Мен және менің мотивациям



Дата07.02.2022
өлшемі13,34 Kb.
#97674
Байланысты:
Мен және менің мотивациям


Мен және менің мотивациям
Мен журналистика мамандығының студентімін. Міне, осы мамандыққа түсу үшін маған үлкен мотивация қажет болды. Ең алдымен, маған мотивация не үшін, қандай жетістік не дүние үшін қажет дегенге сауалға өзім жауап бере кетсем. Менің жеткен жетістігім нәтижелі болса және мен оған шын мәнінде жан дүниеммен қуанып, шынайы бақытты сезіне білсем. Мен өз-өзіме мотивация беру арқылы бала кезден арман етіп, алдыма айқын мақсат қою арқылы, оны әр күн сайын қағаз бетіне түсіріп, арман еткен мамандық жайлы жазуымызды сұраған әр мұғалімнің беп-белгілі, ап-айқын түрде жазулы тұрған шығармасында көрініс табатын. Кезіндегі балалық қиял-арманым өзіме берген мотивация мен өжеттіліктің арқасында нақты мақсат қойып, қазіргі таңда, болашақта тәтті жемісін көрер табысты мамандығыма айналып отыр. Осылайша, алдағы уақытта кез келген қалауыма, өзімнің биік шыңыма жете аламын деп есептеймін.
Мотивацияны өзгеден іздеу қателік. Өзгеге қарап бой түзегенше, өзіңе қарап ой түзеген абзалырақ болар. Яғни, сен өзгенің кемшіліксіз бейнесіне көзің талғанша қарап, соған ұқсауға тырысқаныңмен, одан сенің тек сыртқы болмысың және сол сәтте байқалған жақсы мінезін ғана алуың мүмкін. Әрине, оның өзі уақытша! Ары кетсе бірер минут не бірер сағат ұқсап бағуың мүмкін. Ал, ішкі жан-дүниеңмен сезіне отырып, өзіңді-өзің қолға алып, өзіңе-өзің мотивация бола аларлықтай күшті, төзімді, қайратты болу бұл - басқаша сезім. Әр адам өз еңбегінің ғана нәтижесіне қол жеткізе алады. Әрине, өзіңді-өзің қайраттап, алға ұмтылып, құлшыныс беру оңай іс емес!
Сол себепті, кез келген іске асқан сабырлық пен төзімділік таныту арқылы рухани тұрғыда толықтай сенім білдіруіміз қажет.
Мотивация жоқ болса, нәтиже де жоқ! Нәтижең неғұрлым асқақ болған сайын, өзіңе берер мотивацияң соғұрлым күштірек болуы тиіс. Не өз еңбегіңнің адал жемісін жейсің, не өзгенің қатты таяғын жейсің!
Жалпы, бұл тақырыпта мен не жазсам болады деп ұзақ ойландым?! Нәтижесінде, өзіме не бере алдым деген сауалға жауап беру арқылы жазуды ойға алдым.
Мен өзімді осылай шыңдау, құлшыныс беру арқылы мотивация алып, сәтті қадамдарға жол бастап келемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет