Мемлекеттік қызмет - ел тұрғысынан адал еңбек. Мемлекеттік қызмет – мемлекет игілігі үшін жасалған адал еңбек. Мемлекеттік қызметкер қандай болуы керек? Менің ойымша, бұл адал, жауапкершіл, ашық, толерантты, білімі бар адам. Бұл адам барлық жағынан идеалды, мінсіз. Мемлекеттік қызметкерлер – халықтың сақшысы, сондықтан бұл адамдар ең алдымен адал болуы керек. «Мемлекеттік қызметте мен бастықпын», - жауапты адамдар осы принцип бойынша қызмет еткен. Өзінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарау бұл аянышты жағдайға әкелді. Мемлекеттің елбасы Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы «Қазақстан халқына жолдауында» жемқорлыққа қарсы қатал күрес жүргізуге шақырады, яғни тек лайықты адамдар мемлекеттік қызметте жұмыс істеуі керек. Бұл бағытта біздің мектепте де жұмыстар жүргізілуде: «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында қарым-қатынас сағаттары, сурет байқаулары болып тұрады.
Өте жоғары дәрежедегі адамдардың өз елінің мүддесіне опасыздық жасауы өте өкінішті. Бұл адамдар халықтан, олардың мүдделері мен проблемаларынан алыс. Ал бұл сөзсіз жазаға ұласады. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мен көптеген мақсаттар мен міндеттер туралы білемін. Сондай-ақ, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасында жерлесіміз, бірегей тұлға Бұлатбаева Бақыт Жақсылыққызының есімінің аталып өтуі де қуантады. Ол – мемлекеттік қызметші, адалдық пен патриотизмнің үлгісі.
Республикасының барлық заңдылықтарын білу, туған жеріне деген сүйіспеншілік, қазақстандық патриоттық сезімі аса биік болып, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы мен азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделері алдындағы басымдылығы. Ал, патриот дегеніміз кім? Патриот дегеніміз – өз ұлтын, тілін, діні мен ділін сүйетін, туған тарихы мен ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүрін дәріптейтін, өзімен бірге өмір сүріп жатқан адамдарға махаббаты шексіз, өз ұлтының, елінің дамуына барынша үлес қосатын адам. Қорыта келе, мемлекеттік қызметтегі әрбір адам еліміздің мүддесі үшін адал еңбек етуде жұмысының маңыздылығын сезінуі және өз елінің ұлтжанды азаматы болуы керек деп санаймын. Билікте болып, адам болып қалу қиын. «Мемлекеттің күштілігі мен қуаттылығы онда өмір сүретін жақсы адамдардың санына байланысты», - дейді халық даналығы.