер: Тажибаева Бибигуль Тулегеновна, Сабирова Шолпан Шамуратовна, тәрбиешілері: Зулкашева Мөлдір Кабдыгалиевна, Сәлім Мария Ермекқалиқызы. Топта 25 бала бар. Ер бала саны -11, қыз бала саны -14. Топтағы балалар зейінді, алғыр, ақылды, белсенді. Тәрбиешінің өтізген дидактикалық ойындарына, жаттығуларына белсене араласып отырады. Сонымен қатар, тәрбиешінің іс-әрекетін және балалардың ойындарға қатысуын, іс-әрекеттерінен байқадым.
Мен балаларға ертегі оқып, ойындар ойнаттым. Балаларға сұрақ қойған кезде, сұрақтарға белсене жауап береді. Балалармен жеке жұмыс жасау арқылы әр баланың мінезін, ынтасын байқадым.
Мен сараманнан сабақты қалай өтуді, балалардың алдында өзімді қалай ұстау керектігін үйрендім. Сонымен қатар осы сараманнан өту кезінде болашақта білікті де білімді маман болуыма үлкен көмегі тиеді деген үміттемін.
Бөбекжай директоры: Еришова Э.А
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі әдіскер: Тажибаева Б.Т
Тәрбиешісі: Зулкашева М.К
Есеп беруші машықкер – студент: Ақылбекқызы Б
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
Мемлекеттік Университетінің 1-курс студенті
Ақылбекқызы Бекзатқа
Мінездеме
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 1 курс студенті Ақылбекқызы Бекзат №48 «Мұрагер» бөбекжайынан 27.01.2020 – 31.01.2020ж аралығында педагогикалық сарамандық машықтан өтті.
Бекзаттың мінезі ашық, әдепті, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына өте ынталы студент. Бекзат машық кезінде балалармен жақсы қарым-қатынаста болды және балалармен өте тез тіл табысып кетті. Берілген тапсырманы уақытылы, ұқыпты орындайды. Кішкентай балаларды өте жақсы көреді. Осы машықтан өту барысында өзінің болашақта жақсы маман иесі болатынын дәлелдеді. Өзінің алған терең білімін, балаларды бақылауға деген қабілетін көрсете біді.
Ақылбекқызы Бекзат- машықкерлер арасында сыйлы да қарапайым, инабатты, салмақты, сабырлы, ізденуден, үйренуден бірде-бір жалықпайтын болашақ педагог.
Мен Бекзаттың болашақта білікті де білімді, адал, үлгілі қызмет ететін азаматша болатынына сенемін.
Мінездеме беруші: Зулкашева М.К
Орал 2020ж
Достарыңызбен бөлісу: |