Мемлекеттік тілде оқитын 9 сыныпқа арналған Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары І нұсқа



Дата27.03.2018
өлшемі310,28 Kb.
#39662

Мемлекеттік тілде оқитын

9 сыныпқа арналған Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары

І нұсқа





1. Күрделі зат есімді көрсетіңіз.

A) Адалдық.

B) Болашақ.

*C) Еңбекақы.

D) Күзем.

E) Үйінді.



2. Жинақтық сан есiм.

A) Мың.


*B) Үшеу.

C) Жиырма үштен.

D) Тоғызыншы.

E) Жүзден бiр.






3. Есімшенің қатарын табыңыз.

A) Күле, айта.

B) Жазып, айтып.

*C) Кетпес, жазған.

D) Жазғалы, айтты.

E) Қарап, күл.



4. Ілгерінді ықпалды табыңыз.

*A) Меңдіқұл .

B) Шаруашылық.

C) Жүре алмады.

D) Ақ лақ.

E) Тасымал.





5. Жіктік жалғаудағы ІІ жақ, көпше түрде тұрған

сөзді табыңыз.

A) Баруға.

B) Барасыз.

C) Барамыз.

D) Барады.

*E) Барасыңдар.


6. Сөздердің қосымша арқылы байланысын

көрсетіңіз.

*A) Әбдірахманның әкесі.

B) Соңғы тәсіл.

C) Жалт-жұлт етті.

D) Отыз шамалы кісі.

E) Ерекше мінез.


7. Одағай сөзді табыңыз.

A) Ерте.


*B) Пәлі.

C) Ана.


D) Біріншіден.

E) Сайын.



8. Белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалуына

байланысты қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.

A) Нүкте.

B) Қос нүкте.

C) Сызықша.

D) Дефис.

*E) Көп нүкте.


9. Үтірдің қойылу себебі, белгілеңіз.

Дау жоқ, бүкіләлемдік деңгейде көрінерміз.

A) Қаратпа сөз.

B) Күдіктік мәндегі қыстырма.

*C) Сендіру мәнді қыстырма.

D) Оқшау сөз.

E) Қыстырма сөз.



10. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сын

есімді көрсетіңіз.

A) Тап-тамаша.

B) Ата-баба.

C) Ішкен-жегені.

*D) Жақсы-жаман.

E) Қымбатырақ.





11. Себеп-салдар үстеулі тіркесті табыңыз.

*A) Босқа келді.

B) Артта келеді.

C) Бірден келді.

D) Алда жүреді.

E) Бірен-саран адам.



12. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Рас, бұл дұрыс айтады, қателік жоқ.

B) Еңбекпен тапқан бір теңге қымбат.

*C) Сен үйде қаласың ба, әлде киноға барасың ба?

D) Сен оның көзіне көрінбе.

E) Түу, өткен істі сөз қылмашы.



13. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Аралас құрмалас.

*B) Ат төбеліндей.

C) Аузын ашты.

D) Ыстық леп.

E) Ақ шағала.



14. Бірдей сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі

қызметін атқаратын мүше.

A) Айқындауыш мүше .

B) Қосарлы айқындауыш.

C) Жалпылауыш мүше.

*D) Бірыңғай мүше.

E) Оңашаланған айқындауыш.


15. Оңашаланған айқындауыш қатысқан

сөйлемді табыңыз.

A) Қазытай өте орынды ақыл айтты.

*B) Сіздер маған өз халқыңызды, қазақ халқын,

сүюді үйреттіңіздер.

C) Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы –ой.

D) Жалқаулық аздырады; еңбек оздырады.

E) Жұлдыздар сиреп, түн қараңғыланды.



16. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

A) Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.

B) Ойымдағыны айтпақшы едім, ол кетіп қалды.

C) Бүгін жаңа ай туды.

*D) Қазір сабағыңды жақсы оқысаң, ертең «5» аласың.

E) Сабағыңды жаман оқып, мені ұятқа қалдырма.



17. Қыстырма сөзді табыңыз.

A) Мә-ә-ә, онысы не?

B) Тоқтай тұр, бәлем!

C) Оһ, дүние жалған-ай!

D) Күнім-ау, жұлдызың жанайын деп тұр-ау.

*E) Несін айтасың,

біздің бақытымызға орай берілген жан ғой.


18. Ата заңымыз қай стильге жатады, белгілеңіз.

A) Көркем әдебиет.

B) Публицистика.

C) Ғылыми.

D) Ауызекі.

*E) Ресми.



19. Синонимі бар сөйлемді табыңыз.

A) Даңқ үшін, думан үшін қызмет етпе.

B) Сапардың аярлығы Сағиланы жирендірді.

C) Бала қышқыл өрік пен алманы жей алмады.

*D) Біреуді мұқату, кеміту дұрыс емес.

E) Бие үш жыл қысырап, биыл құлындады.



20. Бөлек жазылатын сөзді көрсетіңіз.

*A) Сан ет, ортан қол.

B) Қара күрең, алып сатар.

C) Қызмет ету, қырық аяқ.

D) Он тоғыз,егеу құйрық.

E) Қақ шеке, тоғыз құмалақ (ойын).








Мемлекеттік тілде оқитын

9 сыныпқа арналған Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары

ІІ нұсқа



1. Езулік дауыстылардың саны қанша екенін

белгілеңіз.

*A) 7.

B) 6.


C) 8.

D) 12.


E) 10.



2. Күрделi сын есiмдi белгілеңіз.

A) Аласа.

*B) Сары ала.

C) Сұлу.


D) Сүйкiмдi.

E) Жұмыр.



3. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

A) Сызық, жазық, балтыр.

B) Жазды, бақты, келді.

*C) Жолықты, ұшырасты, кездесті.

D) Тегіс, құйыс, кебенек.

E) Ауылдас, мұңдас, қазық.



4. Көнерген сөзді көрсетіңіз.

A) Лашын.

B) Өрік.

*C) Лашық.

D) Нарық.

E) Арық.



5. Тәуелдік жалғауының әсерінен өзгеріске

ұшырап тұрған сөзді табыңыз.

A) Жолдасы.

*B) Терегім.

C) Қозыңыз.

D) Балықтары.

E) Теңізімен.





6. Сөздердің септеулік шылау арқылы

байланысын көрсетіңіз.

*A) Оқыған соң ұғу.

B) Әр уақытта.

C) Бал арасы.

D) Мұражайға саяхат.

E) Бас киім.


7. Жалаң сөйлемді табыңыз.

A) Біз биыл ерекше табысты болдық.

B) Біздің биылғы табысымыз - көл-көсір.

*C) Біз табысты болдық.

D) Біз биыл табысты болдық.

E) Біз егістен де, малдан да табысты болдық.



8. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

*A) -Адамдар, кім болсаң да, өлгендерге тағзым

ет! - деді ол.

B) ²Россия² мейманханасына кірдім.

C) ²Менің Қазақстаным² тақырыбында шығарма

жазды.


D) Радиодан ²Аққу² күйі берілді.

E) Оның сыйлағаны - ²Ұлпан² романы.



9. Төл сөзге байланысты дұрыс қойылған тыныс

белгіні анықтаңыз.

A) - Мұны мен қайдан көрдім? – деп, ойлады

ұста.


B) Мұны мен қайдан көрдім? – деп ойлады ұста.

C) - Мұны мен қайдан көрдім деп ойлады ұста.

D) “Мұны мен қайдан көрдім,” – деп ойлады

ұста.


*E) “Мұны мен қайдан көрдім?” – деп ойлады

ұста.




10. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

A) Үй асты-үстіне шығып, әлем-тапырық боп

жатыр.

B) Қардың әлем-тапырығын шығарып, боран



түтеп қоя берді.

C) Ортасына ат ойнаған ауыл әлем-тапырық

болды.

*D) Рахметтің кескіні әлем-тапырық екен.



E) Айнала аспаннан топырақ жауғандай

әлем-тапырық .



11. Сөз түрлендіруші жұрнақты табыңыз.

*A) Үйшік.

B) Сенім.

C) Әскер.

D) Бұл.

E) Алабота.





12. Еліктеуіш сөзден жасалған қос сөзді табыңыз.

*A) Шіңк-шіңк.

B) Биік-биік.

C) Әп-әдемі.

D) Аппақ.

E) Алқа-салқа.





13. Қарсылықты салаластың

жалғаулықтарын табыңыз.

A) Және, әрі, да, де.

B) Сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті.

C) Немесе, яки, я, болмаса.

*D) Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда.

E) Бірде, біресе, кейде.




14. Дефис қойылмайтын орынды көрсетіңіз.

A) Реттік сан есімдер цифрмен жазылғанда.

B) Қысқарған сөздер арасы.

*C) Қос сөздер.

D) Қарсы мәнді сөздердің қатар келуі.

E) Екі сөзден тұратын қызмет, дәреже,

атауларды білдіретін сөздер.






15. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді

табыңыз.


A) Бұрын.

B) Бұлбұлша.

C) Ілгері.

*D) Осыншалық.

E) Шалқасынан.


16. Еркін тіркес құрылысының схемасын

анықтаңыз.



Ауызша сөйлесу.

A) Етістік - есім.

*B) Үстеу - тұйық етістік.

C) Есім сөз - етістік.

D) Есім - есім.

E) Зат есім - етістік.



17. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Ұйқың келсе қара жер болар мамық.

B) Бала тәтті ұйқыда жатыр.

C) Мен жалғыз жатып қалдым ұйқы басып.

D) Қалың ел ұйқыда жатыр.

*E) Ана түн ұйқысын төрт бөлді.






18. Атаулы сөйлемді табыңыз.

A) Үйге от жақты.

B) Екі көзі төрт болды.

C) Гүлсараның бойы жылынды.

*D) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.

E) Аппақ қар екпіндеп ұйтқи соқты.



19. Кірме сөзді табыңыз.

A) Мүшелтой.

B) Атқамінер.

*C) Телеграф.

D) Тарамыс.

E) Жал-құйрық.



20. Қайталама қос сөзді табыңыз.

A) Ата-ана.

*B) Биік-биік.

C) Ойын-сауық.

D) Күні-түні.

E) Әке-шеше.




Мемлекеттік тілде оқитын

9 сыныпқа арналған Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары

ІІІ нұсқа




1. Ұяң дауыссыздардың саны қанша екенін

белгілеңіз.

A) 9.

B) 12.


C) 10.

*D) 8.


E) 14.

2. Дара сын есiмдi табыңыз.

A) Тұп-тұнық.

B) Қара күрең.

C) Жақсы-жаман.

D) Сары ала.

*E) Биiк.



3. Сiлтеу есiмдiгiн белгілеңіз.

A) Өзi, кiм.

B) Әлдекiм, әлдебiреу.

C) Мен, сен.

D) Ешкiм, ешқашан.

*E) Бұл, сол.





4. Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.

*A) Ой.


B) Неше?

C) Риза.


D) Сеп-семіз.

E) Елу бес.



5. Синоним сөзді табыңыз.

A) Кейіпкер, қабілет.

B) Ақылгөй, абырой.

C) Әзілқой, әлпештеу.

*D) Ескі, көне.

E) Еріншек, екпінді.



6. Еркін тіркес түрі, белгілеңіз.

Кітаппен жұмыс.

A) Қабысу.

*B) Меңгеру.

C) Жанасу.

D) Матасу.

E) Қиысу.



7. Төл сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

A) "Бұл үйдің жаны нешеу?" - деп сұрады

Итбай.

B) Ақылды қарттан нақыл шығады.



C) Талаптың мініп тұлпарын,

тас қияға өрледің.

D) Ақылды қария жазып қойған хатпен тең.

E) Ол Әбіш туралы естігенін түгел

баяндаған еді.











8. -Қалима ма?

-Үйінде.

Сұрау белгісінің қойылу себебін көрсетіңіз.

*A) Сұраулық шылау.

B) Ша, ше шылауы.

C) Сұрау есімдігі.

D) Көмекші етістік.

E) Интонация.



9. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны

табыңыз.

A) Көрмес - түйені де - көрмес.

B) Көрмес түйені - де көрмес.

*C) Көрмес - түйені де көрмес.

D) Көрмес түйені де көрмес.

E) Көрмес түйені де - көрмес.





10. Жұрнақ арқылы жасалып тұрған зат есімді

табыңыз.


A) Алыстан көрінді.

B) Досқа сену.

*C) Әншіні құрметпен қарсы алдық.

D) Ел көркі – мал.

E) Биік тау.


11. Біріккен зат есімді табыңыз.

A) Колхоз.

B) Сары май.

*C) Белбеу.

D) Ата.

E) Бала-шаға.



12. Жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

*A) Қыз және ұл.

B) Таудан әрі.

C) Өмір-ай.

D) Тірі ме?

E) Жақсылық туралы.



13. Еліктеу сөз тіркесті табыңыз.

A) Қатты жүгірді.

B) Саспай сөйлеу.

C) Пайдасыз ағып жатыр.

*D) Зыр жүгірді.

E) Ілгері жүріп кетті.



14. Бірыңғай бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

A) Ойнақшып, шапқылап аттар кете барды.

*B) Мұнда шай, лимон, мандарин өсіріледі.

C) Қалада тоғыз қабатты, он қабатты

үйлер салынуда.

D) Ол-агроном, ғалым, ақын , прозаик.

E) Жерді екі рет айдап екі рет тырмалайды.


15. Жақты сөйлемді табыңыз.

*A) Қалың қар жауды.

B) Менің келгім келмеді.

C) Менің бұл сөзге қосылғым келмеді.

D) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.

E) Еңбексіз құр жүруге болмайды.



16. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас

құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды.

B) Жазира жұмысқа орналасты,

себебі өзіне ұнаушы еді.

C) Әлкендер төрде отыр,

жастар босағада отыр.

*D) Өлең жазуға ыңғайландым,

бірақ шабытым келмеді.

E) Қалаға ол күн көтерілген соң жетсе де,

қорқынышы тарай қоймады.


17. Тыныс белгісі дұрыс қойылған

қаратпа сөзді табыңыз.

A) Балам-өмірге аралас өмірге!-деді Козлов.

*B) Балам, өмірге аралас, өмірге!-деді Козлов.

C) Балам-өмірге аралас, өмірге!-деді Козлов.

D) Балам: өмірге аралас өмірге!-деді Козлов.

E) Балам өмірге аралас, өмірге!-деді Козлов.


18. Құрмалас сөйлемдер арасына қойылған

тыныс белгілердің қатесін табыңыз.



  1. Салған әні жан-дүниемізді балқытты:

дауысы аса әсем екен.

B) Тептім – терекке шықтым.

*C) Аяғы жоқ, - жүреді,

аузы жоқ, - сөйлейді.

D) Біресе себелеп жаңбыр жауады,

біресе қиыршықтап қар жауады.

E) Күн бұлттанып-ақ тұр еді алайда,

жауа қоймады.



19. Дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен сөз.

A) Жазғы.

B) ТМД.

C) Ақмола.



*D) Биыл.

E) Күзгі.













20. Жалпыға ортақ, бірізділік талабына тән қатарды

белгілеңіз.

A) Ауызекі тіл.

B) Газет - журнал тілі.

*C) Әдеби тіл.

D) Радио тілі.

E) Халықтық тіл.




Мемлекеттік тілде оқитын

9 сыныпқа арналған Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары

ІҮ нұсқа

1. Жалпы есімді табыңыз.

*A) Аспан.

B) Сырдария.

C) Алматы.

D) Гүлнар.

E) Құлагер.






2. Болымды етістікті табыңыз.

A) Тасыма.

*B) Сыз.

C) Барма.

D) Сұрама.

E) Айтпа.



3. Қазақшаға аударылған кірме сөзді көрсетіңіз.

A) Кебеже.

B) Ақа.

*C) Тікұшақ.



D) Хан.

E) Диалект.



4. Жіктік жалғауының екінші жағында сыпайы

түрде тұрған сөзді табыңыз.

A) Әкімге.

B) Әкімсіз.

*C) Әкіммін.

D) Әкімбіз.

E) Әкімдер.





5. Жақша ішіндегі көрсетілгендердің бірге

жазылатынын табыңыз.

A) (Ала) бота.

B) (Ала) орамал.

*C) (Ала) көңіл.

D) (Ала) жаздай.

E) (Ала) көйлек.


6. Қатыстық сын есімді табыңыз.

A) Қап-қара.

B) Жаманырақ.

C) Ашушаң.

*D) Жақсы.

E) Әдемілеу.



7. Қабысуды көрсетіңіз.

A) Ол - азамат.

*B) Шығарма түйіні.

C) Он бес мың.

D) Кітапқа үңіл.

E) Енжар оқушы.



8. Сөйлемнің қандай түрі, белгілеңіз.

Ол құлап қала жаздады.

A) Жайылма.

*B) Жақты.

C) Жақсыз.

D) Атаулы.

E) Құрмалас.







9. Мекен үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

A) Биыл алды.

B) Осыншама ауыр.

C) Көңілсіз сөйледі.

*D) Төмен түсті.

E) Әдейі айттым.



10. Қарсылық мәнді жалғаулықты табыңыз.

A) Мен, бен.

B) Сондықтан, өйткені.

*C) Дегенмен, сөйтсе де.

D) Өйткені, себебі.

E) Егер, егер де.



11. Біздің келешегіміз.

Байланысу тәсілін анықтаңыз.

A) Орын тәртібі.

*B) Ілік септік, тәуелдік жалғау.

C) Ілік септік, жіктік жалғау.

D) Шылаулы сөз.

E) Күрделі зат есім.


12. Қосымша арқылы байланысқан сөз тіркесін

табыңыз.


A) Кең дала.

B) Мектепке дейін жүгіру.

C) Бүгін келді.

D) Көпір арқылы өту.

*E) Колхоздың бас агрономы.


13. Айқындауыш мүше қатысып тұрған

сөйлемді табыңыз.

A) Сәлем-сауқаты жөн болды.

B) Сәуле де, Болат та бұл уақиғадан

хабарсыз еді.

C) Қонақтар біраз отырған соң, үй иесі

қымыз алдырды.

*D) Уақыт біз үшін, еңбек адамдары үшін,

қызмет етеді.

E) Олар Жамбылға, Динаға сәлем бере

келіпті.


14. Кезектес салалас сөйлемді табыңыз.

A) Клубта кейде кино болады, кейде

қызықты баяндамалар оқылады.

B) Түнгі кезекте болғандықтан, шаршап та

отырмын.

C) Онымен әр кеңескен сайын әр түрлі

жаңалықтар естимін.

D) Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін

көрсете алмай жүр.

*E) Экологияны сақтайық, соған ат

салысайық.


15. -Әке, сенгеніңізге рахмет!

Сызықшаның қойылу себебін көрсетіңіз.

A) Қаратпа сөз.

*B) Диалог.

C) Оқшау сөз.

D) Бастауыш.

E) Төл сөз.


16. Одағай сөзді табыңыз

A) Ол бір сырлы, сегіз қырлы жігіт еді.

B) Жуас екенсің, қорқағым.

C) Қанат, Талғат, бері келіңдер.

*D) Уа, шіркін, ән деп осыны айт!

E) Келіңдер, кел от жағуға.



17. Үтірдің қойылу себебін белгілеңіз.

Бұл үйден ешкіні, лақты, шыбышты,

тушаны - бәрін көруге болады.

A) Қыстырма сөз.

B) Оқшау сөз.

C) Құрмалас сөйлем.

D) Айқындауыш.

*E) Бірыңғай толықтауыш.



18. Тырнақшаның қойылу себебі, дұрысын

белгілеңіз.



«Еңбегімнің жемісін көрсем», -деп

армандаймын.

A) «Айтылмаған», айтуға оқталған сөзі.

B) Мәтелдер.

*C) Төл сөз.

D) Дәйексөз.

E) Диалог.





19. Сан есімнің емле ережесіне сай жазылғанын

көрсетіңіз.

A) 1918-інші жыл.

B) 1918-інші-жыл.

C) 1918 – жыл.

D) 1918-ші жыл.

*E) 1918 жыл.


20. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

*A) Қазақстанды, қысқасы, гүлденген елге

айналдырайық.

B) Уа, қой деймін!

C) Ой, айналайын-ай!

D) Жан серігім-домбырам!

E) Құлыным, қашан кетіп қалар екенсің?




Мемлекеттік тілде оқитын

9 сыныпқа арналған Қазақ тілі пәнінен тест

тапсырмалары

Ү нұсқа

1. Ашық, қысаң дауысты дыбыстар қалай

жасалатынын анықтаңыз.

A) Езудің қатысына қарай.

B) Тілдің қатысына қарай.

*C) Жақтың қатысына қарай.

D) Салдардың қатысына қарай.

E) Еріннің қатысына қарай.



2. Бірыңғай ашық буынды сөзді көрсетіңіз.

A) Жауын.

B) Орман.

C) Дәптер.

D) Мектеп.

*E) Алаша.





3. Жiктеу есiмдiгiн көрсетіңіз.

A) Өз, өзі.

B) Кiм, не.

*C) Мен, сен.

D) Бәрi, барлық.

E) Бұл, осы.



4. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын табыңыз.

*A) -ма, -ме.

B) -дап, -деп.

C) -ыншы, -інші.

D) -лар ,-лер.

E) -ған,-ген.



5. Синоним сөздердің тізбегін табыңыз.

A) Хабар, ұсыныс.

B) Көтерем, семіз.

C) Үй, жиһаз.

*D) Болашақ, келешек.

E) Ел, жер.



6. Сөздердің қосымша арқылы байланысын

көрсетіңіз.

A) Соңғы тәсіл.

B) Отыз шамалы кісі.

*C) Әбдірахманның әкесі.

D) Ерекше мінез.

E) Жалт-жұлт етті.








7. Әр түрлі мағынаға ие бола алатын одағайды

көрсетіңіз.

*A) Әттеген-ай.

B) Бәрекелді.

C) Тәйт.

D) Алақай.

E) Пар-пар.


8. Қойылмаған тыныс белгісін көрсетіңіз.

Алынған заттар орындық, тақта, стол сынып

бөлмесіне сән бергендей.

*A) Сызықша.

B) Көп нүкте.

C) Нүктелі үтір.

D) Қос нүкте.

E) Нүкте.



9. Тыныс белгісі дұрыс қойылған орынды көрсетіңіз.

*A) «Сөйлемді сауатты құрастырған жөн» - деді

мұғалім.

B) «Сөйлемді сауатты құрастырған жөн,» - деді

мұғалім.

C) «Сөйлемді сауатты, құрастырған жөн,» - деді

мұғалім.

D) Сөйлемді сауатты; құрастырған жөн деді

мұғалім.

E) Сөйлемді сауатты: құрастырған жөн, - деді

мұғалім!


10. Анықтама қай стильге жатады, табыңыз.

A) Ауызекі стиль.

B) Іс-қағаздар.

C) Публицистика.

*D) Ресми.

E) Көркем әдебиет.








11. Туынды үстеуді табыңыз.

*A) Осыншама, соншалық.

B) Бұрындау, төмен.

C) Бұрынырақ, бері.

D) Жоғары, төмен.

E) Биыл.





12. Сөз тіркесіндегі фразеологизмді табыңыз.

A) Тісті тазарту.

*B) Тісін қайрау.

C) Тіс салу.

D) Тісті жұлу.

E) Алысқа кету.



13. Мезгіл пысықтауышты табыңыз.

*A) Көптен бері сырласамыз.

B) Сылқ-сылқ күлді.

C) Дала жайқалып тұр.

D) Қалада оқиды.

E) Көңілді кеш болды.



14. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.

A) Біз де Адай, Табын руларындай

болуымыз керек.

B) Сүйеу аттың басын тежеп қойды.

*C) Маратқа айтпау керек.

D) Тәңіберген де бұл жолы үндемеді.

E) Келіншектің басы иіліп барады.


15. Қарсылықты салаласты табыңыз.

*A) Өз жігіттеріме көзім түсіп еді,

барлығының жүзінен әзірлікті көрдім.

B) Біздің селомыз үлкен.

C) Мал етінің асылдануы сондай - майы аузыңа салдырмайды.

D) Мұхит пен Кенбай айғайласа сөйлеседі,

себебі шамалы дауысты Көкдолы бұрқағы

есіттірер емес.

E) Байбосыновтың жүзінде әжімнен сау жер

жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.



16. Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Бас болмақ оңай, – бастамақ қиын.

B) Абай өз ішінен : “Сүйіндік ауылы сыртқа

кетіп қалады, жеткізбей ұзап кетеді-ау,”-

деп тынышсызданып еді.

C) Біздің заманымызда не көп, сан түрлі

таңғажайып мамандық көп.

D) Семейдің губернаторы осы жолы

Қарамолаға келуі керек.

*E) Базаралы жиылған қауымға Тінекең

ауылына барғандығын, онда тыныштық

екендігін айтты.



17. Тырнақша не үшін қойылған, дұрысын

белгілеңіз.



²Қалауын тапса, қар жанар² деген мақал –

Үлкен философия.

A) Төл сөз.

B) Объект етіп алынған сөз.

C) Диалог.

D) Дәйексөз.

*E) Объекті етіп алынған мақал.





18. Біріккен сөздегі кейінді ықпалды табыңыз.

A) Далада дамылдай алмады.

B) Біжікен мұның ешбірін айтпады.

C) Дүние жасыл нұрға бөленген.

*D) Сарөзекте нағашысы тұрады.

E) Байдәулеттің басына бақыт қонды.



19. Емле ережесіне сай жазылғанын көрсетіңіз.

*A) 20-30-дай.

B) 7 сынып.

C) 20-30дай.

D) 100ге таман.

E) 25-қыркүйек.



20. Сөйлемде қолданылған оқшау сөздің түрін

табыңыз.


Маған, ең алдымен, орыс поселкесінің

көше-көше боп орнауы ұнады.

A) Одағай сөз.

B) Қаратпа сөз.

C) Төл сөз.

*D) Қыстырма сөз.

E) Төлеу сөз.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет